Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңалықтар
«Робот техникасы негіздері» тақырыбындағы оқыту семинары өткізілді
22.06.2018 11:11

2018 жылдың 31 мамырында  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж базасында «Робот техникасы негіздері» тақырыбында 8 сағаттық ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға аталған колледжден  28 оқытушы қатысты.

 
Көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
21.06.2018 17:02

2018 жылдың 18-29 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
Мектепке дейінгі ұйымдардың психологтері көшпелі тәжірибелі сабақтарға қатысты
21.06.2018 10:01

2018 жылдың 11-22  маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
«Мәскеу үшін шайқас» повесті бойынша ұжымдық оқу шарасы
31.05.2018 18:21

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» кітапхана бөлімі “Бірге оқимыз” жобасының кезекті оқылымына Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры “Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романын ұсынған болатынбыз . Бұл шығармада қанды соғыстың қатігез бейнесі шынайы бейнеленген. Кейінгі ұрпаққа жеңістің таңын атқызып, бейбіт күн сыйлаған қазақ жауынгерлерінің ерлігімен тағы бір мәрте танысып, ерлікке тағзым ету үшін, бұл шараны ұжыммен қаламыздың «Мәңгілік алау» Ұлы Отан соғысының батырларына арналған аллеясы маңында өткізген болатынбыз.

 
Оқыту семинары өткізілді
29.05.2018 09:31

2018 жылдың 19 мамырында және 26 мамырында  Казталов ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру формалары» тақырыбында ақылы оқыту семинарлары  өткізілді. Семинарларға барлығы 51 мұғалім қатысты. Іс-шараның барысында ұстаздарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ұйымдастырылатын курсаралық шаралардың түрлері мен тақырыптары  филиалдың сайты арқылы ұсынылды:

 
Оқыту семинарлары өткізілді
24.05.2018 00:00

2018 жылдың 07 сәуірінде Ж.Досмұхамедов атындағы пеадгогикалық колледжі және 12, 13, 14 сәуір мен 23 мамырда  Орал гуманитарлық колледж базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау» тақырыбында 8 сағаттық ақылы оқыту семинары өтті. Бұл шараларға  аталған колледждерден  126 оқытушы қатысты.

 
Хабарландыру!
22.05.2018 04:05

Конференция беті

2018 жылдың 15 мамыры күні өткен «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі смарт технологиялар» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын 15 маусымға дейін жалғастырады. Конференция қатысушыларын пікір алмасуға шақырамыз. Қатысушы куәліктері мамыр айының соңына қарай қатысушылардың пошталарына жіберіледі. Конференцияның өңделген толық жинағы 15 маусымда жарияланады.

 
«Рухани жаңғыру» – өлкетану саласының жаңа кеңістігі» атты облыстық семинарына қатысу
19.05.2018 05:33

2018 жылдың 16 мамырында облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Рухани жаңғыру» – өлкетану саласының жаңа кеңістігі» атты облыстық семинарына педагогика ғылымдарының кандидаты, МКДППҚ кафедрасының доценті Карлыга Таскалиевна Утегенова «Ғылыми жұмысқа қойылатын талаптар» тақырыбында баяндама оқыды.

 
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
17.05.2018 14:07

2018 жылдың 16 мамырында  мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласының №44 «Мерей» бөбекжайы базасында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.

 
Смарт конференция – игі бастама негізі
15.05.2018 17:22

Конференция беті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2018 жылдың 15 мамыры күні «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі смарт технологиялар» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференцияға БҚО білім беру ұйымдарының педагогтері, соның ішінде 41 базалық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>