Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Педагогикалық музей

Мақсаты: Облыстық халық ағарту ісінің тарихын, оның қалыптасуы мен өркендеп дамуын жан- жақты баяндай отырып, қазіргі заман талабына сай, эстетикалық талғаммен, ғылыми негізде жүйеленген музей экспозициясын, хронологиялық және экспонаттардың орналасу тәртібін сақтай отырып құру, музейдің басты мақсаты.

  • өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-бабалар жасап кеткен шын мәдени қазына байлықтардың үлгілеріне қанықтырып, жеке адамның да, бүкіл қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау;
  • жастарды танымдық құштарлыққа жұмылдырып, қалыпты өсіп өркендеуіне, тарихи бейнелерді танып білуіне, өткен замандардан келе жатқан шынайы мұралар негізінде тарихи білімдерін қалыптастыру;
  • педагогикалық музей өзінің мәдени білім беру қызметінде мектеп, педагогикалық жоғары оқу орындары мен училищелерге, басқа да ағарту мекемелерімен үнемі байланыста болады.
  • музей қоғам дамуының осы заманға көкейтесті мүдделерін көрсете отырып, оларды шешудегі мектеп пен мұғалімнің рөлін баяндайды;

Міндеті:

  • Қоғамда болып жатқан құбылыстарға қарай халыққа білім берудің тығыз байланыста дамуының ғылыми құжаттарына сүйене зерттеу жұмыстарын жүргізу, педагогикалық тарихи мұраларды жинастырып сақтау және сол мұраларды қолдана отырып білімдік, тәрбиелік жұмыстар жүргізу.
  • Музей табиғат пен қоғам дамуы заңдылықтарын, құбылыстарын сол кезеңге тиісті шынайы бұйымдар арқылы көрсетеді, насихаттайды және құжаттайды.
  • Музей әлемдік және ұлттық мәдениет қоры үшін табиғат, тарих пен білім мәдениет ескерткіштерін қорғау жұмыстарымен айналысады.
  • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы музей жұмыстарын насихаттау және басқа да музейлерімен байланыс жасауды ұйымдастыру, музей қорын толықтырып, жаңартып отыру.
  • Музей қоғам мүшелерін жас ұрпақтарды өткенге құрметпен, болашаққа үмітпен қарауға тәрбиелеуге өз үлесін қосады.