Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Байқау ережесі таныстырылды
Thursday, 05 November 2020 07:53

Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Оралдың «Өрлеуінде» әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі  бас маман Гаухар Дүйсекова «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» айлығы аясында қызметкерлердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтауы бойынша ұйымдастырылған «Айдың үздік қызметкері» байқауының ережесімен таныстырып өтті.

Байқаудың мақсаты: қызметкерлердің мансаптық өсуін ынталандыру, олардың кәсіби белсенділіктерін арттыру, білікті, бастамашыл қызметкерлерді қоғамның кадрлық резервіне қосу.

Байқау ережесі бойынша әр айдың үздік қызметкері анықталып отырады. Кандидатураларды іріктеу ұсынылған критерийлерге сәйкес жүргізіледі. Оның ішінде ішкі нормативтік құжаттар,  ішкі еңбек тәртібі, жемқорлыққа қарсы стандарт, қызметтік этика қағидаларын білуі ескеріледі. Ұжым үшін түрлі шараларды ұйымдастыруы, еңбекке жарамсыздық фактілерінің болмауы шарт.  Ай соңында үздік қызметкер туралы мәлімет филиал сайтында орналастырылып,  комиссия шешімімен марапатталады.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.