Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Жаңалықтар
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 1-сыныптың мұғалімдері үшін оқыту семинары оздырылды
19.03.2017 19:32

2017 жылдың 18 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 1-сынып мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін дамыту: критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында қазақ тілді «Ключевые компоненты использования критериального оценивания в рамках обновления содержания образования» тақырыбында орыс тілді және топтарда 8 сағаттық жылжымалы оқыту семинарлары оздырылды.

 
Республикалық радиоконференция
16.03.2017 19:21

28 ақпан күні Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілік арттыру институты «Көптілділік білім берудегі SMART-технологиялар: тәжірибе мен келешек» тақырыбында республикалық радиоконференция ұйымдастырды. Аталған іс-шарада  кафедра  меңгерушісі  Дандибаев А.Т. эфирде «Көптілді білім беруде Smart технологияның маңызы» тақырыбында аудио баяндама жасады.

 
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 1-сыныптың орыс тілі пәні мұғалімдері үшін әдістемелік семинар оздырылды
16.03.2017 17:06

2017 жылдың 15-16 наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды қолданудың түйінді компоненттері» тақырыбында 16 сағаттық әдістемелік семинар өткізілді.

Фотогалерея

 
Біліктілікті арттыру курстарына қалалық маслихат депутаты қатысты
16.03.2017 12:42

2017 жылдың 15-16 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы біліктілікті арттыру курстарына қалалық маслихат дептутаты, «Жайық Пресс» ЖШС-ң бас директоры Сафуллин Жантас Набиоллаұлы қатысты.

 
Дөңгелек үстел өтті
13.03.2017 09:24

«Нұр Отан» ХДП-ның кіші залында Батыс Қазақстан облыстық салалық  білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіптік одағының ұйымдастыруымен 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай «Әйелдердің  саясат пен мәдени өмірге араласуы» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Шараға бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілері мен еңбек саласындағы әйелдердің мәселелері бойынша комиссия мүшелері қатысты.

 
«Step by step» технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық дамуы» тақырыбында көшпелі тәжірибелік семинар
09.03.2017 16:00

2017 жылдың 6-11 наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілерінің білім жетілдіру курсын өткізді.

 
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қоғадық-гуманитарлық пәндерді оқытуда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру» тақырыбындағы семинар
06.03.2017 19:45

2017 жылдың 6-шы наурызында «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, инновациялық технологиялар және ғылыми жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі  кафедрасының аға оқытушысы Г.Е. Таскалиеваның  жетекшілігімен  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытуда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинар жұмысына қала мен ауылдардан келген тарих және құқық пәндері мұғалімдері қатысты.

 
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 1-сыныптың орыс тілі пәні мұғалімдері үшін әдістемелік семинар оздырылды
03.03.2017 19:00

2017 жылдың 2-3 наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды қолданудың түйінді компоненттері» тақырыбында 16 сағаттық облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Фотогалерея

 
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде «Мәңгілік ел» құндылықтарын дамыту» тақырыбындағы семинар
02.03.2017 17:06

2017 жылдың 2 наурыз күні мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына Назарбаев Зияткерлік мектебінде семинар өткізілді.

 
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын жаңарту» тақырыбындағы семинар
01.03.2017 16:03

2017 жылдың 1 наурыз күні Орал қаласының №19 мектебінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын  жаңарту»  тақырыбында директордың тәрбие жөніндегі орынбасарларына арналған семинар-тренинг өткізілді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>