Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар өтті
Wednesday, 19 August 2020 18:04

Орал - «Өрлеу» институтында 19 тамыз күні «Орта білім беру педагогтеріне арналған қашықтықтан оқытылатын сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі»  вебинар өтті.

Екі тілде өткен  орта білім беру педагогтеріне арналған вебинар жұмысы on-line режимінде тікелей трансляцияда ZOOM және YouTube платформаларында өткізіліп, жалпы саны мыңнан астам педагог қатысты.

Мақсаты: цифрлық ортада мұғалімдердің дағдысын дамыту, мұғалімдерді қашықтықтан оқыту әдістемесімен таныстыру.

Вебинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» директоры Софья Измуханбетова қатысып, вебинар мақсатын таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, шара модераторы Елдос Сафуллин қатысушыларды ұйымдастырып, вебинардың барысын таныстырып өтті.

Вебинар жұмысында Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушылары, деңгейлік бағдарламалар тренерлері Құралай Шамұратова мен Сәуле Файзуллина «Қашықтықтан оқытылатын сабақты ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын талаптар», 2020-2021 оқу жылының І тоқсанында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, қашықтықтан оқыту кезінде педагогтерге қойылатын талаптар, сабақ мазмұнына қойылатын техникалық талаптар, қашықтықтан оқытылатын сабақ және олардың түрлері туралы қадам-қадамға бөліп, түсіндіріп өтті. Аталған кафедраның аға оқытушысы Бибігүл Габдрахманова  «Қашықтан оқытылатын сабақты жобалау»  жөнінде кеңінен тоқталып, қашықтықтан сабақты ұйымдастырудың формасы, оқытылатын сабақты әзірлеу алгоритмі жөнінде жүйелі айтып өтті. Сонымен қатар шарада өзіндік жұмыс, қалыптастырушы, жиынтық бағалау жайында айтылып, қашықтықтан оқыту жөніндегі күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, компьютерлік жұмыс жасау кезіндегі санитарлық, гигиеналық талаптарды ұстану, интернетте жұмыс істеу және гигиена ережелері туралы айтылды.     Шара барысында Елдос Набиоллаұлы  ZOOM-ның сессиялық залындағы қатысушылармен қашықтықтан оқытудың платформасы және қойылатын талаптар жөнінде алты сұрақтан тұратын  «Ақиқат және жалған» сауалнамасын ұйымдастырып, пікір алмасты.

Вебинар соңында «Еркін микрофон» арқылы қатысушылар «Өрлеу»  ұжымына алғыстарын білдіре отырып,  қашықтықтан оқыту шеңберінде мазмұнды ақпарат алғандарын жеткізді

 

Comments 

 
0 #2 Рауан Бақытқызы 2020-08-28 12:40 Жаңа оқужылы қарсаңында білім саласына қатысты мекемелер оқу жылының ерекшелігіне байланысты ата-ана, оқушы, ұстаздарға түсінік жұмыстарын жүргізіп, қолдау көрсетуде. "Өрлеу" ҰБАО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ" өз кезегінде пайдалы вебинар өткізді. Қатысушылар өте көп болуы, ұжымға деген қоғамныі сенімін көрсетеді. Рақмет! Quote
 
 
0 #1 Дуйсекова 2020-08-20 16:39 Вебинар барысында педагогтертолға ндырған сұрақтарға жауап алды. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.