Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Орал қаласы педагогтерінің тамыз кеңесі» өтті
Thursday, 27 August 2020 19:45

27 тамыз күні «Ақжайық» телеарнасының тікелей эфирінде «Орал қаласы педагогтерінің тамыз кеңесі» өтті.

27 тамыз күні «Ақжайық» телеарнасының тікелей эфирінде «Орал қаласы педагогтерінің тамыз кеңесі» өтті.

Кеңеске Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, "Bilim media group" бірлестігінің басқарушы директоры Нартай Әшім,  Оралдағы физика-математикалық бағыттағы НЗМ директоры Айдарбек Айтпукешев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин қатысты.

Эфир барысында еліміздің болашағы – бәсекеге қабілетті тұлға даярлаудағы ұстаздардың атқарып жатырған қажырлы еңбектері атап өтілді. Сонымен қатар қала әкімі тарапынан білім саласына жасалынған қолдау, жаңа оқу жылына дайындық барысы, қашықтықтан білім берудегі тиімді платформалар, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі туралы сөз қозғалды.

Тамыз кеңесіне спикер ретінде қатысқан Елдос Набиоллаұлы педагогтердің кәсіби өсуі білім сапасы артуының кепілі екендігін айта келе, қашықтық технологияларын Гүлнас Ахметова, Жауынбай Қараевтың бастамасымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» 2012 жылдан бері зерттеп келе жатырғандығына тоқталды. Соның ішінде Орал-«Өрлеу» институты «Смарт технологиялар» тақырыбын таңдап алып, тиімділігін мұғалімдерге үндеуде екендігін жеткізді.

Жаңа оқу жылына дайындық барысында Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен 17 филиал І-ІІ тоқсандағы бейнесабақтар контентін дайындап шыққанын, бұған тәжірибелі облыс педагогтері үлкен үлес қосқанын баса айтты. Осы орайда, Облыстық білім басқармасына қолдау білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, жаңа оқу жылында педагогтерге сәттілік тіледі.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.