Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Аймақтық конференция өтті

27 ақпан күні «SMART-Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері» атты аймақтық online конференциясы өтті.

Аймақтық конференцияға Астана қаласы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстары бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттары online режимінде қатысып отырды.

Конференция жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» директоры, п.ғ.к С.С. Измуханбетова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Басқосуда институт директорының орынбасары Е. Сафуллин «Smart-education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мәселелері» тақырыбында ой қозғаса, «Повышение икт-компетентности педагога» атты тақырыпта «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» бөлім басшысы М. К. Умербеков, «Мектеп басшысы қызметіндегі эволюциялау үдерісі» тақырыбында №1 ЖОББМ-тің директоры Н. Даулеткалиева және т.б. қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Конференцияға қатысушылар SMART-Educattion үдерісін енгізу жағдайында көкейде жүрген ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.

Конференция фотогалереясы

Конференция контенті

 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту