Вебинар өтті |
Wednesday, 24 June 2020 16:56 |
Ағымдағы жылдың 24 маусым күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Тарих сабақтарын түрлі интернет платформалар қолдану арқылы жобалау» тақырыбында облыстық онлайн вебинар өткізді. Қашықтықтан оқытуда мұғалімдерді әдістемелік қолдау, үздік тәжірибемен бөлісуді мақсат еткен вебинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиал қызметкерлері, пән мұғалімдері қатысты. Вебинарда Орал «Өрлеу» институты аға оқытушысы Гүлдана Таскалиева, IT маманы Самат Шагиров және Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Гулназ Каюбалиева, №42 «Ақ ниет» МГ тарих пәні мұғалімі Назекет Сатдыкова,№ 47 ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Жадыра Неғмет сөз алды. Оралдағы «Өрлеу» институтының ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлдана Ерсайынқызы ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында институт жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдеріне арналған тегін "Қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқу процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру" тақырыбында курс ұйымдастырылғанын, аталған курстың белсенді қатысушылары педагог зерттеуші Н.Н.Сатдыкова мен педагог- сарапшы Г.Т.Каюбалиева курс барысында меңгерген білім, білік, дағдыларын осы вебинар барысында көрсетіп, іс'- тәжірибелерімен бөлісетіндігі жөнінде баяндады. Шара барысында ұстаздар «Тарих сабақтарында білімді бақылау мен тексеру үшін Google-құжат, Padlet.com көпфункционалдық қосымшаларын қолдану технологиясы», «Learning apps org программалық құралы арқылы тапсырмалар құрастыру», «Онлайн сабақтарды өткізу үшін «YouTube» платформасын қолдану технологиясы» тақырыбына тоқталып, іс – тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын айтты. |
Comments