Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Құрметті әріптестер!
10.10.2017 16:02

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты «Өрлеу»  БАҰО» АҚ-ның 2017 жылға арналған Жедел іс-шаралар жоспарына сәйкес осы жылдың 27 қазан күні «Дүниежүзілік мәдени құндылықтар: өскелең ұрпақты тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері» (әрі қарай – Форум) тақырыбында халықаралық оn-line форум өткізетінін хабарлайды.

Форум мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілерін әлемдік мәдени құндылықтар контексінде жетілдіру.

Форум міндеттері:

- форум жұмысы аясында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша пікірталас алаңын ұйымдастыру;

- тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілерінің инновациялық тәсілдерін анықтау;

- форум қорытындысы бойынша өскелең ұрпақты тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Форумның жұмыс бағыттары:

- әлемдік мәдени құндылықтардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі: педагогикалық-психологиялық аспектілері;

- өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және қалыптастыру.

Форумды ұйымдастырушы - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасы.

Форумға қатысушылар:

Таяу және алыс шет елдер білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлері. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-педагогикалық құрамы, облыстық білім басқармалары, қалалық және аудандық  білім бөлімдері мен әдістемелік қызметтер орталықтарының басшылары. Ғылыми қызметкерлер, докторанттар және магистранттар.

Форумның өткізілу орны: 130000, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 26 шағын аудан,  60 ғимарат,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Форум материалдары бойынша электрондық жинақ шығарылады және ол «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты сайтына - http://orleumo.info орналастырылады.

Материалдар келесі нысанда ұсынылуы мүмкін: баяндама, мақала.

Форум соңында қатысушылар дипломмен марапатталады және оларға сертификаттар беріледі.

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Форумға қатысу тәртібі:

Форумға қатысу үшін  қажет құжаттарды электрондық түрде бір папкада тіркелген файл ретінде көрсетілген электрондық почтаға Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript жіберу сұралады:

1) ұсынылған үлгіде халықаралық оn-line форумға қатысу өтінімі (1-қосымша);

2) басылым талаптарына сәйкес ресімделген материалдар мәтіндері (2-қосымша).

Өткізілетін күні мен уақыты: 2017 жылдың 27 қазаны, сағат 14.00-да (Астана уақыты бойынша). Форумға қосылу үшін көрсетілген сілтеме бойынша http://online.ripkso.kz/mng тіркелу керек.

Форумға тіркеу материалдары мен баяндамалар 2017 жылдың 16 қазан айына дейін  қабылданады.

1 Қосымша

«Дүниежүзілік мәдени құндылықтар:

өскелең ұрпақты тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері»

тақырыбындағы халықаралық оn-line форумына қатысу

ӨТІНІМІ

1

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)

 

2

Форум бағыты

 

3

Баяндама, мақала тақырыбы

 

4

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы

 

5

Лауазымы (толық, қысқартусыз)

 

6

Жұмыс орны – елі, қаласы, облысы (толық, қысқартусыз)

 

7

Байланыс телефондары,  E.mail:

 

 

2 Қосымша

 

Қатысу шарты

Форумға қатысу үшін талаптарға сәйкес ресімделген материалдар мен баяндамалар мәтіндері 2017 жылдың 16 қазанына дейін Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электрондық пошта адресіне жіберілуі тиіс.

Материалдар (баяндамалар) мен өтінім файлдары форумға қатысушы тегімен аталуы  тиіс (мысалы, Асанов-мақала, Асанов-өтінім). Ұйымдастыру комитеті материалды қабылдаған жағдайда, оның қабылданғаны туралы растау хатын иегердің электронды поштасына 2 күн ішінде жібереді. Ұйымдастыру комитетінен растау хаты келмеген жағдайда, материалдарды қайта жіберу сұралады.

 

Халықаралық оn-line форумына дайындалатын материалдарға қойылатын рәсімдеудің техникалық талаптары:

1. Көлемі: 3-6 бет аралығы.

2. Мәтін форматы: Microsoft Word (*.doc, *.docx).

3. Беттік формат - А4 (210х297 мм);

4. Орналасуы: кітап түрінде;

5. Жиектері (жоғарғы, төмен, оң жақ, сол жақ): 2 см.

6. Шрифт: өлшемі (кегль) – 14, түрі – Times New Roman.

7. Теңестірілуі: көлдеңінен.

8. Жол аралығы: бір.

9. Беттерге нөмір қойылмайды.

10. Баяндамадағы сілтемелер мен түсіндірулер мәтінде ескерілу ретіне қарай тік жақшада нөмірленіп жазылады. Тік жақшаның ішіне алынған дереккөздің қойылу реті мен бетінің нөмірі көрсетіледі (мысалы: [5, 21-23 б.]). Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында «Пайдаланылған әдебиеттер» тақырыбымен жазылады. Бірнеше рет пайдаланылған әдебиет атауы бір рет көрсетіледі.

Мекен жайымыз: 130000, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 26 шағын аудан,  60 ғимарат,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Ұйымдастыру комитеті: «Мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасы

Ұялы телефон: +7 701 336 00 36 Демеуова Айгуль Амангелдиевна

E.mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.


Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауы
2018

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2018

 


Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі смарт технологиялар
15.05.18

 


Білім беру мазмұны жаңартылған бағдарламалары бойынша бастауыш сыныптарда оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
1-31.03.18

 


«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының
5 жылдығына арналған «Педагогикалық ізденіс - кәсіби өсу кепілі» тақырыбындағы фестиваль

 


«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының Республикалық байқауы

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2017

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2017

 


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында смарт техникаларды тиімді пайдалану және әлемдік тәжірибе
15.05.17

 


Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
1-31.03.17

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2016

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2016

 


Біліктілікті арттыру жүйесіндегі Smart-технологиялар: халықаралық тәжірибе және отандық практика
16.05.16

 


Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
1-31.03.16

 


«Сабақтың үздік контенті» орта мектептің пән мұғалімдерінің облыстық байқауы
2015

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» облыстық байқау
2015

 


«Панорамалық сабақтар» облыстық байқау (сырттай)
2015

 


Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен даярлау жүйесіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың мәселелері мен оларды шешу жолдары
15.06.15

 


Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне смарт білім беруді енгізу мәселелері
29.04.15

 


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа тұрғысы
1-31.03.15

 


PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

 


SMART-Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері
27.02.14

 


Сабақтың үздік контенті
2014

 


Үздік ауылдық мектеп
2014

 


Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық

 


Интеллектуалды дарынды жасөспірімдер тұлғасының эмоционалды сферасын дамыту

 


Инклюзивті білім беру жағдайында дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру

 


Өзгеріс. Тәжірибе. Ой толғау

 


«Е-контент» байқауы
2013

 


Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
24.04.13