Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Керемет күн!
15.10.2015 08:18

Бүгін күндегідей таңмен тұрып сабаққа асықтық, асығудың мақсаты кураторымыз Жеміс Анесқызының «Жарайсың!» деген сөзін есту. Әрине мақтағанды күтетін, маған көңіл аударса екен деп ойлайтын шақта емеспін. Алайда «Ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші сен үшін бар білімін төккен ұстазыңның ризашылығына бөлену бақыты бұйырса екен деп тұрады екенсің.

Бұл тақырыптың «Керемет күн!» деп аталуының ең негізгі себебі біз бұл күні «Өркен» шығармашылық орталығына баруымызда. Күздің қоңыр салқыны, аудиторияға кірсекте үстіміздегі сырт киімізді шешпей отыруға себепші болды. Кенет есіктің артынан күлімсіреген, жүзі жарқын ер адам кіріп келді. Ол бізге дәріс беретін ұстазымыз Айболат Тоғайұлы екен. Жанағы жылына алмай отырған келбетімізді көріп, жымиды да білек сыбана жұмысын бастады. Ұстазымыздың қызықты тренингтері мен қоса жылулыққа толы жүзі аудиториядағы салқындықты қуып жібергендей болды. Сабақ барысы өте қызықты өткені соншалық, қалай уақытымыз шектеліп қалғанын сезбей де  қалдық. Бұл сабақтың ерекшелігі әлі дұрыс танысып үлгермеген курстастарымызбен арамызды ажырамастай достастырып үлгеруі мен  қатар, қандай іс болсада бірге жасағанда ғана жетістікке жетуге болатынын дәлелдеді.

Ол кісінің сол мекеменің басшысы екенін естігенде, ішімнен «Бұндай да басшы болад екен ғой!» деп  қатты таң қалдым.Олай таңырқауымның себебі ол кісінің қандай адаммен болсын тең дәрежеде сөйлесіп, ашық мінезімен адамды баурап алатынында...

Егер барлық адам сол кісідей мейірімді,қарапайым болса жамандық атаулының бәрі бас сауғалап,  жер бетінен көшіп кетер еді деп ойлаймын...


Жіптік курс» бағдарламасы бойынша өткізілген тренингтер


Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру бойынша тренингтер

Жұмағазиев Нұрболат Серікұлы

Сырым ауданы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.