Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тренерлер біліктілігін жетілдірудегі мазмұнды шара
16.01.2019 10:10

«Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ  БҚО ПҚБАИ бойынша тренерлері «Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы білім беру бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері»  тақырыбында  Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген  семинарға қатысып, кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп келді.

 
Біліктілікті арттыру курсы өтті
15.01.2019 09:27

2019 жылдың 8 мен 12 қаңтар аралығында Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің сұранысына орай Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ  ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтеріне арналған ақылы біліктілікті арттыру курсы өтті.

 
Семинар қорытындыланды
11.01.2019 12:23

11 қаңтарда Астана қаласындағы  "Тренердің кәсіби бағдары" тақырыбындағы семинар қорытындыланды.

 
Қымбатты Сауле Жəдігерқызы Жаналиева!
10.01.2019 12:10

"Ардагерлер ұйымы" "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы БҚОПҚБАИ ұжымы жəне Мерейлі мерейтой күні Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілейміз! Сіз біз үшін үлгі тұтар аға  ұрпақтың өнегесі, бауырларыңызға  қамқоршы апа, адал жарсыз.Сіз өзіңіздің  саналы ғұмырыңызды бір ғана сала - білім саласына арнаған жансыз! Өз атыңызға  сай сəуледей жарқырап, көңіліңіздің нұрлы шуағын шаша жүріп, белсенді еңбек еттіңіз.Осындай қасиетіңізбен еңбек  жолында тек балаларды оқытып ғана қоймай, білім жетілдіру институтында бастауыш сынып мұғалімдерінің ізденістеріне жол ашып, олардың бойына ұрпақ тəрбиесіне деген сенімділікті қалыптастырдыңыз!Сізді 70-ке толған мерейлі жасыңызбен құттықтаймыз!

 
Фасилитациялық сессиясы
05.01.2019 13:18

«Жаңартылған оқу мазмұнын енгізу аясындағы саралап оқыту» фасилитация сессиялары аясында семинарға қатысушылар фасилитация сессиясын өткізу форматымен танысып қана қоймай, сонымен бірге саралап оқытуда қолданылатын технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша сұрақтарға бірлесіп жауаптар іздеді.

 
Тренерлердің шеберлігін арттыратын семинар
03.01.2019 17:01

2019 жылдың 3-11 қаңтар аралығында "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалдарының тренерлері Астана қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінің ПШО ұйымдастыруымен "Тренердің кәсіби бағдары" тақырыбы аясында семинардан өтуде.

 
Оқу-әдістемелік семинар
28.12.2018 11:11

2018 жылдың 28 желтоқсан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ директордың орынбасары Е.Сафуллиннің басшылығымен оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда кафедра оқытушылары мен бөлім қызметкерлері «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының бейнесабақтарына талдау жасады және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту әдістемесі бойынша мәселелер талқылады.

 
Байқауға қатысушыларға алғыс хаттар табысталады
25.12.2018 15:55

Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауына Батыс Қазақстан облысынан қатысқан барлық педагогтерге «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының атынан алғыс хаттар табысталады.


 
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті
21.12.2018 13:22

Бүгін Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Аталмыш байқауда Батыс Қазақстан облысынан Орал қаласы, №38 «Жазира» бөбекжайының әдіскері Ишангалиева Нургуль Кадыргалиевна жүлделі І орынға ие болса, Бөрлі ауданы, Кеңтүбек ауылы, Григорьев ЖОББМ информатика пәнінің мұғалім Есенбаева Гульнара Тойшибаевна жүлделі ІІІ орынға ие болды. Барлық педагогтерді жетістіктерімен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыс тілейміз.

 
Латын көрмесінде
20.12.2018 11:54

Фотогалерея

Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсаны  күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» ұжымы Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Латын көрмесін» тамашалап қайтты. Институт қызметкерлері көрмеде жасақталған «Латын әліпбиіндегі балалар әдебиеті», «Латын әліпбиіндегі мектеп оқулықтары», «Латын әліпбиіндегі көркем әдебиет» бөлімдерінде қойылған оқулықтармен, кітаптармен танысты. Сонымен қатар 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып  келе жатқан қазіргі «Орал өңірі» газетінің  «Екпінді құрылыс» атауымен жарық көрген тігінділерін қарап, тамашалағандар көп болды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>

7 - бет 57 - беттен