Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

Хабарландыру
17.10.2016 09:18

2016 жылғы 24 қазан - 11 қараша аралығында бастауыш сынып пәндері бойынша Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курстары басталады.

69 курстың тізімі

70 курстың тізімі

71 курстың тізімі

 
«Бірлескен оқу – нәтижеге жетудің жолы» семинары
11.10.2016 09:22

8 қазан күні қаладағы №1 жалпы орта білім беретін мектепте облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен 1 сынып мұғалімдеріне арналған «Бірлескен оқу – нәтижеге жетудің жолы» атты  семинар оздырылды. Семинарға  педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтынан тренерлер қатысты. Семинарда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында  білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша: жоспарлау, бағалау, тиімді әдіс-тәсілдер туралы сөз қозғалды.  Семинар қатысушыларына zkoipk.kz сайтында орналасқан байқаулар мен онлайн-курстар туралы ақпарат берілді.

 
Хабарландыру
11.10.2016 09:07

ӘБЕО орталығы қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы базалық дефектологиялық білімі жоқ, бірақ жоғары педагогикалық білімі бар педагог және тәрбиешілерге арналған «Дефектология»   мамандығына біліктілігі бойынша «Олигофренопедагогика» (500 сағат оқу жоспарына сәйкес) жылдық қайта даярлау курсына тыңдаушылар жинайтынын хабарлайды.

Бірінші семестрдің басталуы 2016 жылдың 31 қазан мен 7 қараша аралығында.

 
Инновациялық педагог және мектеп
10.10.2016 11:00

2016 жылдың 10 қазан күні циклограммаға сай «Инновациялық педагог және мектеп» атты облыстық байқауына қатысушылардың бейнеөнімдерінің сапасын жақсарту мақсатында кеңес өткізілді.

 
Хабарландыру
06.10.2016 09:22

Осыған байланысты курстардың нақты уақыты мен кестесін қосымша хабарлаймыз.Республикалық бюджетке өзгерістер енгізу жөніндегі комиссия отырысының  7.10.2016 ж. болуына байланысты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша  бастауыш сынып мұғалімдері мен ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған курстардың басталу уақыты   24.10.2016 жылға өзгертуін ұсынды.

 
«Болашағы біртұтас ел» тақырыбындағы эссе және өлеңдер байқауы
05.10.2016 10:37

Батыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының

педагогтеріне  арналған «Болашағы біртұтас ел» тақырыбындағы  эссе және өлеңдер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже

1.1.«Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы  Батыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,  облыс педагогтары арасында «Болашағы біртұтас ел» тақырыбында  эссе және өлеңдер (сырттай) байқауын өткізеді. (Бұдан әрі - Байқау)

 
Құрметті әріптестер!
05.10.2016 09:11

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2016 жылдың 19 қазан күні «Жаратылыстану-математикалық пәндер оқытуда смарт техниканы қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Ақпараттық хат. Информационное письмо

 
Хабарландыру
04.10.2016 13:35

2016 жылғы 17-28 қазан аралығында  қазақ тілінде өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында 72 сағаттық  ақылы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы басталады.

 
Ұстаздар күнімен!
30.09.2016 13:23
 
Облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
26.09.2016 16:15

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын жаңартудың әдістемелік аспектілері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>

5 - бет 23 - беттен