Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ СӨЙЛЕМ ТАЛДАУДЫҢ РӨЛІ

Кайбалиева Гулжан Сабыргалиевна

БҚО,  Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы, К.Мендалиев атындағы ОЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

  • Бұл мақалада оқушылардың белсенділігін арттырудағы  кешенді сөйлем  талдаудың  маңызы  туралы баяндалған.
  • В этой статье излагаются пути повышения  активности  учащихся  при  комплексном  разборе  предложения.
  • In this article is spoken about the ways of increasing  pupils activity the complex analysis of sentences in kazakh  language.

Жаңа заман талабына сай білім беруді реформалаудың міндеті-оқыту үрдісінің нақты практикалық  мақсаттарға бағытталуына қол жеткізу. Оқыту үрдісіндегі  теория мен  әдістеменің диалектикалық бірлігі туралы  тұжырымдама білім  берудегі  көптеген  құбылыстарды  тереңірек  түсінуге мүмкіндік береді.

Мәселен білімді  меңгеру деңгейі бойынша  сипаттау кең  тараған. Білімді  меңгерудің бір деңгейі бойынша  оқушы  зерттелетін  құбылысты  сипаттап,  түсіндіріп бере алады.  Сонымен меңгерген  теория  әдіске  айналады.

Қазір дүниежүзінде  оқытудың  тиімді  жолдары мен жаңа әдіс –тәсілдерін  қарастыру  процесі жүріп жатыр.

Соның бірі, қазақ тілінің әр саласы бойынша талдау  берілетін  білімнің  жүйелілігін сақтауға, білім негізін  тұрақтандыруға,  оқушы  білімінің  жан –жақты саралауға,  өткен  материалды үнемі  қайталап, оны  жаңа  тақырыптармен  байланыстыруға  жол  ашады.

Талдау дегеніміз-оқыту  мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері,  өзіндік ерекшелігі бар және  оқушыларға  білімді ғылыми  негізінде  жүйелей меңгеріп, оларға ұлттық  құндылықтарды  бағалай, қолдана білуге  машықтандыратын  оқыту.

Талдау – білімді  белгілі бір көлемде беріп,  қажетті шеберлік пен  дағдыны  қалыптастырумен  шектелмейтін,  сонымен қатар,  баланың жалпы  тұлғалық  дамуына ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да  танымдық-психологиялық  қасиеттерінің жақсы  үйлесімді дамуына   бағытталған  оқытудың түрі.

Қазіргі  қазақ  тілінде  талдаудың фонетикалық,  лексикалық,  сөзжасамдық,  морфологиялық  және  синтаксистік  түрлері  жүргізіледі. Талдау  тапсырмаларын бере отырып,  оқушылардың  білімінде тиянақсыздық  байқалып  жүрген  күрделі,  меңгеруге  қиындық  келтіретін  тақырыптарға  аса  көңіл  бөлуге  мүмкіндік мол.

Тіл  білімінің  салаларын оқытуда теориялық  білімімен қатар  жүйелі түрде  талдау  дағдыларын  меңгерту  тиянақты  және  терең білім  берудің,  оқушылардың  танымдық  ынтасын  қалыптастырудың негізгі  жолдарының бірі  болып табылады. Жүйелі талдау оқушылардың теориялық  білімді жан-жақты  меңгеріп,  тиянақты  талдау  дағдыларын қалыптастыруына зор ықпалын тигізді.

Жеке-жеке түсінік  бере кетсек:

1.Фонетикалық талдау.

Дауысты  дыбыстарды толық өтіп  біткеннен кейін –ақ талдауды қолға алған жөн. Бұл орайда ескеретін бір нәрсе –талдаудың  бала жасының ерекшелігіне  қарай, оны  жалықтырмайтындай  қызығушылығын арттыратындай әрі қарапайым, әрі  өмірмен, халықтық  педагогикамен  байланыста болды. Мәселен, «Балалар,  сендер жеті  аталарыңды білесіңдер ме?» -деп сұрақ қойсақ, әрқайысысы өз жеті  аталарын айта алады. Ал енді, бері  қараңдаршы, адам ғана  емес, әрбір  дыбыстың да жеті атасы бар екен.

Фонетикалық  талдаудың  сызбасы:

1.Айтылуы, жасалу, жазылу жолдарына  қарай: жуан, жіңішке, аралас буынды  сөздер:

2.Буын: а)ашық (а.б)

ә)тұйық (т.б)

б)бітеу(б.б)

3.Тасымал

4.Екпін

5.Буын үндестігі

6.Дыбысты  үндестігі а)Ілгерінді ықпал

ә)Кейінді ықпал

б)Тоғыспалы ықпал

7.Орфографиялық, орфоэпиялық өзгешелік

8.Дыбыстық  мінездеме.

 

2.Лексикалық  талдаудың сызбасы

1.Сөзің тура  мағынасы.

2.Сөздің шығу  тегіне  байланысты  туған  мағынасы.

а)Түпкі мағына

ә)Туынды мағына

- Көп мағыналы сөз.

- Омоним

- Синоним

- Антоним

- Кірме сөз

- Табу

- Эвфемиздер

- Дисфемизмдер

3.Сөздердің тіркесу  сипатына  байланысты туған  мағыналары:

а)Сөздің  еркін  мағынасы

ә)Фразеологиялық байлаулы  мағынасы

б)Синтаксистік шартты мағынасы

4.Сөздің  стилистикалық  қызметіне   байланысты туған  лексикалық   мағыналары.

а)Бейтарап сөз (мағына)

ә)Бейнелі мағына

б)Терминдік мағына

Сөздердің  қолдану  сипатына  байланысты  түрлері:

Сөздердің  қолданылу өрісіне  байланысты түрлері:

-         Жалпылама лексика

-         Қолданылу өрісі тар лексика

-         Сөздердің стильдік  қызметіне  байланысты  түрлері.

3.Синтаксистік талдау.

1.Айтылу сазы мен  мазмұнына  қарай: хабарлы, сұралуы, лепті,  бұйрықты.

Құрылысына қарай:

а)Жай  сөйлем

ә)Құрмалас сөйлем: мезгіл  мәнді, себеп мәнді,  қарсылықты мәнді, шартты мәнді, салыстырмалы мәнді, түсіндірме  мәнді, кезек  мәнді, амал мәнді, мақсат мәнді.

2.Жай  сөйлем түрлері:

а)Жалаң, жайылма

ә)Жақты,  жақсыз

б)Толымды, толымсыз

в)Атаулы

3.Сөйлем мүшелері:

а)Бастауыш

ә)Баяндауыш

б)Толықтауыш

в)Анықтауыш

г)Пысықтауыш

4.Сөз тіркесі :  а)Еркін (есімді, етістікті)

ә)Тұрақты

5.Сөздердің байланысу түрлері

6.Сөздердің байланысу тәсілдері

4.Морфологиялық немесе  сөз құрамына  талдау.

1.Сөздің  негізгі  түбірін, қай сөз табына  қатыстылығын,  мағынасына, құрамына қарай  түрін  анықтаймыз.

Туынды түбірді  белгілейміз, сөз табын көрсетеміз.

Сөз құрамындағы әрбір  қосымшаны жеке –жеке алып, қандай қосымша екенін  белгілеу керек,  жалғаудың түрін  көрсетіп,  жұрнақтың қай сөз табына тиістілігін  анықтау қажет.

Сонымен, үздіксіз әрі  тиянақты  жүргізілген талдау  мынадай нәтижелерге  жеткізеді:

Күтілетін  нәтиже:

Оқушылардың пәнге  қызығушылығы артады;

Оқушы  тілдің әрбір саласы бойынша  теориялық  материалды жан –жақты  меңгереді;

Жан –жақты талдаудың жүйесін басшылыққа ала отырып, ауызша және жазбаша баяндау дағдысы қалыптасады;

Әрбір тілдік формалардың мағыналарын жете білуге  машықтанады;

Тілдік талдау барысында қажетті білімді еске  түсіре отырып, пәндік байланыстың  қажеттілігін  сезінеді;

Көркем әдебиеттен  мысалдар жинап, оны  сұрыптауға, жазба  жұмыстарын сауатты жазуға,  айтуға  үйренеді, өз  бетінше жұмыс  істеуге  қалыптасады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы

2. «Егеменді Қазақстан» газеті

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары

4. А.А.Қасымбек «Қазақ тілі» оқулығы, «Арман ПВ», 2015ж.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.