Академиялық бөлім «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқу үдерісін қадағалайтын және үйлестіретін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мақсаты: Облыстық білім беру ұйымдарының педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша институттың оқу қызметін ұйымдастыру, курстық шаралардың сапалы жүргзілуін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- Батыс Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚ БАИ филиалында оқу үдерісін ұйымдастыру.
- «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚ БАИ филиалының кафедраларының оқу қызметіне және оқу үдерісінің іске асыру шарттарына тиміді қадағалау жүргізу.
- Біліктілікті арттыру курстарының жылдық жоспарын өңдеу және оның іске асырылуын қадағалау.
- Біліктілікті арттыру курстарының тындаушылар контингентін қалыптастыру.
- Біліктілікті арттыру мәселесіне қатысты оқу қызметінің барлық түрлерін жоспарлау, аяқтау және сүйемелдеу бойынша Бөлімге түсетін құжаттаманы рәсімдеу және ұсынылуын қадағалау: білім беру бағдарламалары, тындаушылар тізімі, курстық дайындаудың ашылу және жабылу бұйрықтары, біліктілікті арттыру туралы құжаттар (сертификаттар), ОТЖ, курс дайындық журналы, оқу дәрістерінің кестесі, шақырылған қызметкерлер оқыту жұмыстарын өтеуге арналған табель.
- ОПҚ оқу жүктемесінің үлестіру, есептеу және орындалуын қадағалау.
- «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚ БАИ филиалында курс дәрістерінің барысын қадағалау және филиал бойынша нәтижелерін саралау.
- Филиал қызметкерлеріне оқу үдерісін ұйымдастыру, оқу жұмысының уақыт нормаларының көлемін және басты қызмет түрлерін орындау, сондай-ақ біліктілікті арттыру мәселесі бойынша білім ұйымдарының қызметкерлеріне біліктілікті арттыру пішіндері мен түрлерін анықтау мәселелері бойынша көмек көрсету.
- Ақпаратты-саралық есептеме (жылына 2 рет) және ҚР БҒМ сұратуларына қажетті мәлімет дайындау, «Өрлеу» БАҰО» АҚ тоқсандық есептемесіне қажетті, оқу қызметі бойынша барлық ақпарат жинастыру және өңдеу.
- Облыстық білім басқармасымен, аудандық (қалалық) білім бөлімдерімен және білім ұйымдарының барлық деңгейлерімен әрекеттесу.
Мақсатты топтар: институттың құрылымдық бөлімшелері,облыстық білім бөлімдері,курс тыңдаушылары.
Бөлім басшысы:

Аимуханбетова Кунслу Насибуллиновна
Бас мамандар:

Мынжасова Сания Ахашевна

Кодарова Актоты Бакитовна
Жетекші маман:

Муханбетова Асель Дулатовна
Байланыс үшін:
БҚО Орал қ. Евразия д., 238 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ» каб. 220 Телефон: 8 7112 244165 Эл.пошта: akad_otd_zko@mail.ru
|