«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2020 жыл желтоқсан айының үздік қызметкері |
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы қызметі мен жетістіктері. Галина Махсотқызы 2011 жылдан филиалдың әртүрлі бөлім салаларында жұмыс жасап шыңдалған маман. Ол 2019 жылдың қазан айынан бастап оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің жетекші маман қызметін атқарып келуде. Қызмет бабында өзіне жүктелген жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің курстарға жауапты әдіскерлерімен тығыз байланыста жұмыстанып келеді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан» келген тапсырмаларды, тоқсандық, жылдық есептерді берілген мерзімде уақытылы, жауапкершілікпен орындайды. Қашықтықтан оқыту бойынша жоспарға сай өткізілген курстарға тыңдаушыларды тіркеуді ұйымдастыруда зор ықпал етті. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қысқа мерзімді курстардағы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларына арналған 64 курс, 1400 тыңдаушы; Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру бойынша 71 курс, 1690 тыңдаушы; Мемлекеттік тапсырыстан тыс ақылы курстар бойынша 144 курс, 3709 тыңдаушы курстан өтіп, тыңдаушылардың сертификаттарын уақытылы таратылуына көп септігін тигізді. Галина Махсотқызы институтта өтіп жатқан шараларға да қатысып, өз тәжірибесін ортаға салып отырады. Мысалы, «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне смарт білім беруді енгізу мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, «Smart технологиясы – жаңа заманның құралы» атты мақаласы жинаққа еніп, «Қатысушы сертификаты» табысталды. (2015ж.) Сонымен қатар біліктілігін арттыру мақсатында «Педагогикалық акмеология» бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өтті. Санкт-Петербург, 2018ж. Марапаттары: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» «Алғыс жариялау» 2014ж., «Алғыс хат» 2016ж., «Құрмет грамотасы» 2019ж. Бижанова Галина Махсотқызы оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінде біршама тиянақты жұмыстарымен көрінуде, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласында аудандық, қалалық білім бөлімдерімен атқарылып жатқан жұмыстары ескеріліп, 2020 жылдың желтоқсан айында облыстық білім беруді дамыту орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды. |
Comments