Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңаша білім беруге көшу жағдайындағы тәрбие мәселесі
30.09.2015 15:53

2015 жылдың 30 қыркүйегінде  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы «Оқу үдерісінің тәрбиелік компонентін нығайту бойынша Типтік кешендік жоспарды жүзеге асыру мәселелері» тақырыбындағы республикалық вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты: жаңаша білім беру жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіре отырып, тың идеялар мен озық тәжірибелерге, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету.

Міндеттері:

- Кешенді тәрбие жоспарындағы тәрбиенің басым бағыттары бойынша тәрбие саласында қол жеткізілген жетістіктер мен озық іс-тәжірибелерді насихаттау;

- тәрбиедегі бірізділік пен сабақтастықты қалыптастыру жолдарын қарастыру;

- педагогтерді инновациялық іс-әрекетке, тәрбиенің заманауи технологияларын меңгеруге ынталандыру.

Бүгінгі вебинарға «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдары кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы, деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері, бөлім қызметкерлері, барлық білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері– барлығы 22 адам қатысты.

Вебинар аясында тәрбиедегі патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік даму этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қазіргі еңбек нарығында жастарға кәсіби бағдар беру мәселелері қарастырылды.

Вебинар жұмысында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарынан Касенов Ерлан Сламбекұлы - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша БАИ  Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі, Дуйсебаева Мира Жоламановна -«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша БАИ аға оқытушысы, Сарсекенова Айслу Багитовна - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша БАИ  Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының  аға оқытушысы, Балапанова Жаныл Темировна - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша БАИ  ИТжҒЖ(Г)ҒПОӘ кафедрасының  меңгерушісі тәрбие мәселесі бойынша баяндамалар жасады. Сондай-ақ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Өркен» қосымша білім беру орталығының әдіскері Ж.Т.Есенгалиев, Орал қалалық білім беру бөлімінің  әдіскері М.А.Нурканов, БҚО дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Сагитовалар вебинарда қарастырылған бағыттар бойынша ой қозғап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар жұмыстарының қорытындысында ұсыныстар қабылданды.

Баяндамашыларға қатысушы куәлігі берілді.

Бахтиярова Рысқаным Жолболсыновна,

тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.