Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курстан алған әсерім
15.10.2015 08:32

«Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2015 жылдың 5-16 қазан аралығында «Қосымша білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару» тақырыбында қосымша білім беру педагогтері және  әдіскерлеріне арналған курсқа  менде келіп білімім мен тәжірибемді жетілдірдім. Бекітілген сабақ кестесіне орай түрлі тақырыптарда курс модульдерінің мазмұнында міндетті деп танылған дәрістер өткізілді.

Курс барысында білімді дамытудың 2011-2020 жж. мемлекеттік бағдарламасы, Президент жарлықтары мен Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, басқа да педагогтер басшылыққа алуы тиіс  заңнамалық құжаттармен таныстырылды.  Жалпы және қосымша білім беру жүйесін дамытудың негізгі аспектілері, Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы (№873, 29.06,2012ж Үкімет қаулысы), оқу үдерісіндегі тәрбие компонентін күшейту бойынша типтік кешенді жоспар, тәрбие саласында басшылыққа алатын негізгі құжаттарды, қосымша білім беру педагогтерінің  кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған тақырыптар қамтылды. Сонымен қатар білім берудің мазмұнын жаңартудың әдіс-тәсілдері, ұжымда қауіпсіз психологиялық орта құру, заманауи технологияларды тәрбие үдерісіне енгізу, оқытудың интербелсенді үлгілерін пайдалану,оқушылар, ата-аналармен жұмыстың әдіс-тәсілдері туралы мәселелер талқыланды.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары.

Оқу-тәрбие үдерісінде интерактивті компьютерлік технологияны қолдану. Prezi және Padlet веб-сервистері. АКТ, шығармашылық ойды дамыту технологиясы, коммуникативтік технология, портфолио – қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің өзіндік бағалауының құралы, білім беру ұйымдарында денсаулық сақтаушы ортаны дамыту, сатылай кешенді оқыту технологиясын  қосымша білім беру үдерісіне енгізу.т.с.с.тақырыптар қамтылды.

«Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады.» деп- Ұлы ағылшын ағартушысы Ульям Уорд айтқандай курска келген күннен бастап алдымыздан жадыраған жүзімен қарсы алған курс жетекшісі Еркегалиева Жемис Анесовна курс жоспарымен таныстырып, тренингтер арқылы ұжым қалыптастырды. Бізге жетекшілік еткен аға оқытушы Жемис Анесовна оқудың мақсатын түсіндіріп, өзінің тәжірибесінен түрлі оқыту әдістерін көрсетіп, алдағы оқу күндерімізге сәттілік тілеп, барлығымызды шабыттандырды. Ұлы ағылшын ағартушысы  Ульям Уордтың өлең жолдарын оқи отырып, бұл кісінің оқыған дәрістерінен, өткізген практикалық жұмыстарынан, қолданған әдіс-тәсілдерінен тыңдаушыларға шабыт, рух, жігер беріп және тәжірибесімен бөліскен досыңдай қабылдайтын тұлғаны көресің.

Курс кезіндегі көшпелі тәжірибелік сабақтар тақырыпқа сәйкес ұйымдастырылды.

Мысалы: «Қосымша білім беру жүйесінде үйірме, секция, клуб жұмыстары арқылы оқушылардың құзырлылығын арттыру технологиясы»  тақырыбында МТЖО базасында ұйымдастырылды. Курс тыңдаушылары қосымша білім беру орталықтары тәрбие қызметінің бағдарламасымен, үйірме, секция, клуб жұмыстарын өткізу технологияларымен, қосымша білім беру педагогтерінің педагогикалық шеберханасымен танысты.

Курс шеңберінде «Қосымша білім беру жүйесінде оқушылардың көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында «Өркен» ҚББО базасында . «Жіптік курс» бағдарламасы бойынша тренингтер ұйымдастырылды.

Практикалық сабақтың мақсаты: тыңдаушылардың топпен жұмыс жасай білуі, топ арасынан көшбасшыны анықтауға мүмкіндік алу; Әрбір жаттығу арқылы қатысушылардың қиындықтардан қандай шешім табатынын, тапқырлығын сынап көру; 100% жалпы нәтижеге жеткенше тапсырманың орындалуын үнемі қадағалау, толық нәтижеге жету; Жаттығу қорытындысында қатысушы ойын кезінде жасаған шешімін қарап, оның жақсы немесе бұрыс жақтарын өлшеу, болашақта дұрыс шешім қабылдауға көмектесу, тиімді әдістерді үйрету; Қатысушының ең маңыздысы – ойын барысында ықыласпен жетістіктерін қолдау болып табылады. Бұл сезім арқылы балаларды  жігерлендіру, алдына қойған мақсаттарға деген сенімін арттыру.  Жіптік курс» өте пайдалы және көңілді тренинг. Қатысушылар меншікті тәжірибелерден үлкен әсер, маңызды сабақ алды.

Шеберлік сыныптың

1-қадам. Педагогикалық тәжірибенің презентациясы

2-қадам. Сабақ жүйесін көрсету:

3-қадам. Ойын-жаттығулар

4-қадам. Модельдеу.

5-қадам. Рефлексия:

Курс шеңберінде «Қосымша білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару» тақырыбындағы дөңгелек үстелде педагогтер өз жұмыстары бойынша іс-тәжірибе бөлісті; курс ресурстық жағынан қамтылды.

Курс аясында дәріс оқыған лекторлардың дәріс беруі тыңдаушылардың көңілінен шықты.

Оқу үдерісінде интерактивті компьютелік технологияны қолдану сабағы бойынша дәріс берген Дандибаев Аскербек Турланович өз білімімен  бөлісіп, көп нәрселер үйретті.

Дәріс берушілердің қатарында өз білімі мен бөліскен Хасанов Ғабит Қайыржанұлының сабағынан пай-пай шіркін деп таңдайымызды қағып шықтық.

Дәл осындай дәріс берген Рысханым Жолболсыновна, Бағдагүл Беккалиевна, Рысханым Сағынбаевна, Зайлаги Валиевич сынды ұстаздардан үйренгеніміз көп болды.

 

Утеуов Саламат Серикович

Ақжайық ауданы Туризм және экология орталығының қосымша білім беру педагогі

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.