Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жетелі оқыту - келешекке бастау

Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы контексте «Барлық білім беру буынында сапалы ұлттық білім беруді жүзеге асыру» мақсатында 27 ақпан 2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «SMART-Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері» атты аймақтық online конференциясы өтті.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы контексте «Барлық білім беру буынында сапалы ұлттық білім беруді жүзеге асыру» мақсатында 27 ақпан 2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «SMART-Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері» атты аймақтық online конференциясы өтті. Аймақтық online конференцияға Астана, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстары  бойынша педагог  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарынан және Орал қалалық білім бөлімі және  аудан  мектептері қатысты.

Конференцияға қатысушылар мақалаларын электрондық почта арқылы  Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript ға жолдап отырды. Конференцияға мектептер, колледждерден және біліктілікті арттыру институттарынан, www.zkoipk.kz сайтына төмендегі секциялар бойынша 100-ден астам мақалалар тіркелді.

1. Президент  Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы контексте «Барлық білім беру буынында сапалы ұлттық білім беруді жүзеге асыру».

2. Smart education білім беруді дамытудың жаңа тұрғысы ретінде.

3. E-learning үдерісін мектепке енгізудің өзекті мәселелері.

4. Смарт құрылғыларды белсенді түрде қолдануға бағытталған оқыту.

5. Педагогтің АКТ-құзыреттілігін арттыру.

Мақалалар www.zkoipk.kz сайтында жарияланып, педагогтер мен сайт оқырмандары тарапынан ашық пікірлер жазылып талқыға салынды.

Өзектілігі:1.Конференция жұмысы ұйымдастыру сәтінен бастап, толығымен сайт арқылы қолдауға ие болды.

2. Конференция контенттері қалыптасты. Сәйкесінше, сілтеме.                   zkoipk.kz/conf.html

Білім беруді ақпараттандыру мекеме дамуының өзекті бағытының бірі ретінде білім беруде қазіргі заманғы ақпараттандыру құралдарын қолдану мүмкіндігін, білім беруде оқыту, тәрбиелеу, басқару дәстүрлі үдерістерінің, сонымен қатар мектептің білім беру мазмұнын жаңартуды дамыту міндеттерін, білім беру үдерісінің технологиялары және білім беру ортасы қасиеттерінің тиімділігін көтеруді қамтамасыз етеді.

Оқу үдерісін ақпараттық коммуникациялық құралдарсыз көзге елестету қиын. Интернет технологиясы  арқылы оқыту (E-learning) – бұл интернет желісі арқылы оқу үдерісіне қажетті ақпараттың үлкен көлемін тасымалдауды және оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивтік арақатынасты жүзеге асырып, осы үдерістерді компьютерлік бақылауға негізделген. Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат –  білім беру үдерісінің барлық құрамдас бөліктерінің үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

Smart education – бұл ортақ стандарт, келісім мен технология  негізінде  Интернет желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған оқу мекемелері мен  профессорлық-оқытушылық құрамының бірлестігі.

Сөздің түбіріне келетін болсақ, «smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді. Сондай-ақ, Smart education, немесе «жетелі оқыту», - бұл барлық әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын  интерактивті білім ортасындағы икемді оқыту.  Smart education ұғымының мәні  – білімнің кең көлемді қолжетімділігі. Өз кезегінде, «жетелі оқытудың» мақсаты - білім беру процесін электронды ортаға көшіру арқылы оқыту процесін тиімді ету.

Конференция жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» директоры, п.ғ.к С.С. Измуханбетова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Басқосуда институт директорының орынбасары Е.Сафуллин «Smart-education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мәселелері» тақырыбында ой қозғады.

SMART-Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру арқылы жетуге болады:

- Барлық білім беру мекемелерін SMART құрылғылармен қамтамасыз ету;

- SMART құрылғылармен жұмыстануға оқытушының арнайы дайындығы және оны меңгеруі;

- E-learning және Smart education енуіне дайын болу.

Бүгінгі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты өздігінен білім алуды дамыту, үздіксіз өз бетінше іздену қажеттілігін  тудыру. АКТ-ны қолдану - адамға үздіксіз оқуға, білім алуға, жан-жақты білімді бәсекеге қабілетті маман даярлаудың кепілі.

Негізінен алғанда конференцияны ұйымдастыру бөлімі осы ауқымы үлкен тақырыптағы  іс-тәжірибелерді электрондық оқытудың шешімдері мен мәселелері туралы педагогтардың  ой-пікірлері мен ұсыныстарын  облыс мұғалімдерінің тамыз мәжілісіне қортындылауды ұйғарып отыр.

 

Электрондық оқытуды енгізу оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгiн, оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»,

ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы

Мусагалиев Батыргали Калекешович

 

Пікір қосу