Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс ұйымдастырылды
Wednesday, 08 July 2020 14:34

Ағымдағы жылдың 22.06-03.07 аралығында Орал «Өрлеу» институтында шағын жинақталған  мектеп мұғалімдері үшін курс ұйымдастырылды. Курс кураторы, әрі лекторы Зулкашева Шынар Мулкайевна.

Ағымдағы жылдың 22.06-03.07 аралығында Орал «Өрлеу» институтында шағын жинақталған  мектеп мұғалімдері үшін курс ұйымдастырылды. Курс кураторы, әрі лекторы Зулкашева Шынар Мулкайевна.

Курс мақсаты:  Шағын жинақты мектептерде оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту. Курста «Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі», «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», «Қазақстан Республикасында ШЖМ дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы», «Педагог мәртебесі туралы» заңы, «Шағын жинақты мектептерде біріктірілген сынып комплектілерінде білім алушылардың өзіндік танымдық қызметін ұйымдастыруда белсенді оқыту әдістерін қолдану», «Дау дамай» т.б тақырыптарында өтті.

Осы орайда курс тыңдаушысы Жәнібек ауданы Борсы ауылы Ғ. Қараш атындағы ЖОББМ директоры С.Г. Гимранова мен аталған мектеп директоры орынбасары  Т.Ж.Зулкарнаева шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне арналған курстың өте жоғары деңгейде өткендігін, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру мақсатында шағын жинақты мектептерге үлкен көңіл бөлініп, қамқорлық жасалып жатқандығын айтып өтті.

Курс барысында  алдымен барлық курс тыңдаушылары үшін ортақ топ ережесі таныстырылып,  күнделікті сабақтың сілтемесі  чатқа  салынып тұрды.

Курста мұғалімдер бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесіп, үнемі талқылап отырды.  Екі апта курс барысында ұстаздар жаңа технологиялармен танысып, ұйымдастырылған курсты болашақта практикада қолданатындықтарын айтып, маңызды да қажетті дәріс оқыған тәжірибелі, білікті аға оқытушы Зулкашева Шынар Мулкайевнаға шексіз алғыстарын білдірді.

Сонымен бірге курс тыңдаушылары шағын жинақты мектепте оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруда аға оқытушылар Ш.Зулкашева, Қ.Шамуратова, Б.Габдрахманова, С. Файзуллина сынды курс лекторларының дәрістері жоғары деңгейде өткендігін жеткізді. Курс тыңдаушылары әрбір лектордың сабағы әлеуметтік желі арқылы жүргізіліп, курс дәрістері қазіргі жағдайға байланысты қашықтықтан жүзеге асырылса да, әрбір сабақты асыға күтіп, қызығушылықпен тыңдағандарын риясыз көңілдерімен айтып өтті.

 

Comments 

 
0 #2 Байкатова Кумыс 2020-07-09 10:50 ШЖМ педагогтеріне арналған курс өте жоғары деңгейде өтті. Шынар Мулкайевна берген сабақтарына қатысып өзім үшін керемет тәжірибе жинақтадым. Әр сабағы қызықты, қажетті мәліметке толы болды. Интербелсенді әдіс арқылы тыңдаушылармен кері байланыс орнатып отырды. Білікті де білімді әріптесіме Шығармашылық табыс тілеймін! Quote
 
 
0 #1 Байкатова Кумыс 2020-07-09 10:48 ШЖМ педагогтеріне арналған курс өте жоғары деңгейде өтті. Шынар Мулкайевна берген сабақтарына қатысып өзім үшін керемет тәжірибе жинақтадым. Әр сабағы қызықты, қажетті мәліметке толы болды. Интербелсенді әдіс арқылы тыңдаушылармен кері байланыс орнатып отырды. Білікті де білімді әріптесіме Шығармашылық табыс тілеймін! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.