Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңалықтар
Облыстық онлайн конференция
04.10.2018 11:16

2018 жылдың 4 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияны ұйымдастырды.

Фотогалерея

 
«Менің бақытты балалық шағым»
03.10.2018 11:33

Бүгін ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» мәжіліс залында «Менің бақытты балалық шағым» атты мерекелік бағдарлама болып өтті.

 
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы күнделігі 1-30 қыркүйек
02.10.2018 19:37

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауында орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының бейнесабақтары мен бейнедәрістерін Интернетте орналастыру қажеттілігі айтылған болатын. Президентіміздің өзі видеосабақ туралы нақты тапсырманы атаған кезде білім берудің түрлі салаларындағы үздік педагогтер анықталуы және олардың бейнесабақтарын түсіріп, өңдеу, кейін Интернетке орналастыру тәрізді жауапты, әрі ауқымды істердің тұрғаны мәлім болды.

 
Тірек мектептегі КТС
01.10.2018 10:29

2018 жылдың 24-28 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш сынып пәндерін оқыту әдістемесі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған білім жетілдіру курсы өткізілді.

 
«БҚО Өрлеу» «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқау жұмыстарын ұйымдастыру
28.09.2018 09:06
 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларына тәжірибелік сабақтар өткізілді
25.09.2018 12:45

2018 жылдың 19.09 және 21.09 күндері БҚИТУ Әскери дайындық орталығы базасында алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аясында тыңдаушылармен тәжірибелік сабақтар өткізілді. Бұл сабақтар барысында тыңдаушылар атыс, тактикалық дайындық, медициналық білім негіздері, азаматтық қорғаныс, әскери топография бөлімдерінің тақырыптары бойынша білімдерін жетілдірді.

 
«С++ бағдарламалау тілінің негіздері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді
24.09.2018 09:20

2018 жылы 20-21 қыркүйекте  институт базасында «С++ бағдарламалау тілінің негіздері» тақырыбында 16 сағаттық ақылы әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға облыс мектептерінен 22 информатика пәні мұғалімдері қатысты.

 
«Білім беру кеңістігіне даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қосылуының жағдайы – кедергісіз білім беру ортасын құру» тақырыбында өткен көшпелі тәжірибелі сабақтар
21.09.2018 09:02

2018 жылдың 10-21 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің білім жетілдіру курсын өткізуде.

 
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуде
20.09.2018 10:01

2018 жылдың 17-21 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш білім беру пәндерін оқыту әдістемесі» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуде. Қурсқа облыстың мектептерінен 27 мұғалім қатысуда.

 
«Critical thinking and 21st century skills» оқыту семинары өткізілді
18.09.2018 10:01

17.09.2018ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында  «Critical thinking and 21st century skills» (Сыни ойлау және 21 ғасыр дағдылары) тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға 20 тыңдаушы Орал қалалық мектептерінен қатысты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>