Үздік педагогтер эстафетасы |
Saturday, 28 November 2020 09:14 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ және Білім басқармалары ұйымдастыруымен виртуалды білім беру бағытында еліміздің үздік педагогтерінің цифрлық сабақтарды әзірлеу эстафетасы өтуде. Эстафета аясында барлық пәндер бойынша ІІІ-ІV тоқсан бағдарламасына сәйкес бейнесабақтар дайындау жалғасуда. Эстафетаның мақсаты – заманауи озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, үздік авторлық тәжірибені көрсету, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін және аймақтарда педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Эстафетаға республиканың жалпы және орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады және қатысушы сертификатын алады. Байқау нәтижесінде дайындалған бейнесабақтары Білім басқармалары мен бөлімдері және «Өрлеу» БАҰО» АҚ сайттарында «Үздік мұғалім» айдарымен орналастырылады. |
Comments
Скажите, пожалуйста, а где найти эту рубрику «Үздік мұғалім» на нашем сайте? Quote