Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Сертификат алушылардың назарына!
30.06.2017 14:10

2017 жылы біздің институт базасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткен тыңдаушылар, Сіздерге академиялық бөлім орналасқан 220-кабинеттен сертификатыңызбен бірге

5,7-сыныптар үшін Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағын және Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды

алуыңызға болады.

Электронды нұсқасын келесі сілтемеден жүктей аласыз https://cloud.mail.ru/public/Ffmn/8y2XqscCB

 
Жаңартылған білім беру үдерісінің дидактикалық және әдістемелік негіздері
24.06.2017 09:49

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында, ағымдағы жылдың 19 мен 21 маусым аралығында үш күндік облыстық ғылыми-әдістемелік семинар технология пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылып өткізілді. Семинардың тақырыбы жалпы білім беретін мектептің жаңартылған білім беру үдерісі аясында «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік негіздеріне арналды.

 
Оқыту семинары өткізілді
23.06.2017 11:45

2017 жылдың 23  маусым күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ  «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

 
Республикалық «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» байқауының 1-кезеңінің қорытындысы
19.06.2017 17:58

2017 жылдың 24 мамырындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ №15-7-08-01-29-576 хатына сай «Microsoft Kazakhstan» ұйымдастыруымен Республикалық «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушылары байқауының 1-кезеңіне жалпы орта білім беру бойынша 200 педагог қатысты. Екінші кезеңге 43 педагог ұсынылды.

 
Байқау қатысушыларымен бас қосу өтті
13.06.2017 16:09

«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының Республикалық байқауының қатысушыларымен бас қосу өтті.

Фотогалерея

Материалдар

 
Оқыту семинары өткізілді
12.06.2017 12:01

2017 жылдың 12  маусым күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

 
Критериалды бағалау бойынша шебер-сыныптар
07.06.2017 17:32

2017 жылдың 7 маусым күні институтта Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізілген критериалды бағалау бойынша «Критериалды бағалаудың моделі» және «Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың түйінді ерекшеліктері» тақырыптарында шебер-сыныптар өткізілді.

 
«Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты тарихи – танымдық кеш өтті
30.05.2017 17:39

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың конференц залында 30 мамыр күні сағат 15.00-де  31- мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым»  атты тарихи – танымдық кеш өтті. Кешке «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына курсқа келген  тарих пәні мұғалімдері қатысты.

 
Халықаралық байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
26.05.2017 12:39

2017 жылдың 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында «БАҰО «Өрлеу» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен өткен  «Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік әзірлемелер халықаралық қашықтық байқауына Батыс Қазақстан облысының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

 
Колледж оқытушыларына арналған облыстық семинар
26.05.2017 10:56

26 мамыр күні «Техникалық және кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өткізілуде. Семинарға БҚО 5 колледжінің оқытушылары қатысуда: Технологиялық колледж, Теректі колледжі, Республикалық жоғары техникалық колледж, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледж және Құрманғазы атындағы саз колледжі. Семинар барысында оқытушылар ақпараттық технологиялардың және смарт құрылғылардың мүмкіндіктері, оқу процесінде веб сервистерді тиімді қолдану бойынша компьютерде практикалық жұмыстар орындайды.

Фотогалерея

 
<< Бірінші < Алдыңғы 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 Келесі > Соңғы >>

55 - бет 82 - беттен