Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңалықтар
12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарындағы оқу бағдарламаларының апробациясына дайындық жұмыстары
12.11.2014 06:08

2014 жылдың 6 қарашасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 
«Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізді
11.11.2014 17:46

2014 жылдың 6 қарашасында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 
05.11.2014 18:01

Құрметті Шынар Төлегенқызы!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұжымы Сізді  туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды!

Мұғалім – уақыт пен кеңістік арасындағы құбылысты бағындырып, заман көшінен кейін қалмай ілгері жылжып келе жатқан ұлы керуеннің көшбасшысы,  қоғамдағы қандай да бір саяси, мәдени, ғылыми жаңалықтардың жаршысы. Сіз, бүгінгі жаһандану заманында білім саласындағы жаңа бастамалар мен жаңа форматта білім беруде облыс мұғалімдерінің біліктілігін арттырып жүрген ұстаздардың ұстазы ретінде білікті мамансыз!

33 жасыңыз құтты болсын! Сіз меңгерген биіктіктер - қазіргі жасыңыз үшін тамаша жетістіктер деп санауға толық негіз бар. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім ...» - деп дана Абайымыз жырлап, көкірегі ояу, көңілінде сәулесі бар жастарға бағыт сілтесе, Сіз сол бағытты көре білдіңіз, жүзеге асыра білдіңіз. Мектепте үздік оқу; Университетке жоғары балл жинап, түсу және оны аса жақсыға бітіру - кезеңдері Сіздің өмірдегі тынымсыз еңбекқорлығыңыз пен табиғи қабілетіңіздің жемісі.

Адамның қызмет саласындағы қол жеткізер биіктігі оның алғашқы қызметі - бастапқы импульс алу нүктесіне байланысты. М.Өтемісов атындағы университетте сол оқу орынын бітірген мезеттен жұмысқа қабылдануыңыз да көп жағдайды аңғарса керек. Қазіргі күндегі ғылыми саладағы жетістіктің бағалысы - «Ғылым кандидаты» дәрежесі Сіздің айрықша жетістігіңіз.

Институтта атқарылуы тиісті жұмыстардың ғылыми бағыттары, жоспарлау мен стратегиялардың күрделілері, салмақтылары Сіздің бағалы кеңесіңізбен атқарылатыны да баршаға аян.

Білім – ғылым жолындағы Сізге еңбегіңіз жемісті болып, өз биігіңіздің шырқау шегіне көтерер игі бастамаларыңыз бен кәсіби жемістеріңіз мол болсын!

Жастан-жасқа тола беріңіз! Жетістіктеріңіз мол болсын!

Игі тілекпен, Батыс Қазақстан облысы педагогтері атынан ұжым мүшелері

 
Республикалық интернет-семинарда белсенділік танытты
05.11.2014 04:10

Қазан айы бойы «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ Жедел жоспарына сәйкес Қостанай облысы бойынша филиалда «Сапалы білімді басқарудың құралы ретінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында республикалық интернет-семинар өткізілді. Семинарға Батыс Қазақстан облысының педагогтері қатысты

 
Республикалық онлайн форум
28.10.2014 07:45

2014 жылдың 24 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық    қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Кәсібилік шыңына» тақырыбында Тізбектелген сабақтар топтамасын ең үздік орта мерзімді жоспарлау атты Республикалық  онлайн форумы оздырылды.

 
Көшпелі тәжірибелік сабақ
25.10.2014 07:23

2014 жылдың 13-24 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ «БҚОПҚБАИ»  базасында қазақ мектептеріндегі орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

 
«Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауы
23.10.2014 07:43

20-23 қазан күндері Алматы қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауында облысымыздан жолданған барлық әдіскерлер үмітіміз ақтады.

 
13.10.2014 18:01

Бүгін елеулі күн. Институтымыздың директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Оқу Ассоцияциясының президенті Измуханбетова Софья Салахиденовна 50 жасқа толды.

Құрметті Софья Салахиденқызы!

Мерейлі 50 жасыңыз құтты болсын! Сіз – білікті педагог, шебер әдіскер, ғалым және басшысыз.

Педагогика  саласының қыр-сырын кеңседе ғана емес, көп жылдар қарапайым ауыл мұғалімі қызметінде жүріп меңгердіңіз, шыңдалдыңыз. Жинаған тәжірибеңіз облыс орталығындағы мектептерде қызмет атқарғаныңызда жемісін беріп, түрлі ізденістерге күш-жігер дарытып, педагогика ғылымын тіл білімімен бірлестіре зерттеулер жасап, кандидаттық диссертацияңызды қорғауға да мүмкіншілік берді. Сәйкесінше, қызметтік салада да мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары, оқу ісі бойынша орынбасары, мектеп директоры орындарында абыройлы қызмет атқарып келіп, ұстаздар ұстаханасы – «Өрлеу» БАҰО АҚ БҚО бойынша филиалы ПҚ БАИ директоры лауазымын абыройлы атқарып келесіз.

Сіздің өміріңіздегі маңызды белес – бес ондықтың келген жылы мол қуанышымен, жетістігімен қабат келсін!

Игі тілекпен, Батыс Қазақстан облысы педагогтері атынан ұжым мүшелері.

 
Психологтер байқауы
10.10.2014 10:21

2014 жылдың 10 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Орал қаласы №44 жалпы білім беретін орта мектебінің акт залында Білім беру ұйымдарының психолог мамандарына арналған Республикалық «Жылдың үздік психологі» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Фотогалерея

 
Облыстық байқау
26.09.2014 06:37

2014 жылдың 22 қыркүйегінде БҚО білім басқармасы жоспарына сәйкес Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында «Алаш жырының Ақ шағаласы» атты облыстық байқауға қатысушылар өнерін саралау үшін әділ-қазылар алқасы құрамында институт газетінің бас редакторы жұмыстанды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 Келесі > Соңғы >>