Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«100 нақты қадам» бағдарламасы аясында басқосу болды
Thursday, 12 November 2020 10:34

11 қараша  күні Оралдағы «Өрлеу» институтында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында басқосу болды.

Шарада институт директоры, «Өрлеу»  бастауыш партия ұйымының төрайымы Софья Измуханбетова сөз алып, Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды саралап, пікірін білдірді. Соның ішінде 3-қадамдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру, 12-қадамдағы жаңа этикалық ережелерді енгізу, мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау, этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу туралы нақты атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар білім саласына қатысты 76, 77, 78-қадамдардағы  12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту, жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейтуге байланысты өзгерістерді баса айтты.

Жиында сөз алған Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Джумагалиева Гүлбаршын  қазіргі таңда халқымыздың мүд¬десін, қажеттілігін қанағаттандыратын Ұлт жоспарының басым бағыттары жүзеге асырылып келе жатқандығын айта келіп, жегі құртқа айналған жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында «Жемқорлық біз үшін емес!» акциясы  аясында институтта жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Институттың PR, SMM -мамандары Толқын Закарияқызы мен Алмагүл Өтешқызы «100 нақты қадам» мемлекеттілігімізді нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын темірқазық екенін айта келіп, өз пікірлерімен бөлісті.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.