Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар өтті
Tuesday, 18 August 2020 17:58

18 тамыз күні Орал-«Өрлеу» институтында «Ата-аналар мен оқушыларға арналған қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ережелері» тақырыбында вебинар өтті.

Қашықтықтан оқытуға байланысты мәселелерді ұйымдастыру, қашықтық жағдайында мектеп пен отбасы қарым-қатынасына қолдау көрсету шарасы ZOOM және YouTube платформаларында өткізіліп, қазақ тілінде өткен шараға 3150, орыс тілінде өткен шараға 1289 ата-ана мен оқушы қатысты.

Мақсаты: ата-аналар мен оқушыларға қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін түсіндіру.

Шара модераторы институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин алғы сөз алып, вебинар мақсаты мен барысын таныстырып өтті.

Вебинар барысында Білім беру процесін психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушылары, педагог-психологтер Құралай Шамұратова мен Сәуле Файзуллина ата-аналарға арналған қашықтықтан оқытуды  ұйымдастыру ережелерін таныстырып өтті.

Ата-аналарға қашықтықтан оқыту кезінде оқушының жұмыс орнын және күн тәртібін ұйымдастыру, компьютермен және интернет желісімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, кіші, орта, жоғары сынып оқушыларына қашықтықтан оқу барысында қолдау көрсету, психологиялық сүйемелдеу бойынша кеңестер берілді. Интернет желісінде балалардың жұмысын ата-аналар тарапынан бақылау қажеттігі ескертіліп,  ережелері ұсынылды. Сөз соңында спикерлер сұрақ-жауап, ереже жасау тапсырмаларын беру арқылы ата-аналармен кері байланыс жасады.

Оқушыларға арналған қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ережелерімен аталған кафедраның аға оқытушылары  Бибігүл Габдрахманова мен Сән Абитова таныстырып өтті. Қашықтықтан оқыту жөніндегі балаларға арналған жадынама бойынша оқушыларға күнделікті күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, интернетте жұмыс істеу және гигиена ережелерін сақтау керектігін еске салды.  Әрбір бейнесабақтан кейінгі сергіту жаттығуларының денсаулыққа пайдалы екенін баса айтып, қатысып отырған оқушыларға көзге арналған сергіту жаттығуларын бірге жасап көруді ұсынды.

Шара соңында ZOOM-ның сессиялық залындағы қатысушылармен «Ақиқат және жалған» сауалнамасы өткізіліп, шара барысындағы негізгі ақпарат нақтыланды.

Вебинар қорытындысында «Еркін микрофон» арқылы кері байланыс жасалып, ата-аналар шараны жүйелі ұйымдастырған ұжымға алғыстарын білдірді және жаңа оқу жылы қарсаңында қашықтықтан оқыту шеңберінде нақты ақпарат алғандарын жеткізді.

 

Comments 

 
0 #2 Рауан Бақытқызы 2020-08-28 12:44 Оқу жылы қарсаңында ата-аналар үшін күрделі мәселелер көп, психологиялық тұрғыда баланы қолдау, оқуға уәждеу сияқты сұрақтарға жауап алу үшін әлеуметтік желіде ақпарат көп десек те оны қабылдау, таразылау кейде оңай болмай жатады. Өрлеу тренерлері өткізген вебинарда ата-аналарға осы бағытта тамаша кеңестер берілді деп ойлаймын. Quote
 
 
0 #1 Дуйсекова 2020-08-20 16:41 Ата -ана ретінде мол мәлімет алдым. Ұйымдастырушыла рға рахмет! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.