Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық вебинар ұйымдастырылды
Wednesday, 23 December 2020 19:16

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сәйкес 2020 жылдың 23 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» негізіндегі гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырылды.

Вебинардың мақсаты: Білім беру саласындағы педагогтер мен мамандардың «Рухани жаңғыру» негізінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы гендерлік тәрбиені жүзеге асыру құзыреттіліктерін арттыру болды. Мақсатқа сәйкес вебинар жұмысы «Рухани жаңғыру» негізінде жеке тұлғаны гендерлік тәрбиелеудің маңызы; Жеке тұлғаның гендерлік әлеуметтенуінің негізі ретіндегі отбасы институтының рөлі; Қашықтықтан оқытуда денсаулық пен қауіпсіздікті сақтаудағы гендерлік тәрбиенің ерекшеліктері бағыттары бойынша өткізілді.

Zооm платформасы арқылы онлайн режимінде қазақ және орыс тілдерінде өткізілген вебинар жұмысына облыстағы барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарынан 165 педагог қатысты. Вебинар бағдарламасына сәйкес 8 педагог өздерінің тәжірибесімен онлайн режимінде бөлісуге мүмкіндік алды.

Вебинар жұмысының бастамасында филиал директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Е.Сафуллин алғы сөз алып, жас ұрпақты тәрбиелуге қатысты өзекті мәселені қарастырып отырған вебинар жұмысына сәттілік тілеп, облыс педагогтеріне алғыс айтып. Бағдарламаға сәйкес вебинарда баяндама оқыған К.Наурызгалиева, Ж.Калиева, М.Наурызбаева, А.Максутова, С.Чигирева, А.Усахова, Ф.Сапарова, Л.Бисенова «Рухани жаңғыру» негізінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы гендерлік тәрбиені жүзеге асыру жолдары мен тәжірибелері туралы ой бөлісті.

Облыс педагогтерін курсаралық қолдау аясында инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары вебинар бағыттары бойынша ой бөлісіп, пікірлерін ортаға салып отырды.

Вебинар соңында қорытынды мен кері байланыс жүзеге асырылып, баяндама оқып тәжірибесімен бөліскен педагогтерге «Алғыс хат», белсенділік танытып баяндамасын ұсынғандарға «Қатысушы куәлігі» берілді. Вебинар материалдары филиал сайтына  http://www.zkoipk.kz/kz/c2020.html орналастырылды.

Филиал ұжымы алдағы уақытта да облыстағы барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогтерімен курсаралық шаралар аясындағы жұмыстарда ынтымақтастықта болуға сенім білдірді.

 

Comments 

 
0 #5 Нургазинова Маншук К 2021-01-05 15:35 Вебинар жоғары деңгейде өтті, гендерлік саясат бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Ұймдастырушылар ға көп рақмет! Quote
 
 
0 #4 Нургазинова Маншук К 2021-01-05 15:34 Вебинар жоғары деңгейде өтті, гендерлік саясат бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Ұймдастырушылар ға көп рақмет! Quote
 
 
0 #3 Анаргуль 2021-01-02 18:07 Облыстық вебинар жоғары деңгейде өтті. Семинардың ұйымдастырушыла ры мен қатысушыларына ризашылығымды білдіремін. Quote
 
 
0 #2 Гүлдана 2021-01-02 16:49 Қайырлы күн! Облыстық вебинар жұмысы сәтті өтті. Семинарға қатысқан мұғалімдер вебинар тақырыбына сәйкес өз білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатырған іс-тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісті. Әріптестерімізд ің жұмыстарына шығармашылық табыстар тілейміз! Quote
 
 
0 #1 Хайруллина Айгуль 2020-12-25 17:11 Облыс педагогтерінің пікір алмасып, тәжірибе алмасудың жақсы алаңы болды. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.