Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


«Болашағы біртұтас ел» тақырыбындағы эссе және өлеңдер байқауы
05.10.2016 10:37

Батыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының

педагогтеріне  арналған «Болашағы біртұтас ел» тақырыбындағы  эссе және өлеңдер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже

1.1.«Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы  Батыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,  облыс педагогтары арасында «Болашағы біртұтас ел» тақырыбында  эссе және өлеңдер (сырттай) байқауын өткізеді. (Бұдан әрі - Байқау)

1.2. Байқау мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын насихаттау

Міндеттері:

-         Үздік эсселер мен өлеңдерді анықтау;

-         ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,  облыс педагогтерінің шығармашылығын тарату;

-         Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау.

  1. 2. Байқауды өткізу және қорытындылау

2.3.Ұйымдастырушылар келіп түскен материалды жинақтап, сараптаудан өткізеді, байқау комиссиясын белгілейді, байқау қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды.

2.2.Байқауға ұсынылған эссе, өлеңдер 2016 жылдың 12 қарашасына дейін Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электрондық поштасына «байқауға» деген атпен  қабылданады.

2.3.Байқау қорытындысы 2016 жылғы 14 желтоқсанда  шығарылады.

2.4. Жеңімпаздарға «Бас жүлде», 1,2,3 орын және номинациялар беріледі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚОПҚБАИ дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, «Жайық ұстазы» газетіне және «Ұстаз» журналына Байқау жеңімпаздарының эссе, өлеңдері жарияланады. Қатысушылардың материалдары  «Болашағы біртұтас ел»  эсселер мен өлеңдер жинағына енеді.

3.Байқауға қойылатын талаптар

3.1.Байқау облыстық «Жайық ұстазы» мен «Ұстаз» журналының оқырмандары  қатыса алады. Байқауға жіберілген материалдың соңында мұғалімнің ТАӘ және мектебі, ауданы(қала) толық жазылуы тиіс.

3.2.ЭССЕ-ге қойылатын  ТАЛАПТАР:

¨     Жұмыс көлемі 300 сөзден аспауы тиіс, шрифт Times New Roman, қәріп көлемі - 14, жол аралығы 1,5;

¨      Жеке көзқарастың көрінісі;

¨      Фактілі дәлелдер (аргументтер);

¨      Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

¨      Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

¨      Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

¨      Сауаттылық (пунктуациялық., орфографиялық.);

¨      Қолданылған  ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

3.3. Өлеңге қойылатын тиісті ТАЛАПТАР:

¨     Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен;

¨     Шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған;

¨     Байқау тақырыбы аясындағы ойын көркем сөздермен жеткізген.

¨     Сауаттылық (пункт., орфогр.);

¨     Жұмыс көлемі 2 беттен  аспауы тиіс, шрифт Times New Roman, қәріп көлемі - 14, жол аралығы 1,5;

4.Бағалау критерийі

Эссені бағалау
1. Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарасы, ұстанымы,  қарым-қатынасының  көрініс табуы. – 0-2-5 балл
2. Логикалық заңдылықтың сақталуы  0-1-4 балл
3. Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер.0-1-3 балл

4.Сауаттылығы (стильдік, пунктуациялық, орфографиялық)– 0-1-3 балл

Өлеңді бағалау

1.Жалпы білімі (жоғарыдағы өлеңге қойылған 1,2-талаптарға сәйкестігі) – 1- 10-20 балл
2.Сөздік қоры - 5-10- 20 балл
3.Тілді қолдану деңгейі  - 5-15- 25
4.Сауаттылық – 0-3-5

5. Байқаудың қазылар алқасы

5.1. Байқаудың қазылар алқасы төрағадан және 5-8 алқа мүшелерінен тұрады.

5.2. Байқаудың қазылар алқасы:

  • Байқауға келіп түскен эссе, өлеңдерге талдау жасайды және арнайы белгіленген бағалау өлшемдері бойынша бағалайды;
  • Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

 


 


 

«Болашағы біртұтас ел» байқауының қорытындысы

«Жайық  ұстазы» газетінің өткен сандарында жарияланған «Болашағы біртұтас ел» тақырыбында  эссе және өлеңдер (сырттай) байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға өңіріміздегі шығармашылықпен еңбектеніп жүрген 58 педагог қатысты. Соның ішінде, өлеңдер байқауында 19, эсселер байқауында 39 оқырман бақ сынады.

Эссе байқауының қорытындысы бойынша:

І орын – Жазира Жайманова, Орал қаласы №40 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі;

ІІ орын – Асылзада Машжанова, Орал қаласы №44 МГ ағылшын тілі пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Ләззат Сейтимова, Орал қаласы №44 МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

«Бірлікті берік ту еткен» номинациясымен:

Айгүл  Қоңыршиева Қаратөбе ауданы,  Қаракөл ЖОББМБ бастауыш сынып мұғалімі;

Ұлболсын Қали Ақжайық ауданы, О.Исаев атындағы ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі.

«Елжанды рух» номинациясымен: Замира Хамиева Зеленов ауданы, Белес ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Гүлдана Жаниярова Шыңғырлау ауданы, «Бөбек» бөбекжайының музыка пәні мұғалімі;

Ұлмекен  Жұпболова Орал қаласы, №47 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

«Ұлттық идеяны ұлықтаушы» номинациясымен: Аяжан СыдиховаБөкейорда ауданы, Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББМБ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Гаухар Сариева Орал қаласы, Круглоозерный ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Ербол Кулбаев Орал қаласы, С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАММИК тәрбиешісі.

Өлеңдер байқауы бойынша:

Бас жүлде – Айсана Исмагулова  «Еліме тілек» өлеңі. Зеленов ауданы, Трекин ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

І орын  – Айгүл Қоңыршиева «Болашағы біртұтас ел» өлеңі. Қаратөбе ауданы,  Қаракөл ЖОББМБ бастауыш сынып мұғалімі;

ІІ орын – Мәншүк Саркенова «Қазақ тарихына тағзым» өлеңі. Жаңақала ауданы, Карманов ЖББОМБ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Қайыржан Таубаев «Мәңгілік ел» өлеңі. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы.

ІІІ орын – Сәндігүл Кубаева «Бірлігі биік Қазақстан» өлеңі. Орал қаласы, №45 «Нұрсәт» бөбекжайының тәрбиешісі;

Айгүл Камкиева «Тәуелсіз Қазақстан»  өлеңі. Орал қаласы, Круглоозерный ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Шаттық Дәулетбекова «Мен тілеймін» өлеңі. Теректі ауданы, №1 Феодоров ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

«За искренность и любовь к своей стране» номинациясымен: Шара Алипова Казталов ауданы, Жаңажол ЖББОМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Юлия Красникова Зеленов ауданы, Батурин ЖББОМ ағылшын тілі мұғалімі.

«Ұлттық идеяны ұлықтаушы» номинациясымен   Гүлдана Оразақаева Орал қаласы, №29 ЖББНМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

Пікірлер 

 
0 #16 Ерғалиева Гүлнар 2017-05-05 19:17 салематсыз ба! Жинаққа кірген, кірмегенін қалай білуге болады? Барлық қатысушылардың жұмысы жинаққа кіреді депсіз. Кірген болса, жинақты қайдан алуға болады. Дәйексөз жазу
 
 
0 #15 Рысханым Қуанаева 2016-12-23 11:06 Сәлеметсіздер ме! Жинаққа барлық қатысушылардың жұмысы шығады. Дәйексөз жазу
 
 
0 #14 shynargul.zhuralieva 2016-12-23 00:20 Жинаққа енетін қатысушыларды қайдан білуге болады? Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Рысханым Қуанаева 2016-12-22 15:59 Құрметті байқауға қатысқан әріптестер! Байқау қорытындысы "Жайық ұстазы" газетінің 14 желтоқсандағы №23(350) санында жарияланды. Қорытындысын институт сайтынан да көре аласыздар! Ережеге сай электрондық поштамен келген барлық материалдар қабылданды. Байқау талабына сәйкес емес материалдар қаралған жоқ.
Жүлделі орындармен, номинациялармен марапатталған ұстаздар салтанатты марапаттау рәсіміне арнайы шақырылады.
Марапаттау қашан және қайда болатыны қосымша хабарланады.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Шаттық 2016-12-20 22:57 Саламиатсыздарм а! Дипломдарды , жинакты кайдан алуга болады екен, марапаттау кашан болады Дәйексөз жазу
 
 
+1 #11 Айнур 2016-12-20 19:01 Байқау қорытындысын газеттен оқыдық. Байқауға жіберген өлең қабылданды ма, жоқ па, хабар берген жоқсыздар. Бәрі меймәлім. Байқауды өткізгесін әр адам нәтижесін көргісі келеді. Жалпы жұмысымыз қабылданды ма, қабылданған жоқ па, қайдан білеміз. Басқа байқауларға жібергенде, жұмысыңыз қабылданды деп хабар береді. Сіздер жауап та жазбадыңыз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Ezakhot 2016-12-20 16:06 Дипломдарды , жинакты кайдан алуга болады екен, марапаттау кашан болады Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Ezakhot 2016-12-20 15:32 Газет ауыл жакка кешигип келеди,сондыкта н натижесин осы сайтта жарияласаныз жаксы болар еди… Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Сыдихова Аяжан Бокей 2016-12-20 09:07 Катысушыларга сертификмт берилмей ме? Женимпаз болмаса да… Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Шара 2016-12-17 13:47 Дәйексөз жазу Ezakhot:
Салеметсиз бе, байкау корытвндысы кашан шыгады, кайдан билуге болалы екен?

14 желт шыққан жайық ұстазы газетинде
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту


«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының Республикалық байқауы

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2017

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2017

 


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында смарт техникаларды тиімді пайдалану және әлемдік тәжірибе
15.05.17

 


Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
1-31.03.17

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2016

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2016

 


Біліктілікті арттыру жүйесіндегі Smart-технологиялар: халықаралық тәжірибе және отандық практика
16.05.16

 


Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
1-31.03.16

 


«Сабақтың үздік контенті» орта мектептің пән мұғалімдерінің облыстық байқауы
2015

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» облыстық байқау
2015

 


«Панорамалық сабақтар» облыстық байқау (сырттай)
2015

 


Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен даярлау жүйесіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың мәселелері мен оларды шешу жолдары
15.06.15

 


Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне смарт білім беруді енгізу мәселелері
29.04.15

 


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа тұрғысы
1-31.03.15

 


PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

 


SMART-Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері
27.02.14

 


Сабақтың үздік контенті
2014

 


Үздік ауылдық мектеп
2014

 


Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық

 


Интеллектуалды дарынды жасөспірімдер тұлғасының эмоционалды сферасын дамыту

 


Инклюзивті білім беру жағдайында дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру

 


Өзгеріс. Тәжірибе. Ой толғау

 


«Е-контент» байқауы
2013

 


Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
24.04.13