Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі

Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының құрылымдық бөлімшесі  болып табылады.
Бөлімнің мақсаты: Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің білім беру тәжірибесіне инновациялық педагогикалық технологияларды еңгізу.
Бөлімнің міндеттері:

  • педагогикалық ғылыми жетістіктер мен инновациялық тәжірибені тарату негізінде білім беру үдерісінің тәжірибесінде білім беру және тәрбиелеудің қазіргі педагогикалық технологияларды жүзеге асыруын ұйымдастыру және енгізу;
  • білім беру мекемелерінің білім және тәрбиелеу үдерісінде  инновациялық технологияларды жүзеге асыру жөнінде білім қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және кепілдемелік көмек көрсету;
  • баспа қызметі, курстық дайындық пен әдістемелік іс-шаралар жүйесін жетілдіру арқылы қазіргі білім беру технологиялары бойынша облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Жумагалиева Динара Шынболатовна
Қызметі: Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы 
Жұмыс телефоны: 8 (7112) 24-02-17
Факс: 8 (7112) 54-37-00
Ұялы телефоны: 8-778-481-55-42, 8-777-394-22-03
Электронды пошта: This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it

Педагогикалық өтілі: 17 жыл
Академиялық дәрежесі: педагогика және психология магистрі
Ғылыми жобаларға қатысу:

  • «12-жылдық білім проблемалары республикалық ғылыми-практикалық  орталығы» (2006-2008 жж.). «Қоршаған әлем» (1-4 сыныптар үшін қазақ және орыс тілдерінде) пәндік стандарты, оқу бағдарламалары өңделді.
  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы (2008-2009 жж.). «Қоршаған әлем» оқу пәні бойынша оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар.
  • Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты (тамыз – желтоқсан, 2010ж.).  «Құзыреттілік-бағдарланған білім берудің теориясы, технологиясы және әдістемесі» тақырыбындағы бастауыш білім беруді басқаратын қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, ОМ директоры орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.

Бөлімнің бас маманы Махметова Айша Сагынгалиевна
Педагогикалық өтілі: 11 жыл
Академиялық дәрежесі: биология мамандығының білім магистрі

Бөлімнің бас маманы Шагиров Самат Сагаткалиевич
Педагогикалық өтілі: 3 жыл
Академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының магистрі

Оқу-әдістемелік жұмыс бағыттары:

  • Қысқамерзімді курстардың оқу бағдарламалары мен ОТЖ,  порфолиосын жаңарту
  • Инновациялық режимді жұмыстанатын, мұғалімдермен дайындалған әдістемелік ресурстарды жинақтау
  • Курстық жұмыс арқылы оқу моделін құрастыру, инновациялық технологияның тиімділігін насихаттау
  • Консалтинг.
  • Инновациялық режимде жұмыстанатын мектептің тәжірибе жұмысын қорыту

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бағыттары:

  • Курс аралық іс-шараларды ұйымдастыру: ғылыми-тәжірибелік конференциялар,  семинарлар, шеберлік сыныптар, педагогикалық оқулар және т.б.
  • Мұғалімдердің үздік тәжірибелерін тарату және насихаттау
  • Филиал сайтын құру және жаңарту

 

24.04.2013 ж. Оn-lіnе режимінде «Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» халықаралық семинар

26.04.2013 ж. «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің  жаңа сапасын қамтамасыз ету шарты» атты Бірінші Республикалық педагогикалық оқулардың  облыстық кезеңі


Баспа қызметі:

- Жаңа оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік жинақтар даярлау
- Мұғалімдердің үздік тәжірибелік жұмыстарын жариялау