Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

Орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша курстар басталды
18.07.2016 10:00

Бүгін, яғни 2016 жылдың 18 шілдесінен бастап институттың жоспарына сай Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курстары бойынша 286 тыңдаушыны құрайтын 11 топ оқытыла бастады. Бұл білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы курстардың соңғы топтары. Курстар БҚО ПҚБАИ, №42 "Ақниет" мектеп гимназиясы, №46 ЖОББМ және №6 ЖОББ мектеп базаларында өткізілуде.

 
Еңбегі сіңген тренер
11.07.2016 00:00

Біз 2016 жылдың 30 мамыры мен  24 маусымы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында білім алдық. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тренеріміз Каримуллина Райхан Кәрімқызы  оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша курс өткізді.

 
Ақпараттық хат
06.07.2016 15:44

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының 2016 жылға арналған Жедел жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде өткізілетін «Көптілді білім берудегі смарт-технология: тәжірибе және болашағы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Ақпараттық хат (PDF нұсқасы)

 
«Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы курстарын сәтті аяқтаған мұғалімдерге сертификат табыстау салтанаты өтті
04.07.2016 13:00

«Өрлеу» филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институтында 2016 жылдың 28 наурызы мен 27 мамыры аралығында «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы курстарын сәтті аяқтаған мұғалімдерге сертификат табыстау салтанаты өтті. Курста оқыған 60 тыңдаушының барлығы сертификатқа ие болды.

Құттықтаймыз!

Фотогалерея

 
Педагогикалық оқулардың республикалық кезеңі қорытындыланды
24.06.2016 14:02

2016 жылдың 23-24 маусым күндері «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбындағы Екінші Республикалық Педагогикалық оқулардың республикалық кезеңі өткізілді.

Педагогикалық оқулардың қорытындысы:

 
Еңбек сіңірген тренерлер
23.06.2016 12:26

Біз 2016 жылдың 30 мамыр 24 маусым кезеңі аралығында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында білім алдық. Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі Т.П. Никифорова және тренер С.К. Әбитова бағдарламаны жүзеге асыруға кірісетін облыс және қала мұғалімдері үшін  «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу қазақ тілінде жүретін мектептердегі «Орыс тілі» пәні бойынша  курс өткізді.

 
Республикалық педоқулардың басталу сəтінен көрініс
23.06.2016 08:28

Павлодар қаласында «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбындағы Екінші Республикалық Педагогикалық оқулардың Республикалық кезеңі басталды.

 

 
Жарайсыңдар, Бөрлі ауданының мұғалімдері!
22.06.2016 10:54

2016 жылдың 30 мамыр мен 17 маусым аралығында Бөрлі ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Бастауыш сынып» пәндері бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курстың соңында барлық 50 тыңдаушы сынақтан сәтті өтті. Құттықтаймыз!

 
Сәттілік тілейміз!
20.06.2016 09:36

2016 жылдың 23-24 маусым күндері Павлодар қаласында өтетін «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбындағы Екінші Республикалық Педагогикалық оқулардың Республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысынан бір топ делегация аттанды.

 
Алматы қаласынан келген конференция қонағы
17.06.2016 15:40

Филиалға 2016 жылдың 16 мамырында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі Smart-технологиялар: халықаралық тәжірибе және отандық практика» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушысы «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығының филиалы, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институтының аға оқытушысы Іркітбай Ғалым Бұлұтұлы келді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>

8 - бет 23 - беттен