Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Алғашқы ұстазыңды құттықта!
01.10.2015 03:15


Құрметті де ұлағатты  ұстаз, адал жар,  асыл ана, парасатты әже, қазіргі таңда «Халықтық» атағына ие болған Бударин ауылдық әжелер ансамблінің белді мүшесі,  құрмет демалысындағы  Сапарова Қарлығаш апайымды кәсіби мейрамымен құттықтаймын!!! Деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ, отбасыңыз аман болсын, әрқашан айналаңызға нұрыңызды шашып, жадырап жүре беріңіз!!!

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны-бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол - ұстазымның ақ арманы.

Нұрын төккен көк аспан күмбезінен
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің жиып-терген.

Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,
Сен ұялдың кір болса менің жейдем.
Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,
Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең

Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.

Лебіз білдіруші: оқушыңыз, Орал қаласындағы №3 ЖОББМ мұғалімі Елеусинова Диана Ұзақбайқызы.

 


Құрметті Дариға Захарқызы!

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйреніп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.
Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сізді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын! Деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт тілеймін.

И\т: шәкіртіңіз Кушекенова Алтынай Талапқызы

 


Құрметті ата Талап Құмарұлы!

Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртінен түскен жоқ. Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытқан Сізді төл мерекеңізбен құттықтаймыз!

Барша жиендеріңіздің атынан Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен өттіңіз. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңызды шығармашылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,  отбасыңызға амандық,әжемен бірге ұзақ ғұмыр тілейміз!

Т\б: Жиендеріңіз Аман, Лиана-Асанбек, Мира, Рауан, Ильяс, Аида, Назерке, Жанбота, Мирзат, Ершат және Алуа.

 


Құрметті Арайлым Серікқалиқызы!

Сізді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ісіңізге сəттілік тілейміз.

Т\б: Никонор бастауыш жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы

 


Құрметті Шынар Бақтыгерейқызы!

Сізді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймызІ

Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстазға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.

Құтты болсын мерейтой, ұстазымыз,
Орындалсын ойға алған арманыңыз.
Болашаққа білім мен жол сілтеген
Еңбегіңе біз мәңгі қарыздармыз.
Басыңызға бақ ұялап, бақыт қонсын,
Береке-ынтымақпен орта толсын.

Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер,
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,
Зердесін болашақтың зерлі еткендер.

Т\б: Никонор бастауыш жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы

 


Дорогие Ниярова Жанылай Мадиниетовна и Мусагалиева Умит Бакытжановна!

Дни школьной жизни - радость удивленья, 
Им нет цены и опыт их велик. 
Они - исток, начало становленья 
Твоей судьбы грядущей выпускник! 
Шагай вперед дорогою рассветной, 
И знай, что в след, печали не тая, 
Глядит с улыбкой и надеждой светлой 
Учительница первая твоя. 
Мы говорим спасибо ей большое, 
За то, что нас по жизни повела, 
За то, что нас любила всей душою,
За то, что знания нам первые дала! 
Да, будем мы серьезнее с годами, 
Созреет разум, окрылится мысль, 
Но эти годы будут, как фундамент,
Тот самый, на котором строят жизнь.

С поздравлениями выпуск 2000 года Тасмулинской средней школы Чингирлаукого района.

 

Менің алғашқы ұстазым


Кушекенова Алтынай Талапқызы

Құрметті Алтынай Талапқызы!

Тамаша мереке — Мұғалімдер күні қарсаңында өзімнің сүйікті ұстазымды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Мен білім ордасы — Никонор бастауыш мектебінің табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдым. Ұстазым бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, ізгілік пен адамгершілікке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті. "Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" — деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.  Сізге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!

Ұстаз,ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.                 Әль Фараби.

Құттықтаушы: Никонор бастауыш жалпы білім беретін жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі және шәкіртіңіз Бекенгалиева Улболсын Бактыгерейқызы

 

Алғашқы менің ұстазым

«Алғашқы ұстаз - әр адамның санасында мәңгілік сақталатын,  өмірінің соңына дейін бас иіп өтетін ардақты да, қасиетті ұлы тұлға»

Бастауыш сынып мұғалімінің тұлғасы шәкірттері үшін өнегенің қайнар көзі  болып табылады. Оның  айтқан әр сөзі, жасаған әр қимылы, мінезі,  тіпті киген киімінің өзі бастауыш сынып жасындағы балалар үшін  берік қалыптасқан  мінсіз  қағида болып есептеледі.Өйткені осы жастағы балалар өмірдің шынайылығын көзбен көріп, сезіну арқылы қабылдайды.

Менің де бала қиялыма ұстаздықтың кереметтей өнегелілігін сезіндіре білген адам - өзімнің алғашқы ұстазым Умурзакова Рита Галлямқызы болды. Мен осы бір  кереметтей  тұлғаның  өзімнің  алғашқы ұстазым болғанын  жолымның болғаны  деп бағалаймын. Оның  асқан  қарапайымдылығы, әр шәкіртін анасындай еркелететін аналық мейірімі, еңбекқорлығы, мамандығына деген сүйіспеншілігі менің балалық санамда балалық қиялымның  бүршік жаруына себепкер болды. Рита апайдың ұстаздық мейіріміне бөлене жүріп мен өзім де болашақта дәл сол сияқты ұстаз болуды ұйғардым.

Еңбекке баулу сабағында жасайтын бұйымның қатырма қағаздан қиылған  бөліктерін  әр оқушыға жеке қалташаға салып таратып беретіні  әлі есімде.  Кейін өзім ұстаз болған кезде сол кезде  әр сабақ сайын 22 оқушының әрқайсысына  сондай қалташа жасаудың қаншама уақытты талап ететінін түсінген кезімде ұстазымның  жауапкершілігі мен еңбекқорлылығына  тәнті боп, «мен де дәл сондай болуға тиіспін» деп алдыма мақсат қойдым.

Рита апайдың  дайындауымен сол кезде «Буратино» қойылымын бүкіл мектеп пен ата-ана жұртшылығына қойғанымыз да жадымда жатталып қалыпты. Кіп –кішкентай бүлдіршіндердің  бұл күрделі қойылымды жұртшылық алдында биік деңгейде көрсетуі де ұстаздың  қаншама еңбегінің нәтижесі екенін де кейін  ұқтым.

Сабақтан тыс уақытта жаны сондай жұмсақ жан  сабақ кезінде талапшыл тұлғаға айналып кетеді.Сондықтан оның сыныбы үнемі білім сапасымен де, тәртібімен де мектептің мақтанышы болатын. Әр әріптің жазылуына дейін көңіл бөлетін ұстаздың назарынан ешқандай кемшілік тыс қалмайтын. Ұстаз өз шәкірттерін тек бастауыш сыныпты бітіргенше емес, мектеп бітіріп кеткенше бақылауда ұстайтын. Ағаттық істерімізді естісімен бізге келіп «ұят –ай, сендер туралы солай деп айтқанда қатты ұялдым» деген  бір ауыз сөзінің өзі небір тентектерге ұзақ уақытқа тоқтау салатын. Рита апай шәкірттерімен мектеп бітіріп кеткеннен кейін де байланысын үзбей, үнемі өз ақылын айтып  отырады.

Бұл күндері ұстаздың туған жері Қошанкөл ауылында  оның шәкірттерін жүздеп санауға болады.Олардың барлығы да Рита апай туралы нақ осындай пікірде екеніне сенімдімін. Рита апайға барлық шәкірттері атынан жүрекжарды жырымды ұсынамын.

Бірді бірге қоса алмай жылап тұрып,
Тұрушы едік әр сөзіңе құлақ түріп.
Қабақ шытпай, үйретуші ең сабырлықпен
Неткен жүрек, бұл не деген шыдамдылық.

Қолға қалам ұстатып,
әріптерді үйреткен.
Жемісін күткен бағбандай
тал шыбықтың өзі еккен.
Тал шыбығың гүл атты,
кезі келді жемістер.
Бас иеміз, Рита апай,
рахмет сізге ең үлкен!

Шәкірті, Т.Р.Утешева, Казталовка ОЖББ
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Ұстазым менің ұстазым

«Ұстазым менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым» - деген өлең жолдары мектеп қабырғасын көрген кез келген оқушының көкейіне орала кетері белгілі жай. Шынымен де, өмірге іңгәләп келген сәттен ананың аялы алақанын сезінер болсақ, әріп таныған сәттен ұстаздардың аялы алақанының жылуын сезінеміз. Мектеп десек, ең әуелі ұстаздардың аяулы бейнесі көз алдымызға келеді. Жазушы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» хикаятындағы кейіпкер Қожаның басынан кешкендері ауылдағы әрбір мектеп оқушысының басынан өтері белгілі. Сабақтан үйге келе салып, мұғалім-шәкірт ойынын ойнайтынбыз. Өзіміз мұғалім болып, өзіміз оқушы болып үй тапсырмасын орындайтынбыз. Бұл әрекетіміз ұстазға еліктеудің бір түрі болса керек. Ұстаздың киген киімі, сөйлеген сөзі, жүріс – тұрысы да қырағы шәкірттердің назарынан тыс қалуы мүмкін емес. Осындай ұстазға тән келбетімен де, шәкіртті жылы тартқан мінезімен де баурап алған алғашқы ұстаздарымның бірі – Темірғалиева Шынар Бақтыгерейқызы.

Шынар Бақтыгерейқызы 1994 жылы алғаш рет қолыма әліппе ұстатып, білім кемесінің ескегін берген аяулы ұстазым, өзінің еңбекқорлығымен, талапшылдығымен ерекшелене білген жан.

Алғашқы еңбек жолын ұстаздық қызметпен бастаса да талапшылдығы мен біліктілігінің арқасында еңбегі еленіп, аудан көлеміндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіскері болып, Аудандық білім беру бөлімінде қызмет атқарып келеді. Сіздің берген біліміңіз бен біліктілігіңіздің арқасында, біздер әрқайсысымыз өмірден өз жолымызды тауып, бір – бір мамандық иесі атандық. Бұл сіздің ерінбей – жалықпай берген әр сабағыңыздың жемісі деп білемін. Әр күн сайын мектеп табалдырығын аттасымен сіздің ұлағатты тәрбиеңіз бен қызықты сабағыңызды тыңдап, өмірге құлшына кірістік. Сіздің ұшан – теңіз еңбегіңіз, қайратты күш – жігеріңіз бізді алға жетелеп, болашаққа жарқын көз – қараспен қарауға ұмтылдырды.

Мың алғыс сізге ардақты ұстазым! Сізге борыштарымызды өмір бақи бас иіп өтсек те өтей алмаспыз! Сізге шәкірттік сезіммен зор алғысымызды білдіре отырып, шалқар шабытыңыз шыңдалып, күш – жігеріңіз еселеніп, еңбегіңіз еленіп, атақ-абыройыңыз асқақтай беруіне тілектеспін!

Шәкіртіңіз, Хойшина Әдемі Манарбекқызы,
Қараөзен мектеп -лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Мерейлі мерекеңіз құтты болсын ұстазым!

«Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз-ана дана бола алады.
Ең бастысы, ұстаз мынау өмірде
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады» - деп ақындар жырлағандай, адамның жеке тұлға болып қалыптасуында ұстаздардың алатын орыны ерекше. Соның ішінде алғашқы ұстаздың еңбегін ешқандай өлшеммен өлшеу мүмкін емес. Білімнің іргетасы бастауыш сыныпта қаланатыны сөзсіз, сондықтан бастауыш сынып мұғалімі ақ парақтай кіршіксіз оқушыға қалай тәлім, білім берсе, орта буын, жоғары буынға барған кезде оқушылар сөзсіз білімді нақты игере алады. Осы орайда мен де өзімнің алғашқы ұстазым туралы сөз еткенді жөн көрдім. Мен 1986 жылы Сырым ауданы (Жымпиты), Қызыл-ту ауылындағы қарапайым мектепке бірінші сыныпқа барған едім. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, Тайшиева Сапура апайдың әр айтқан сөзін, берген тапсырмасын бұлжытпай орындауға бейімделдім, яғни ол кісінің айтқан сөзі мен үшін заң болатын. Жалғыз мен ғана емес, барлық сыныптастарым да келісетініне кәміл сенемін, бір сыныптағы 30-ға жуық кішкентай, көздері жәудіреген оқушылар мұғалімнің жүріс-тұрысына, киім киісіне, сабақ түсіндіруіне тапжылмай қарап отыратынбыз. Әрине бала болған соң, барлығымыз бірдей тәртіпті болдық деп айтуға болмайды, тентектік жасап мұғалімнен сөз естіген сәтіміз де болды, осы сәттердің барлығы да әлі күнге дейін көз алдымда. Сапура апайымызды мектептің алдынан күтіп алып, қыздар жағы сөмкесін «мен ұстаймын, мен ұстаймын…» деп таласатынбыз, сабақ біткен кезде де, апайымызды үйінің қақпасына дейін барлығымыз жағаласып, жеткізіп тастайтынбыз. Сапура апай бүгінгі таңда өзінің жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген еңбегінің жемісін көріп, мерейлі зейнеткерлік жаста, Орал қаласында тұрады. Алғашқы ұстазыма ұзақ ғұмыр тілеп, ұл-қыздарының, немере-жиендерінің, қала берсе шөберелерінің ортасында әлі де ұзақ өмір сүруіне шын жүрегімнен тілектеспін! 

Махметова Айша Сагынгалиевна

1986-1987 оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған шәкірті, Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

 

Ұстаз,ұстаз!!!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль фараби, Ыбырай мен Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

Құрметті Айткалиева Айсүлу Аймукановна сізді шын жүректен мерекеңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!!

Ақсуат ОЖББМ 
1999 ж түлектер

 

Қадірлі ұстаздар!

Тамаша мереке - Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Біз білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстазда орымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті. "Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан. Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз!  Мына гүл шоқтары сіздерге! Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін.

Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебінің 3 сынып оқушысы
Тілепбергенова Айкөркем

 

Егер шәкірттік жылдарымыздың балалық сезімге толы парақтарын еске алсақ, көзге ыстық, көңілге жылы ұшырай беретін бір бейне ол – алғашқы ұстаз. Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Алғаш әліппенің бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалім бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Мен де алғашқы ұстазым туралы ойға кетсем, көз алдыма жарқын мінезді, жайлы, сабырлы, білімді, жылы жүзді, қашанда көздерінен мейірім оты жанып тұратын Өмірзақова Рита Ғалламқызы елестейді. Ол кісі өте еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы ардақты жанның мен үшін орны бөлек. Өмірде анамнан кейін қадірлі жан болса ол-алғашқы ұстазым. Ұстаз шәкіртті аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады. Рита Ғалламқызы да бізді өз баласындай көріп, білім нәрімен сусындатып, мейірімін төге білді. Қашанда жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті сүйкімді, әрі ұстамды ұстазымызды біз мақтан тұтып, ұстазымыздан үлгі алуға тырысатынбыз. Ұстаздан сіңірген өнеге мен тәлімді өмірдің өзінен сабақ ала отырып, өмір баспалдағымен неғұрлым ілгері басқан сайын ұстаз айтқан сөздер жақсылық ұшқыныдай болып, бағыт-бағдар берер шамшырағымызға айналды. Ұстазымыздан алыстап, өмір соқпағымен алға басқан сайын, оның тұлғасы соншалықты биіктей түсті. Осындай өткен шақтарымыздың балғын бейнеге толы парақтарын тағы да бір тамашалай отырып, ой елегінен өткізіп, сол қызықты жылдардың басты тұлғасы болып табылатын Өзіңізге мықты денсаулық, қажырлы қайрат, еңбегіңіздің зейнетін көріп, бауырлары ңыздың арасында аман-есен жүре беруіңізге тілектеспін.
Шәкірті, академиялық бөлімнің бас маманы Мынжасова Сания Ахашовна

 

Мұғалімдер күні қарсаңында өзімнің сүйікті әрі алғашқы ұстазым Жаннат Қажығалиқызын осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын! Алғаш қолыма қалам ұстатып, әліппені үйреткен, білім нәрімен сусындатып, ізгілік пен адамгершілікке баулыған ұстазыма тілерім денсаулық, бақ- береке! Шәкірттеріңіз биік шындардан көрініп, еңбегіңіз ақтала берсін!!!

Шамғонова Жанар Болатовна
Құрманғазы атындағы саз колледжінің
оқытушысы

 

Бар ғұмырын балаға арнаған

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға ...

Ұстаз – аяулы есім.Ол баланың жүрегіне жылылық құяды. Алғаш рет бүлдіршіндерге әріп танытып, қолына қалам ұстатады. Жас бүлдіршінді арман асқарына жетелейді.  Ғұмарова Лида апайымыз ізгі ниетті жандардың бірі еді. Өзінің бүкіл ғұмырын жас жеткіншектерді оқыту ісіне арнады.Әкесі Ғұмар да  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болған, мектеп директоры болып жүрген кезінде Ұлы Отан соғысына алынып, ұстаз сол соғыстан оралмаған. Лида апайымыз – Орал қаласындағы  Сәкен Сейфуллин атындағы №11 мектеп - интернатының түлегі, мұғалімдік мамандықты таңдауына сол кездегі ұстазы Құрмет белгісі орденінің иегері, «Қазақ ССР-інің Халық мұғалімі» Өтеуова Марфуға апайындай ұстаз болсам деген арманы орындалып, мұғалім деген мәртебелі мамандық иесі атанды.

Ол Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қошанкөл ауылындағы Ғали Бегалиев атындағы орта мектепте көп жылдар бастауыш сыныптарда жас бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып жұртшылық құрметіне бөленген жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімі ретінде көптің жоғары бағасын алды. Ұстаздың жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегі ерекше бағаланып, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы берілді. Лида апай сонымен қатар мектепте бірнеше жылдар бойы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, жас мұғалімдерге сабақ берудің әдістемелік жағынан өз көмегін аяған емес. Ұстаз қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында – зейнеткер. Мектеп мұғалімдері мен ауылдастар арасында үлкен беделге ие . Ұлағатты ұстаздың ұл-қыздары да өнегелі отбасында тәрбиеленіп, ана жолын қуып, білім саласында еңбек етуде.Ұлдары Мирболат Ғ.Бегалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте бейнелеу өнері пәнінен, Нұрболат та осы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берсе, қыздары Гүлмира мен Лаура да мұғалімдік мамандықты таңдады, кіші қызы Тамара аудан орталығындағы мектепте ана жолын жалғастырып бастауыш сыныптарда сабақ беріп келеді.

Мусагалиев Батырғали,

1966-1967 оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған шәкірті, Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, жоғары санатты математика пәні мұғалімі

 

Нина Моисеевна Носова - мой первый учитель!
С огромной любовью и благодарностью я вспоминаю своего первого учителя. Нина Моисеевна стала для меня эталоном мудрости и доброты. Она учила нас любить жизнь, ценить мир и уважать родителей. В ее глазах мы видели отражение своих матерей, в ее сердце - верного друга.
Вы были нашим первым учителем, а мы Вашими последними учениками. Светлая Вам память, Нина Моисеевна!
С доброй памятью о Вас, Жумагалиева Динара.

 

Моей первой и любимой учительнице!!!

Назарова Ольга Алексеевна!

Учительница первая моя!
Я помню, как пришла я к Вам малышкой,
И помню, полюбила как Вас я,
А Вы любить учили меня книжки!
Уж много с этих пор минуло лет,
Но в День учителя о Вас мы не забудем!
Желаем счастья, жить всегда без бед,
Несите свои знанья новым людям!

Учительница первая моя,
Улыбка Ваша сердце согревает,
И, если в чём-то сомневаюсь я,
Мне Ваше наставленье помогает.
Я Вам желаю быть всегда такой,
Неугомонной, солнечной и светлой.
Здоровой и счастливой в день любой,
Успеха Вам во всём и оптимизма.

В нашем детском сердце вы смогли оставить,
Ценный след, чтоб мы смогли достойно жить.
С Праздником, родная, дорогая,
Вам «спасибо» не устанем повторять!
Будьте вы всегда, как прежде, молодая,
Разрешите мне вас искренне поблагодарить!

Учительство — не труд, а отреченье,
Умение всего себя отдать,
Уйти на долгий подвиг и мученье,
И в этом видеть свет и благодать.
Учительство — когда в глазах холодных
Зажжется понимания заря,
И ты поймешь: старался не бесплодно
И знания разбрасывал не зря.
Осыпанный цветным дождем букетов
И озаренный блеском сотен глаз,
Прими, учитель, не слова привета,
А часть души от благодарных нас!

Узахова Жансая Тлеккабиловна – выпускница СОШ №5, 1999 г.выпуска
п.Основной, Новоузенский район, Саратовская область.
 

Пікірлер 

 
0 #63 Ақмарал Айсұлтан 2016-10-06 08:50 А.Байтұрсынов орта мектебінің ардагер ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!
Ардақты да, аяулы біздің ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбе н шын жүректен құттықтаймыз! А.Байтұрсынов орта мектебінде ұстаздық етіп, қазіргі таңда зейнеткерлікке шыққан Ағима апай, Салия апай, Бағила апай , Нұржамал апай, Бағдагүл апай, Заруха апай, Күләш апай, Нұрлыгүл апай, Ағия апай, Бағда апай, Роза апай сынды ардақты да аяулы ардагер ұстаздарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Ұстаз деген-жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген-анасы ол адамның
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінгің сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Ұстаз сөзін айтып жүргің ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген-ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Лебіз білдіруші: Алға ауданы, Самбай ауылы, А.Байтұрсынов орта мектебінің ұжымы
Дәйексөз жазу
 
 
-1 #62 Макаримова Гаухар 2015-11-03 15:12 Қымбатты ұстазымыз Зина Мустахимовна!
Мен үшін сіз асқар таусыз, биік белессіз. мен сізден өмірдің қиындықтарын үйренгенім үшін бақыттымын. Сіздей ұстазды маған жолықтырған тағдырыма рахмет. Әдемі, нұрлы бейнеңізбен мәңгілікке әр шәкіртіңіздің жүрегінде өмір сүріңіз! 75 жылғы түлектер
Дәйексөз жазу
 
 
0 #61 Омарова Алтынгүл 2015-10-06 10:20 Алғашқы ұстаз
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал, арзан дәріс айласы.
Ұстаз болу-бақыт,әрі абырой,
Ұстаз деген шәкірттердің айнасы.
Қ.Әбділдақызы

Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңші!
Ұлағатты ой иелері де арман оты жүрегінде жаралаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол- Ұстаз!
Бастауыш сынып мұғалімінің тұлғасы шәкірттері үшін өнегенің қайнар көзі болып табылады. Оның айтқан әр сөзі жасаған әр қимылы, мінезі, тіпті киген киімінің өзі бастауыш сынып жасындағы балалар үшін берік қалыптасқан мінсіз қағида болып есептеледі. Өйткені осы жастағы балалар өмірінің шынайылығын көзбен көріп сезіну,арқылы қабылдайды
Менің де бала қиялыма ұстаздықтың кереметтей өнегелігін сезіндіре білген адам-өзімнің алғашқы ұстазым, әріптесім Кереева Тоқжан Табылдықызы болды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»-дегендей Аққурай бастауыш жалпы білім беретін мектебінде қызмет істейді. Бастауыш сыныпта 34 жылдан бері сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі ұстаз, өзінің көп жылғы тәжірибесін үйретумен келеді. Ол кісініңең басты қасиеті, өзіне міндеттелген әр жұмысына аса жауапкелікпен қарап, нәтижеге жеткенше еңбектенуге дағдыланған. Сол еңбегінің нәтижесі бағаланды.
-2004 жылы Аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасы»;
-2007 жылы аудан әкімінің «Алғыс хаты»;
-2011 жылы аудан әкімінің «Алғыс хаты»;
-2013 жылы аймақтық «Ең үздік сабақ-2013»сайысынада 3-орын;
-2014жылы «Шағын жинақты мектеп және мен» байқауында 1-орынды иеленді.
Тоқжан Табылдықызы ұстаз атын небір сын сәтте аласартпай алып шығатын, өнерге бергісіз мамандығын жан-тәнімен сүйіп,ізгі рухани қасиеттерімен баршаның құрметіне бөленіп жүрген ұстаз ғана емес, аяулы жар, ардақты ана, мейірімді әже. Тоқжан Табылды қызы шәкірттерінің сүйіспеншілігін е , ата-аналарының алғысына бөленіп, еңбегінің жемісін көре берсін.

Шәкірті: Омарова Алтынгүл Ибрайқызы
Аққурай бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Дәйексөз жазу
 
 
0 #60 Ермекова Айша 2015-10-06 10:17 Апайға тілек.

Мұғалімім менің Венера апай,
Бізге білім үйреткен .
Ардақтаймыз біз оны,
Бізге бәрін үйреткен
Құттықтаймыз біз сізді
Алдағы мерекеңізбен
Отбасымен әрқашан
Аман-есен жүрсе екен.

3- сынып оқушысы Ермекова Айша
Дәйексөз жазу
 
 
0 #59 Амангельдиева Айзере 2015-10-06 10:16 Ұстазым Венера апайға.

Мұғалімім менің, білім бізге үйреткен.
Тек қана бізді жақсы өмірге үйреткен.
Біз де оны сыйлаймыз,
Айтқанын оның тыңдаймыз
Жақсы баға алуға
Біз ешқашан тынбаймыз
Келе жатқан мерекемен
Ұстазымызды құттықтаймыз.

3- сынып оқушысы Амангельдиева Айзере
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #58 Галимова Ранида 2015-10-06 10:15 Менің алғашқы ұстазым.

Менің алғашқы ұстазым Кереева Тоқжан Табылдықызы. Ол адам өте мейірімді, ақылды,білімді. Тоқжан Табылдықызы үнемі күліп жүреді, бізді де күлдіріп жүреді. Мектепте қасымда жүрген екінші анамдай. Мен жабырқай қалсам «Не болды? Жағдайың жақсы ма?» – деп жаны ашып жүреді. Ол менің қамқоршым. Мен ұстазымды жақсы көремін.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Барлық ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Ұстаздар мерекесімен алғашқы ұстазымды құттықтай отырып ұзақ өмір, мықты денсаулық тілеймін.

Галимова Ранида
Дәйексөз жазу
 
 
0 #57 Серикова Слана 2015-10-06 10:14 Алғашқы ұстаз

Менің алғашқы "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, білім беріп келе жатқан ұстазым ол Тоқжан Табылдықызы. Ол өте мейірімді, қарапайым еш уақытта ашулануды білмейтін адам. Тоқжан апай менің ақылшым, маған көп нәрсе үйретеді. Ұстазым қазір үлкейседе әлі сабақ береді. Тоқжан апай менің анамның және әкемніңде алғашқы ұстазы.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай менде алғашқы ұстазым Тоқжан апайды мақтан етемін.

Серикова Слана
Дәйексөз жазу
 
 
0 #56 Тоқжан апайға 2015-10-06 10:13 Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Аққурай бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Алғашқы ұстазым Тоқжан апайға

Ұстазым менің ұстазым,
Ойымды жинап ұштадың.
Әр айтқан асыл сөзіңді,
Жадымда мәңгі ұстармын.
Сауатым сізден ашылды,
Мен үшін сіз ғой ақылшы.
Мерекеңмен құттықтап
Арнадым осы хатымды.

Шәкіртің Хамитов Ерасыл. Аққурай БЖББМ
Аяулы ұстазыма!

Алғашқы менің ұстазым,
Көп нәрсе білдім мен сізден
Алғашқы менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Тоқжан апай мен сізді
Ұмытпаймын мәңгілік.
Сізден алған білімді,
Болашақта өтеймін.

Имангалиев Нұрдаулет
Дәйексөз жазу
 
 
0 #55 Көпкүтір ЖББМ 2015-10-06 10:08 БҚО Казталов ауданы Көпкүтір ауылындағы Көпкүтір бастауыш жалпы білім беретін мектебіндегі 3 сынып оқушылары «Алғашқы ұстазым» атты шығармашылық өлеңдерін бастауыш сынып мұғалімдері Светлана Мажитқызы Утешова, Жапаева Толқын Кеңесқызына арнайды.

Алғыс айтам ұстазға
Ұстазым менің ұстазым.
Санама құйған білімді.
Қадір тұтам ұстазды
Білгенімен бөліскен
Ой-санамды оятқан
Ақылыңыз өнеге
Алғысымыз көп сізге.
Айсағалиева Наргиза

Ұстазым
Бізге білім үйреткен
Ардақты менің ұстазым
Мен өзіңмен біргемін
Оқып білім аламын
Оқып,жазып үйреткен
Ардақты менің ұстазым.
Болатова Раузанна

Ардақты ұстазым.
Ұстазым қымбатсың сен әркімге де
Сөз жетпейтін құндылық дүниеде
Санамызды ашатын бір өзінсіҢ
Ұстазым деп үнемі басымды ием
Қадірлі ғой сөздері мағыналы
Құшағына сыйдырады әлемді
Адалдыққа үйрету бар арманы
Парызымыз адам болу қадірлі.
Фазоллинов Ақылби
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #54 Қали 2015-10-04 05:00 Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық- педогогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Каримулина Райхан Каримовнаны Оқытушылар күнімен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына бақ-береке тілеймін. Қали. Дәйексөз жазу
 
 
0 #53 Бердигалиева Раухан 2015-10-03 02:29 Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған Досалиев Бисенбі, Тәжіғалиев Серікқали,Иманғ алиев Сағынбай, Аймашев Амангелді, Есенов Сәмер сынды аяулы ұстаздарымды бүгінде қимастықпен еске аламын… «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- деп, ұлы Абай айтқандай, ұстаз болу үлкен төзімділік пен шыдамдылықты қажет ететінін түсіндім. Сондықтан да өзімнің бүгінгі еңбек жолымда Ұлағатты ұстаздарымның тәлім-тәрбиесі мен өнегелі өмірін үлгі тұтып келемін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #52 Хайруллина Рысгүл 2015-10-01 18:18 Менің алғашқы ұстазым

Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүректі ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі. Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған ардақты жан.
Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол – алғашқы ұстаз. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызған, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен менің сүйікті алғашқы ұстазым – Ұзақбайқызы Әмина. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашанда ерекше.
Әрбір шәкірттің жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, «күнім» деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор, жан – жақты, қайталанбас дара тұлға.

Казталов ауданы
Қараөзен мектеп – лицейінің
10 – сынып оқушысы
Хайруллина Рысгүл
Дәйексөз жазу
 
 
0 #51 Тілепбергенова Айкөр 2015-10-01 18:18 Ұстазым.

Білімімен сусындатқан ұстазым,
Мен өзіңмен білім нәрін ұштадым.
Қанша маман болса мына әлемде,
Тек бұл сенің жемісің ғой ұстазым.

*************** **********
Мектеп үйім, ұстазым сіз анамсың,
Тура жолға жетелейтін панамсың.
Әліппемен ашылса білім санасы,
Білім бұлақ, шәкірт оның сағасы.

Қаракөл бастауыш жалпы
білім беретін мектебінің
3 сынып оқушысы
Тілепбергенова Айкөркем
Дәйексөз жазу
 
 
0 #50 Асқаров Ерасыл 2015-10-01 18:17 Ұстазым.

Менің ұстазым Балжан апай. Біздің апай өте жақсы ұстаз. Әр ұстаз шәкірті үшін ұялып, шәкіртімен мақтанады. Менің апайым сабағын керемет, көңілді өткізеді. Апайымның әр бір айтқан сөзі, берген білімі, айтқан ақылы мен үшін қымбат. Шәкірті жақсы оқып ылғи бестік алып ұстазын қуанту керек. Мен Балжан апайымды жақсы көремін. Біз апайымызды сыйлаймыз, ренжітпейміз.

Білім теңіз, толқындай соға жағасы,
Жақсы шәкірт тұлпарлардың дарасы.
Балжан апай ұстаздардың данасы,
Шәкірт оған жеміс берер баласы.

Қаракөл бастауыш жалпы
білім беретін мектебінің
3 сынып оқушысы
Асқаров Ерасыл
Дәйексөз жазу
 
 
0 #49 Сұңғат Серік 2015-10-01 18:16 Менің алғашқы Ұстазым.

Менің алғашқы ұстазым Назерке Серікқалиқызы.
Ол мені кішкентай кезімнен әдептілікке,мей ірімділікке үйретті.Мен ұстазымды құрметтеймін.Сабағымды жақсы оқып,ұстазымның үмітін ақтауға тырысамын.Әр адамның екі анасы бар.Менің екінші анам ұстазым болып есептеледі. Өз ұстазымнан көптеген жақсы қасиеттерді үйрендім.Әрқашан ұстазымды мақтан тұтамын.Барлық ұстаздарды келе жатырған «Мұғалімдер күнімен»құттықт аймын.

Сұңғат Серік.
3-сынып оқушысы.
Қайшақұдық бастауыш жалпы білім беретін мектебі.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #48 Борисов Муслим 2015-10-01 18:15 Менің алғашқы Ұстазым.
Ұстаз ұлағатты есім. Лариса Серікқызы мектеп қабырғасында жүрген сүйікті ұстаздардың бірі.Алғаш қолыма қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатып,адам гершілік рухта бағдар берген Лариса Серікқызының еңбегі зор деп білемін.Сондықтан ол кісі мен үшін әрдайым қасиетті болып көрінеді.Лариса Серікқызы өз білімін жетік меңгерген,бар білгенін үйретуден жалықпаған ұлағатты ұстаз.Халқымыздың көрнекті ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин атамыз: «Маған жақсы мұғалім қымбат,өйткені мұғалім мектептің жүрегі»-деген екен.Ия,мұғалім біз үшін қымбат.Себебі,мұғалім екінші анамыз.Маған бар білгенін айтып,үйретуден жалықпаған ұстазыма айтар алғысым шексіз.Ұстазымның үйреткен жақсы қасиеттерін,тәр биесін, білімін үлгі тұтып,өмірде қолданып келемін.Лариса Серікқызын алда келе жатқан «Мұғалімдер күні» мейрамымен құттықтап,денін е саулық,еңбегіне шығармашылық табыстар тілеймін.Әлі де биік асулардан көріне беруіне шын жүректен тілектеспін.
Борисов Муслим.
4-сынып оқушысы .
Қайшақұдық бастауыш жалпы білім беретін мектебі.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #47 Зиенгалиева Толғанай 2015-10-01 18:15 Менің алғашқы ұстазым.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға-деп Абай атамыз жырлағандай ұстаздық- ұлы жол.
Менің де ең алғаш қолыма қалам ұстатып,әріп танытқан,жаңа өмірге жетелеген сүйікті ұстазым бар.Ол Мұқанова Лариса Серікқызы.Мектеп табылдырығын аттаған сәттен бастап-ақ,бүгінгі күнге дейін Лариса Серікқызы менің бойыма білім мен тәрбиені қатар сіңіріп келеді.
Өткізген әр сабағы тартымды,әрі мазмұнды.
Лариса Серікқызы өте мейірімді,адал, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол жан.Бізді де адалдыққа,тәрті птілікке,қайыры мдылыққа жалықпай тәрбиелеп келеді.Мен өскенде Лариса апайдай ұстазымды құрметтеп,әрқаш ан мақтан тұтамын. Осындай сүйікті апайым Лариса Серікқызын алдағы келе жатырған «Мұғалімдер күні» мерекесімен құттықтаймын.Зор денсаулық,отбас ыңызға бақыт,шығармашы лық табыстар тілеймін.Әрқашан биіктерден көріне біліңіз.

Зиенгалиева Толғанай.
2 -сынып оқушысы.
Қайшақұдық бастауыш жалпы білім беретін мектебі.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #46 Қыдыр Нұрдәулет 2015-10-01 18:13 «Менің алғашқы ұстазым»

Ұстаз- деген ұлағатты сөз.Ұстаз біздің екінші анамыз.Менің алғашқы ұстазым-Бибигүл Насиболлақызы.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның-деп өлең сөздеріне жазылғандай Бибигүл апайдың маған әліппе мен қаламды алғаш ұстатып,күлімсі реп оқушы атанғанымызбен құттықтағаны әлі есімде.Біз апайды өте жақсы көреміз,оның айтқанын тыңдаймыз,оны ренжітпеуге тырысамыз.Өйткені апайымыз соған лайықты жан.Ұстазымыз бізге ешқашан дауыс көтеріп сөйлемейді.Ол бізге тек қана білім беріп қоймайды,соныме н бірге тазалыққа,ұқыпт ылыққа,еңбекке, елімізді сүюге,ана тілімізді құрметтеуге үйретеді.Бибигүл Насиболлақызы сынып сағаттарында достық,жолдас,а та-ана туралы көп әңгімелер айтып береді.Түрлі шаралар ұйымдастырып,со ған қатысуымызға мүмкіндік береді.Біз апайымыздың осы үмітін ақтауға тырысамыз.

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Казталовка ауылы
А.Оразбаева ат.ОЖББМ
3 «а» сынып оқушысы
Қыдыр Нұрдәулет
Дәйексөз жазу
 
 
0 #45 Есентаева Алуа 2015-10-01 18:12 «Менің алғашқы ұстазым»

«Ұстаз» деген сөзді алғаш рет мектепте үйрендім. Менің ұстазым өте мейірімді адам.Мен өз ұстазыммен мектеп табалдырығын аттаған кезімде таныстым.Ұстазым маған білім,тәрбие үйретеді.Менің ұстазымның аты Бибигүл Насиболлақызы.Біз оны құрметтейміз,сы йлаймыз.Мен өз ұстазымды жақсы көремін.Маған ұстазым бір көргеннен ұнады.
Ұстаз баланың екінші анасы болып саналады.Ұстаз болмаса,өмірдің мәні жоқ,яғни білімді бізге кім береді?
Мектеп жоқ болса ,ұстаз жоқ болса біз ешқандай білім үйрене алмас едік.Өмірдің қызығы білімнен басталады.Білім болмаса біз не істер едік?Мектептің сәні де,мәні де ұстазда.Әр баланың сүйікті ұстазы болады.
Ұстаз бізге:ең алғаш партаға отырудан бастап,әліппе оқулығын қолымызға ұстатып,әріп тани білуді үйретеді.Сонымен қатар ән айтуды,дүниені танып білуді,ауыз әдебиетімен танысуды үйретеді.Ұстаз –адам баласына тәлім тәрбие беретін парасатты,ақылд ы,даналы және білімді адам.Мен өз мектебімнің ұстаздарынан үйренетін нәрселерім көп деп есептеймін.
Мен өз ұстазым Бибигүл Насиболлақызын алдағы келе жатырған ұстаздар күнімен құттықтай отырып,еңбегіне шығармашылық табыс ,зор денсаулық ,қажымас қайрат,ақ жол тілеймін.

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Казталовка ауылы
А.Оразбаева ат.ОЖББМ
3 «а» сынып оқушысы
Есентаева Алуа
Дәйексөз жазу
 
 
0 #44 Гүлназ Тлешова 2015-10-01 18:11 «Менің алғашқы ұстазым»

«Ұстаздан шәкірт озар» деген даналығы. Ұстаз өз шәкіртіне әр күнін арнап, оның болашағына сенеді. Ұстаз шәкіртке бар білгенін үйретеді. Осының арқасында шәкірті ақылды бола алады.
Ұстаз – өмірдегі ата – анаңнан кейінгі ең жақын адам. Мектеп табалдырығын аттаған соң қолына алғаш қалам ұстатып, оқумен жазуды үйреткен ардақты да, аяулы адам.
Алғаш ұстаз естен мәңгі кетпейді.
Менің алғашқы ұстазым – жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Ардақ Садуақасқызы Жаманкулова. Ол маған ең алғаш қалам ұстатып, оқуды, жазуды үйреткен. Мен үшін алғашқы ұстазымның орны бөлек. Ұстазымның маған сенгені, үміті, қазір де менің озат оқушы екенімнің айғағы.
Ардақ Садуақасқызы бізге әрдайым жылы да мейірімді жүзбен қарап, оқуға деген білімімізді ынтамызды оятып, сонымен бірге ойымызды кеңейтіп, әрнәрсені толығырақ, тереңірек оқуға бізге көмектесетін.
Алғашқы бізге сабақ берген кезден бастап, бізге көп нәрсе үйретті. Ұстазымыз бізге сенім артты. Әрбір ұстаз осыны қалар еді. Бізге сенген әрбір ұстаздың үмітін ақтау, тәрбие білімімізді көрсету біз үшін маңызды.

Гүлназ Тлешова
Казталов ауданы, Әбіш НЖББ мектебінің 8 – сынып оқушысы.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #43 Саматов Райымбек 2015-10-01 18:10 Алғашқы менің ұстазым!

Алғашқы менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс- жазым.
Сауатым ашылды өзіңмен
Қымбатсың маған ұстазым.
Тәрбие алған өзіңнен,
Білімнің мөлдір көзімен.
Құштарым тасыған өмірде,
Ұстазым басталар сөзімнен.
Мектебім заңғар сарайым,
Құс болып күнде самғаймын,
Ұстазым берген біліммен,
Биіктеп көкке талмаймын.
Біліммен бәрін жаратқан,
Жырменен жайнап таң атқан.
Ұстазды сыйлаймын өмірде,
Өмірдің бәрін жаңартқан.
Білімді аламын тереңнен,
Ақынның бәрі тербеген.
Арқасы сол бір ұстаздың,
Тік жүрсем егер жерменен.
Жанашыр болған бәріне,
Жасымен үлкен кәріге.
Оқушы бірге ұстазбен,
Сыныптың кіргізер сәнін де.
Білімді жастан жалғаған,
Надан боп пенде қалмаған.
Өмірлік екінші анадай,
Ұстаздай адам болмаған.
Шөліңді біліммен қандырған,
Алғаш боп сурет салдырған.
Әліппе бастап оқытып,
Білімді шоқтай жандырған.
Ұстазға алғыс бітпеген,
Жолдарын кесіп өтпегем.
Қоштасар кезде ұстазбен,
Жылар деп шәкірт күтпеген.
Ұстазым, әркез қымбатсың,
Білімді таудай жұмбақсың.
Қуанып келсем мектепке,
Мен үшін жарық жұмақсың.

Саматов Райымбек
10-сынып оқушысы
Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі
Дәйексөз жазу
 
 
0 #42 Анна Ғазезова 2015-10-01 18:08 «Менің алғашқы ұстазым»
«Ұстаз» деген – көзі білім нәрінің,
Сол біліммен алары көп бәрінің.
Санамызда өшпестей боп сақтаулы
Бізге берген тәрбие мен тәлімің.
Менің алғашқы ұстазым – жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Ардақ Садуақасқызы. Қолымызға қалам ұстатып, әліппені жаттатқан ұстазыма алғысым шексіз. Бұл ұстаз тек білім беріп қана қоймай шығармашылыққа баулып, өнерге деген қызығушылығымыз ды оятты.
Ұстаз – жаңалыққа жаны құмар, балаға үйретуден жалықпайтын, көп ізденетін еңбекқор жан.
Ардақ Садуақасқызы шәкірттерінің жетістіктерін қуанауда… Менде өскенде ұстаз болғым келеді. «Мектеп – кеме, білім - теңіз» демекші сол білімде теңіздің бетінде қалқыған кеменің ескегі болып, егеменді еліміздің ертең болашағына бағыт – бардар беріп, білім нәрімен сусындатар, өнерімен өрге жүзер ұлағатты ұстаздардың қатарына қосылайық , - тілегімді айтқым келеді.

Анна Ғазезова, Казталов ауданы, Әбіш НЖББ мектебінің 8- сынып оқушысы
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.