
|
БҚО ПҚБАИ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ізмұханбетова Софья Салахиденқызы
|
Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары Сафуллин Елдос Набиоллаұлы |

|
БҚО ПҚБАИ құрамы 3 кафедра, деңгейлік оқыту орталығы және 5 бөлімнен тұрады. Кафедралар: мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы, инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы, тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы. Бөлімдер: инновациялық даму бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімі, академиялық бөлімі, мониторинг және талдау бөлімі, баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімі.
Институт тарихы
1951 ж. – Батыс Қазақстан облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты құрылды. 1953 ж. – Тұңғыш «Облыстық педагогикалық оқулар» өткізілді. 1978 ж. – Институтта қазақ тілі және әдебиеті кабинеті бойынша мектептерде республикалық семинарлар ұйымдастырылды. 1998 ж. – Институтта «Ұстаз» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы жарыққа шықты. 1999 ж. – Институт қайта құрылып, енді БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты деп аталды. 2000 ж. – Институт Оралда өткен «Үздік жыл мұғалімі» Республикалық конкурсын ұйымдастыруға қатысты. 2001 ж. – Институт жанынан Облыстық педагогикалық мұражай құрылды. 2002 ж. – Институтта «Жайық ұстазы» ақпараттық, әдістемелік, танымдық газеті жарыққа шықты. 2002 ж. – Институт Орал қаласында өткен мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасын ұйымдастырып, өткізуге қатысты. 2012 ж. - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы біліктілікті арттыру ұлттық орталығы болып қайта құрылды.
Институттың ғылыми-әдістемелік зерттеу бағыты:
«SMART Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері»
«Педагогические и технологические основы повышения квалификации педагогических работников в условиях внедрения процесса SMART Education»
«Pedagogical and technological basics of educators’ professional development in the context of SMART Education implementation»
|