Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы
16.10.2015 08:47

2015 жылдың 15 қазан «Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» жоспарына сәйкес «Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»  базасында «Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға қатысқаны- 24 өзін-өзі тану пәні мұғалімдері.Оның ішінде 22-сі аудан (Ақжайық, Бөкей орда, Бөрлі, Жаңақала, Шыңғырлау), 2-еуі қала мұғалімдері.  Конференция барысында бағдарлама бойынша  жоспарланған барлық  баяндамалар оқылып, тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Конференция 2 секцияда ұйымдастырылды. «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің интеграциясы» тақырыбында өзін-өзі тану пәні тренері С.Файзуллина , «Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық- мазмұндық және әдістемелік аспектілері» тақырыбында өзін-өзі тану пәні тренері Ш.Арыстанова баяндама оқып, қатысушыларға әдіс-тәсілдерді қолдану тәсілдерімен тәжірибе алмасты. Конференция қорытындыланып, қатысушыларға «Қатысушы куәлігі» тапсырылды. Конференция жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.