Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Бастауыш сынып мұғалімінің сан-қырлы келбеті
29.09.2015 09:00

2015 жылдың 25 қыркүйек күні Өрлеу БАҰО АҚ филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында республикалық Менің алғашқы ұстазым акциясы аясында Жаңашыл педагогтің өзіндік мені атты дөңгелек үстел оздырылды.

Дөңгелек үстелге облыстың бастауыш сынып мұғалімдері және институттың мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің мәртебелі қонағы, қатысушысы-20 жылдан астам ғұмырын бастауыш сынып әдіскері қызметіне арнаған жан, ардагер ұстаз-Жаналиева Сәуле Жәдігерқызы.Кездесуде әр буын өкілдері-ұстаздары арасында қызықты сұхбаттасу,әңгіме өрбіді. Сәуле Жәдігерқызы БҚО бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік жұмыстары,облыс мектептерінде енгізілген реформалар, кездескен қиыншылықтар, бастауыш сынып мұғалімдерінің жетістіктері туралы жан-жақты баяндап берді. Дөңгелек үстел барысында жаңа инновациялық технологиялар, жаңартылған бағдарламалар бағытында жан-жақты айтылды. Мұғалімдер өздерінің  презентацияларын алғашқы ұстазына арнады.

Т.Никифорова       МКДППҚ кафедрасының меңгерушісі.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.