Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты
Wednesday, 10 June 2020 19:44

Бүгін Орал-«Өрлеу» институтының ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы Алина Абишева Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қашықтықтан ұйымдастырған «Ғылым мен білімнің интеграциясы: мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға қатысты.

Конференция  мақсаты: ғылыми-білім беру интеграциясының дамуына ықпал ету; білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, қазақстандық білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Аталған конференцияда Алина Мұратқызы курстан кейінгі қолдау аясында №25 жалпы білім беретін орта мектептің  химия пәні мұғалімі Самал Лұқпановамен бірлесіп, «Химия және жаратылыстану пәнін терең меңгеруде білім беру порталдарының артықшылықтары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына тоқталып, ақпараттық технологияны меңгерудің қажеттілігін нақтылап берді. Ақпараттандыру жағдайында білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернет, электрондық оқулықтар, білім беру порталдарының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға болатынын, BilimLand білім беру порталының мүмкіндігі мен артықшылығын тәжірибемен байланыстыра отырып, технологиялық мүмкіндіктер баршаға қолжетімді, сапалы білімге жол ашатынына көз жеткізді.

 

Comments 

 
0 #1 Хайруллина Айгуль 2020-06-16 13:46 Қашықтықтан оқыту жағдайында Цифрлық Қазақстан бағдарламасының өзектілігі артып отыр. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.