Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Апробациялық оқыту жобасы
Wednesday, 03 June 2020 09:33

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Орал қаласының білім беру бөлімімен біріккен «Қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқу процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы апробациялық оқыту жобасын қолға алды.

1-15 маусым аралығында өтіп жатырған қашықтық курсына №42 «Ақ ниет» гимназиясы, №38 МГ, Д.Қонаев атындағы №44 МГ, №46, 16, 20 ЖББОМ пән мұғалімдері мен қалалық білім беру бөлімі әдіскерлері, жалпы 20 қатысушы қамтылды.

Курстың мақсаты: қашықтықтан білім технологиялары арқылы оқу процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру.

40 сағаттық курс бағдарламасы бойынша қатысушылар заманауи білім беруді дамытудың психологиялық-педагогикалық және нормативтік аспектілері, қашықтықтан оқыту мазмұны, әдістері мен формалары, қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің жұмыс жасау дағдылары мен IT-құзырлылығын дамыту модульдері бойынша біліктіліктерін жетілдіреді. Сонымен қатар мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға қажетті интернет-платформаларын қолдану әдістемесін, Smart-құрылғысы қосымшасымен жұмыс жасау технологиясын, программалық құралдар арқылы цифрлық білім ресурстарын құру, т.б. бойынша тәжірибе жинақтайды. Курс соңында интернет-платформалар негізінде құрылған сабақ жоспарын қорғау жүргізіледі.

Апробациялық жобаға қатысуға белсенділік танытқан курс қатысушыларына сәттілік тілейміз!

 

Comments 

 
0 #1 Хайруллина Айгуль 2020-06-16 13:49 Біліктілікті арттыру курсы бағдарламасын апробациядан өткізу жұмысының нәтижелі болғаның, тыңдаушылардың сайтқа жазған кері байланыстарынан көріге болады.Рахмет! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.