Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Республикалық оқыту семинары өтті
Friday, 24 July 2020 15:57

Ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Қараев Жаумбай Амантұрлыұлының бастамасымен «Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында республикалық оқыту семинары өтті.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Қараев Жаумбай Амантұрлыұлының бастамасымен «Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында республикалық оқыту семинары өтті.

Оқыту семинары модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «БҚО ПҚБАИ» директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин семинардың мақсат, міндеттерімен таныстырып өтті.

Бұдан әрі шарада алғы сөз алған оқу бөлімінің басшысы Жарас Мурзамадиев семинар жұмысына сәттілік тілеп, ұйымдастыруға атсалысқан Оралдың «Өрлеуі» ұжымына алғысын білдірді.

Семинар барысында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Сауле Мұхамбетжанова «Қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқу процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру»  білім беру бағдарламасының мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелеріне, бағдарламадағы оқыту  модульдеріне тоқталды.

Өз кезегінде сөз алған Елдос Набиоллаұлы ZOOM платформасының үш түрлі артықшылығын тәжірибеде көрсетіп, платформа арқылы сауалнама жүргізіп, қатысушыларды сессиялық залдарға бөліп, талдау жұмыстарын жүргізді.

Қашықтықтан өткізілген шарада ББПППС кафедрасының аға оқытушысы Шынаргүл Арыстанова «Learning Apps.org білім беру платформасы» тақырыбында баяндама жасап, білім беру қосымшасының ерекшелігі мен мүмкіндіктерін нақтылап, тәжірибеде көрсетіп берсе, аталған кафедраның аға оқытушысы Күміс Байкатова «Classtools конструктор универсальных дидактических игр» тақырыбындағы баяндамасында білім беру қосымшасын қолдану жолдарын, ойын арқылы білім берудің тиімді тұстарын тәжірибеде көрсетті. ББПППС кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Өтеғұл «Google Jamboard» қосымшасын топтық, жұптық, жобалау жұмыстарына пайдаланудың қолайлы екенін айта келе, қатысушыларды тәжірибеде қолданып көруге жұмылдырды. Сонымен қатар ББПППС кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Динара Жұмағалиева бағдарламадағы 3 модуль бойынша қашықтықтан оқытудың мазмұны, әдістері мен формалары туралы айтып өтті.

Оқыту семинары соңындағы кері байланыста қатысушылар ұйымдастырылған шараға оң баға берді.

 

Comments 

 
0 #1 Гүлдана 2020-07-27 10:15 Қайырлы күн! Республикалық семинар жұмысы сәтті өтті. Әріптестеріміз Елдос Набиоллаұлы, Шынаргуль Умбеткалиевна, Кумис Ильяовна, Динара Шынболатовна оқыту үрдісінде түрлі интернет платформаларды қолдану бойынша білім, білік, құзыреттілігін көрсетіп, қатысушылардың ризашылықтарына бөленді. БҚО ПҚБАИ құрастырған қашықтықтан оқыту курстары республика көлемінде сәтті жүзеге асырылады деп сенеміз! Сәттілік тілейміз! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.