Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Облыстық пән мұғалімдерінің «Е-контент» байқауы

Фотогалерея

Облыстық «Е-контент» байқауы
Әділ қазылар алқасының қорытынды

ХАТТАМАСЫ

Өткізілген күні:                   23.12.2013 ж.             Сағат 09:30
Өткізілген орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»
Әділ қазылар:

  1. Б.Қ.Мусағалиев                Ақпараттық технологиялық бөлім меңгерушісі
  2. А.Ж.Абдрахманова           ИТжҒЖ(Г)ПОӘ кафедрасының аға оқытушысы
  3. С.Г.Алипбаева                  ОББСБжАОӘО зертхана меңгерушісі

Қатысушылар

Марапатталуы

1

Ташмухамбетова Жадыра Абдигалиевна
А.Тайманов атындағы №34 МГ

1 орын

2

Жургалиева Айдана Сериккалиевна
Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ

2 орын

3

Гайсина Зибагуль Максутовна
№19 ЖОББМ

2 орын

4

Оканова Самал Жанболатқызы
Шыңғырлау ЖОББМ

3 орын

5

Амиртаева Индира Сапаровна
№7 ЖОББМ

3 орын

6

Мурзагалиева Сайран Каирхановна
№8 ДБМОМ

3 орын

7

Сейткалиева Гулзира Аскарбековна
ЖББ Березов орта мектебі

Ізденімпаз мұғалім

8

Жекенова Гулжан Махсотовна
Дарьинск ЖОББМ

Жаңашыл мұғалім

9

Асенеев Аслан Максимович
Бөрлі негізгі қазақ мектебі

Шығармашыл мұғалім

10

Верещак Игорь Сергеевич
Подстепный №1 ЖОББМ

Шебер мұғалім

 

 

 

 

Облыстық пән мұғалімдерінің «Е-контент» байқауынын ережесі

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогтың кәсіби мәртебесін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан Облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты пән мұғалімдерінің облыстық «Е-контент» байқауын өткізеді.

Байқаудың негізгі міндеттері:

  • электрондық    оқыту    жүйесін    (е-1еаrning)    енгізу жағдайында пәндерді оқытудын инновациялық әдістері мен формаларын және педагогикалық идеяларды іздеу;
  • білім беруді ақпараттандыру жағдайында шығармашылықпен жұмыс
    жасайтын пән мұғалімдерін айқындап, оларды мадақтау мен кәсіби имиджін арттыру;

- бірыңғай ақпараттық білім ортасына ену үшін мұғалімдердің кәсіби құзырлылығы мен ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру;
-  ІТ-технологияларды   енгізу   жағдайында   педагогтердің озық тәжірибелерін тарату.

Байқауға қатысушылар

Байқауға Батыс Қазақстан облысының 2013 жылы электрондық оқыту жүйесіне қосылған 44 жалпы білім беретін орта мектептің 2.09.-22.11.2013 аралығында БҚО ПҚБА институтының «Білім беру ұйымдарында электрондық  оқыту   (e-learning) жүйесінде оқытуды басқару» курсының  тыңдаушысы болған пән мұғалімдері қатысатын болады.

Байқауды ұйымдастыру реті мен оны өткізу мерзімі

Байқауды ұйымдастыру мен өткізу үшін ұйымдастыру комитеті мен әділқазылар мүшесі құрылады. Байқаудың құрылтайшысы БҚО ПҚБА институты.
Облыстық байқау 2 кезеңде өткізіледі:
I кезең – 2.09.-22.11.2013 ж. (курс кезеңі) – курс кезінде өзіндік жұмыстары мен жобалары бойынша. Эссе электрондық оқыту туралы.
Байқауға педагогтердің қатысуы туралы өтініштерді тіркеу БҚО ПҚБАИ сайтында жүргізіледі.
кезең – 23.12.2013 ж. БҚО ПҚБА институтында өтеді.

  • Сабақ;
  • Шығармашылык    көрме (портфолио),    өз   тұжырымдамасын    қорғау    ( әдістемелер, технологиялар);
  • Презентациясы   және   пән мұғалімінің шығармашылығы;

Байқауға қойылатын негізгі талаптар

Сабақты өткізу барысында цифрлық білімдік ресурстар (ЦБР) - негізгі мазмұнды, басты идеяны және өз тәжірибесі сиякты педагогикалық іс-әрекеттер бағыттарын көрнекі түрде баяндау қарастырылады.
Байқауға ұсынылатын сабақ, сабаққа қойылатын қазіргі дидактикалық талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Сабақтың ұзақтылығы 15 минуттан аспауы керек. Сабақтың мазмұны ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерімен: кескіндермен,    кестелермен,   көрнекі   және   басқа   да   дидактикалык материалдармен безендіріліп көрсетілуі қажет.

  • Сабақ арнайы цифрлық білімдік ресурстарын (ЦБР), әрі жиі
    пайдаланатын дидактикалық интерактивтік кұрылғыларды қолданумен
    өткізілу керек.
  • Дайын   электрондық   білім   ресурстары   (ЭБР)   қолданылған
    (тренажерлар, виртуалдық зертханалар және т.б.) сабақ.
  • Электрондық білім ресурстары қолданылған сыныптан тыс іс-
    шаралар.
  • Ақпараттық технологиялар мүмкіндігі толығымен қолданылған
    ынталандыру оқыту ойындары.

Байқауға қатысушылардың шығармашылық көрмесін қорғауға 5 минут беріледі. Тұжырымдаманы компьютер арқылы қорғауға 7-10 минут уақыт беріледі және онда мына мәселелерге баса назар аударылады:

  • өзектілігіне;
  • негізгі мақсаттың толымдылығына;
  • ғылыми идеялардың баяндалуына;
  • әдістемелік жүйеге;
  • күтілетін нәтижесіне.

Презентациясы мына бағытта көрсетілуі тиіс:

  • жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне немесе бөлімдеріне сәйкестілігі;
  • материалды ұсынудың толымдылығы;
  • қолжетімділігі;
  • көрнекілігі;
  • технологиялық сипаттамасы;
  • көбейтіліп шығаруға дайындылығы.
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту