Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Музыка пәні бойынша орта білім беру мазмұнын жаңартудың жүзеге асырылуы
04.04.2017 09:23

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында 2017 жылдың 3 сәуірінде музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Музыка пәні бойынша орта білім беру мазмұнын жаңартудың жүзеге асырылуы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға 30 педагог қатысты.

 
Облыстық онлайн семинар өтті
30.03.2017 18:21

2017 жылдың 30 наурызы күні педагогикалық үдеріске қатысушылардың гаджеттерді тиімді қолдану, оларға тәуелділік бойынша өзекті мәселелерді талдау  және алдын алу жолдарын ұсыну мақсатында облыстың білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Гаджеттерді қолданудың тиімділігі мен тәуелділіктің алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

 
Жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдері үшін оқыту семинары оздырылды
30.03.2017 15:57

30 наурыз күні «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне ақылы оқыту семинары өткізілді. Семинарға Зеленов ауданының  Батурин және Рубежин жалпы орта білім беретін мектептерінен 24 мұғалім қатысты.

 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен өткен кездесу
29.03.2017 16:37

2017 жылдың 29 наурызы күні Орал қаласы №47 ЖББОМ базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевпен кездесу өтті. Кездесуге білім саласының барлық қызметкерлері: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты; Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы; БҚО білім саласындағы бақылау департаменті; Орал қаласының білім беру бөлімі;  кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің мамандары, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің қызметкерлері, мектеп директорлары, пән мұғалімдері, т.б. білім саласы мекемелерінің педагогтері қатысты.

 
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 1-сыныптың мұғалімдері үшін оқыту семинары оздырылды
19.03.2017 19:32

2017 жылдың 18 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 1-сынып мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін дамыту: критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында қазақ тілді «Ключевые компоненты использования критериального оценивания в рамках обновления содержания образования» тақырыбында орыс тілді және топтарда 8 сағаттық жылжымалы оқыту семинарлары оздырылды.

 
Хабарландыру
17.03.2017 11:53

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2017 жылдың 30 наурыз күні білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Гаджеттерді қолданудың тиімділігі мен тәуелділіктің алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізеді.

 
Республикалық радиоконференция
16.03.2017 19:21

28 ақпан күні Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілік арттыру институты «Көптілділік білім берудегі SMART-технологиялар: тәжірибе мен келешек» тақырыбында республикалық радиоконференция ұйымдастырды. Аталған іс-шарада  кафедра  меңгерушісі  Дандибаев А.Т. эфирде «Көптілді білім беруде Smart технологияның маңызы» тақырыбында аудио баяндама жасады.

 
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 1-сыныптың орыс тілі пәні мұғалімдері үшін әдістемелік семинар оздырылды
16.03.2017 17:06

2017 жылдың 15-16 наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды қолданудың түйінді компоненттері» тақырыбында 16 сағаттық әдістемелік семинар өткізілді.

Фотогалерея

 
Біліктілікті арттыру курстарына қалалық маслихат депутаты қатысты
16.03.2017 12:42

2017 жылдың 15-16 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы біліктілікті арттыру курстарына қалалық маслихат дептутаты, «Жайық Пресс» ЖШС-ң бас директоры Сафуллин Жантас Набиоллаұлы қатысты.

 
Дөңгелек үстел өтті
13.03.2017 09:24

«Нұр Отан» ХДП-ның кіші залында Батыс Қазақстан облыстық салалық  білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіптік одағының ұйымдастыруымен 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай «Әйелдердің  саясат пен мәдени өмірге араласуы» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Шараға бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілері мен еңбек саласындағы әйелдердің мәселелері бойынша комиссия мүшелері қатысты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>

3 - бет 28 - беттен