Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2020 жыл қазан айының үздік қызметкері

Бахтиярова Рысканым Жолболсыновна, инновациялық білім беру және ақпараттық теxнологиялар кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 31 жыл. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы еңбек өтілі – 12 жыл.

Қазан айы бойынша қызметі мен жетістіктері

Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы ұйымдастырған

2020 жылы 16 қазанда «Білімдегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты VІІ халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысып,

«Педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдірудегі рефлексиялау дағдыларын дамыту» атты мақаласы жинаққа шықты.

Өзінің іс-тәжірибесін жиі жариялап, тұрақты авторы болғаны үшін республикалық педагогикалық әдістемелік «Педагогика мәселелері»  журналынан Диплом алды.

Қашықтықтан оқыту мәселесі бойынша білім саласындағы жаңа бастамаларды қолдап,жаңа форматтағы заманауи бейне сабақтар дайындап, оларды республика көлемінде таратуға зор үлес қосқаны үшін  «Өрлеу БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

07.09-02.10. 2020 аралығында Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курс өткізіп,  қорытынды бағалауды 25 тыңдаушысы 100% қорғап шықты.

12.10-16.10.2020; 19.10-23.10.2020; 26.10-30.10.2020 аралықтарында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған 3 ақылы курс өткізді. Тыңдаушылар саны – 76 педагог.

«Еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасына» қатынасатын мұғалімдердің сабағын дайындауда әдістемелік көмек ұйымдастырып, бейнесабақтар жасақтатуда.

«Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын білім беру бағдарламасының контенттерін  дайындады.

28 қазан күні институттың жоспарына сай өткізілген «Жаңартылған білім беру процесінде SMART технологияларды қолдану» тақырыбында дәстүрлі облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда 1-секцияға жетекшілік жасап, белесене қатысты. Мақаласы жинаққа енді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.