Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Tuesday, 01 September 2020 18:49

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

Жолдауда ҚР Президенті білімнің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы, мемлекет басқарудың тиімділігін арттыру, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, шағын және орта бизнесті дамыту, экономикалық даму, ауылшаруашылық сапасын арттыру сияқты бірқатар бастамаларды көтерді.

Мемлекет басшысы  ұлттық бәсекелестікке қол жеткізуде цифрландыру ісі реформалардың басты тетігіне айналатынын айтып,  азаматтардың сауаттылығы мен олардың цифрлық білімдерін арттыру мақсатында үкіметке үздіксіз  білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Ел Президентінің пікірінше, басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындары мен халықтың табысын сақтап қалу, халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.

Қасым-Жомарт Тоқаев  «Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз», - дегеніндей, алда бірлесіп атқаратын істер күтіп тұр. Ендеше, еліміз аман, жұртымыз тыныш болуы үшін бірлікте қызмет атқарайық.

https://youtu.be/7Adm9QisOFY

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.