Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
2016 жылға арналған институттың оқу-әдістемелік бағытындағы жұмыстары
08.01.2016 08:45

Жоспар

1. Курстық шаралар.
2. Курсаралық шаралар.
3. Смарт білім беру.

Біліктілікті арттыру институты заңнамалық және қаржылық тұрғыдан қарастырғанда №023 республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша тапсырысты орындаушы ұйым болып табылады.

Тікелей қызметіне байланысты институт әрекеті курстық шаралар деп аталады және 2016 жылы оның 4 түрін жүзеге асыру жоспарланған:

1) қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары;

2) жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары;

3) Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы («НЗМ» ДББҰ ПШО) дайындаған жаңғыртылған деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары;

4) «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты («Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ), дайындаған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру («Өзін-өзі тану» РАББ) бойынша жаңғыртылған деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары;

Біліктілікті арттыру курстарының аталған 4 түрі бойынша толығырақ ақпарат алуымыз үшін соңғы 3 жылдағы және 2016 жылға жобаланған цифрлық мәліметтерді ұсына аламыз.

1) Қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары;

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2756 тыңдаушы

2625 тыңдаушы

1825 тыңдаушы

358 тыңдаушы

 

Алдағы жылда тыңдаушылар саны күрт азайғанын байқауға болады. Дегенмен педагогтердің жалпы саны келесі курс түрімен толығады.

2) Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары 2016 жылы алғаш іске қосылатын жоба болып табылады. Еліміздегі мектептер 12 жылдық оқуға көшу үдерісін білім берудің бастауыш сыныптары деңгейінде жүзеге асыратын педагогтер 6 категория бойынша облысымызда 1724 педагог дайындалады.

Бастауыш сынып мұғалімдері – 504 тыңдаушы, 3 апталық оқу;

Қазақ тілі мұғалімдері – 297 тыңдаушы, 4 апталық оқу;

Орыс тілі мұғалімдері – 291 тыңдаушы, 4 апталық оқу;

Ағылшын тілі мұғалімдері – 96 тыңдаушы, 4 апталық оқу;

Музыка пәні мұғалімдері – 395 тыңдаушы, 1апталық оқу;

Өнер пәні мұғалімдері – 175 тыңдаушы, 1 апталық оқу;

Курстың бұл түрін дәстүрлі қысқамерзімді оқудың жаңартылған түрі деп санауға болады. Сондықтан 358+1758 = 2110 тыңдаушы санына жетіп, 2015 жылдағы 1825 тыңдаушыдан саны жағынан асып түседі. Басты мәселе курс тыңдаушыларының категориялары санына байланысты туындады.

Жылдар

2013

2014

2015

2016

Категория саны

40

42

38

14

 

Институт қабырғасында оқытылатын тыңдаушылар категориялары 3 еседей азайғаны – облыс педагогтеріне біліктілікті арттыру курстарының сертификатын иелену мүмкіндігіне үлкен кедергі болады. Дәлірек айтсақ, жаратылыстану пәні мұғалімдері (математика, физика, информатика, химия, биология, география) және тарих, дінтану пәні мұғалімдері үшін 2016 жылда тегін қысқамерзімді курстар болмайды. Бұл санаттағы педагогтерді жаңартылған білім мазмұнына оқыту 2017 жылы жүзеге асырылады деп күтілуде.

3) Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы («НЗМ» ДББҰ ПШО) дайындаған жаңғыртылған деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары 2016 жылдан бастап «Оқытудың тиімділігі» деп аталады, бұрын: Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы деп аталған болатын.

Жылдар

2012

2013

2014

2015

2016

Тыңдаушылар саны

300

436

338

325

60

Бұрын оқу мерзімі 3 айлық, дәлірек айтқанда 4+4+4=12 апта болса, енді 4+4+1=9 апта болады.

4) «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты («Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ), дайындаған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру («Өзін-өзі тану» РАББ) бойынша жаңғыртылған деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары 2016 жылдан бастап «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқыту» деп аталады, бұрын "Өзін-өзі тану"үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы деп аталған болатын.

2015 жыл

2016 жыл

53 тыңдаушы

50 тыңдаушы

2015 жылы жылдың соңына басталғандықтан қысқартылған түрде 3+4+2=9 апта болса, енді 4+6+2 = 12 апта болады.

Курстық шаралар бойынша толық ақпарат қаңтар айының соңында белгілі болады және zkoipk.kz сайтына жүктеледі.

 

 

Осы күнге дейін институт барша білім беру ұйымдары тәрізді тікелей қызметтеріне қоса көптеген әдістемелік жұмыстарды да атқарып келді. Бұл бағыттағы жұмыстарды курсаралық шаралар деп атайды. Семинар, конференция, дөңгелек үстел, байқаулар тәрізді жұмыс түрлері педагог мәртебесін көтеру, озық тәжірибені облыс, республика көлемінде тарату мақсатына орай ұйымдастырылады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ бас офисі басқарушылары 2016 жылда курсаралық шаралардың санын барынша азайтып, есесіне тікелей қызмет – курстық шаралардың сапасын көтеру міндетін қойды. Соңғы 3 жылдағы және 2016 жыл үшін сандық көрсеткіш төмендегі кестеде берілді.

Жыл

2013

2014

2015

2016

Курсаралық шаралар саны

150

100

50

11

 

Педагогтердің озық іс-тәжірибелерін тарату қызметін институттағы эксперттік Кеңес атқарып келді. 2016 жылдан бастап ҚР «Білім туралы Заңына» 27.11.2015 жылы енген өзгерістерге байланысты бұл қызмет облыстық және аудандық әдістемелік кабинеттердің үлесіне ғана тиесілі болатындығы айқындалды.

 

 

Институттың ғылыми-әдістемелік зерттеу бағыты

«SMART Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері»

«Педагогические и технологические основы повышения квалификации педагогических работников в условиях внедрения процесса SMART Education»

«Pedagogical and technological basics of educators’ professional development in the context of SMART Education implementation»

Институтымыз соңғы 3 жылда смарт білім беру бағытында 3 рет аймақтық, республикалық, халықаралық конференция өткізіп, мол тәжірибе жинақтады. 2016 жылы сәуір айында осы бағытты ұстанып тағы да республикалық конференция өткізу жоспарланды. Облысымыздың барша инновациялық бағытта жұмыстанушы педагогтерін осы конференция жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз.

ХХ ғасырдың аса көрнекті қайраткері, ойшыл, драматург, әдебиет саласындағы жалғыз Нобель сыйлығы иегері, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі негізін қалаушы Джордж Бернард Шоу «Білген кісі өзі жасайды, білмеген кісі өзгені үйретеді» деген қанатты сөз қалдырған. (КТО УМЕЕТ, ТОТ ДЕЛАЕТ; КТО НЕ УМЕЕТ, ТОТ УЧИТ). Қазіргі күнде білім саласының стратег мамандары осы қанатты сөзді талдап, мұғалімдер үшін апатты салдарынан құтылу жолдарын іздестіруде.

Смарт білім беру – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдай. Педагогтерімізді бұл бағытта даярлау соңғы 30 жылдағы компьютерлік сауаттылықты арттыру ісіне қарағанда анағұрлым нәтижелі жүруде. Мектепте 30 жыл бойы айтылып, педагогтерді ынталандырып, үйретіп, міндеттеп келген – компьютерлік сауаттылық, мойындауымыз керек, әлі төмен деңгейде. Ал, соңғы 2-3 жыл көлемінде қоғамда пайда болған, шетелдік әріптестер үндеген фейсбук, ватцап тәрізді әлеуметтік желі бағдарламаларын қолдану – біздің педагогтеріміз үшін аса жеңіл болып шықты. Бұл қуанышты жағдай. Әр жаңалықты бірінші кезекте жеке басына қолдануды меңгерген адам ғана оқушысына мазмұнды білім бере алады. Сондықтан, институт қабырғасында оқылатын барша курстардың вариативті модульдеріне смарт құрылғылардың көмегімен, АКТ құралдары көмегімен жеке әлеуметтік есептерін шешу жолдарын үйретуді жандандырамыз (бұған дейін де электрондық үкімет тақырыбы нәтижелі оқытылып келді). Нәтижесінді педагог уақытын және қаржысын үнемдеуді меңгереді. Ең бастысы, заманауи технологияны жеке әлеуметтік есептерін шешуге қолдануды меңгерген ұстаз, педагогикалық қызметіне де жаңа технологияны толыққанды қолдана білу дәрежесіне көтеріледі.

  • myhalyk.kz
  • kaspi.kz
  • zhsbk.kz
  • egov.kz
  • taxi city программасының Play Маркеттегі бағдарламасы
  • zkoipk.kz

мүмкіндіктерін меңгеру – педагогтерге көп көмегін тигізеді деп санаймыз.

 

Пікірлер 

 
0 #58 Елдос Сафуллин 2017-07-13 08:32 Дәйексөз жазу Дана:
Салеметсіздерме ! Менің де 3 айлық курста оқығым келеді.Озім ОҚО облысынан алайда басқа облысқа барып білімімді жетілдіргім келеді. Оның жолдары бар ма?

Жергілікті облыстық әдістемілік кабинетіне хабарласқаныңыз жөн. Өрлеу желісі бойынша өзге облыс мұғалімін оқыту тәжірибеміз жоқ. Бірақ Педагогикалық шеберлік курстарында өзге облыстарды қамту бағдарламалары болған еді.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #57 Дана 2017-07-12 15:20 3 айлық курс оқу үшін тіркеңізші. Дәйексөз жазу
 
 
0 #56 Дана 2017-07-12 15:18 Салеметсіздерме ! Менің де 3 айлық курста оқығым келеді.Озім ОҚО облысынан алайда басқа облысқа барып білімімді жетілдіргім келеді. Оның жолдары бар ма? Дәйексөз жазу
 
 
+1 #55 Шынар Габдрахмановп 2016-03-15 16:35 Институт жумысы кыска да нуска берилди. Аз уакыт жумсап,коп аппарат алдым. Рахмет. Сиздин малиметтерди колданып жатырмын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #54 Хамзина Дина 2016-02-15 17:35 Хамзина Дина 2016-02-15 17:32 Музыка пәні мұғалімдерінің 29.02-05.03 аралығындағы курсқа облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесінің саз жетекшісін курсқа қалай тіркеуге болады? Дәйексөз жазу
 
 
+1 #53 Хамзина Дина 2016-02-10 13:46 Орал қаласы,облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ақылы курсқа арыз берген еді, группа жиналмадыма екен Дәйексөз жазу
 
 
0 #52 Елдос Сафуллин 2016-01-25 17:01 Дәйексөз жазу Хамзина Дина:
Орал қаласы,облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесінен әлеуметтік педагог, саз жетекшісі, дене жаттықтырушысы, тәрбиеші, психолог, қолөнер үйірме жетекшісі,әдіск ер мамандықтары бойынша курстарға өтініш бергіміз келеді.

Жақсы, біз қадағалауда ұстаймыз. Және ақылы курс жоспарынан ақпарат алуыңызға болады: http://zkoipk.kz/ru/akyly-kurs-2016.html
Дәйексөз жазу
 
 
0 #51 Хамзина Дина 2016-01-25 12:12 Орал қаласы,облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесінен әлеуметтік педагог, саз жетекшісі, дене жаттықтырушысы, тәрбиеші, психолог, қолөнер үйірме жетекшісі,әдіск ер мамандықтары бойынша курстарға өтініш бергіміз келеді. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #50 Самал Жадигеровна 2016-01-19 13:00 А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы Дәйексөз жазу
 
 
0 #49 Тулешева Мадинa 2016-01-15 01:05 Жанибек ауданы Е.Ниеткалиев атындагы ЖББОМ Дәйексөз жазу
 
 
0 #48 Убаева Маруаш 2016-01-15 00:27 Егіндібұлақ ЖОББМ Зеленов ауданы Дәйексөз жазу
 
 
+1 #47 Алтын Кадыргалиева 2016-01-14 22:56 Кадыргалиева Алтын Амангельдиевна ОШ2 г.Аксай Дәйексөз жазу
 
 
0 #46 Елдос Сафуллин 2016-01-14 21:44 Самат, енді сайтқа қорғаныс қоюыңа болады Дәйексөз жазу
 
 
0 #45 Азамат Майемер 2016-01-14 20:33 Зеленов ауданы Белес жалпы орта білім беретін мектеп балабақша КММ Дәйексөз жазу
 
 
0 #44 Галиева Кулаш 2016-01-14 19:17 Акжайык ауданы.Енбекши НЖББМ Дәйексөз жазу
 
 
+1 #43 Гульнара 2016-01-14 18:36 Асанова Гульнара Сангалиевна Зеленовский Дарьинская каз СОЩ Дәйексөз жазу
 
 
0 #42 Бектаева Жазира Жусу 2016-01-14 17:34 Успен мектеп балабакша кешени Дәйексөз жазу
 
 
0 #41 Олжас Тусупкалиев 2016-01-14 17:34 Бокей ордасы ауданы Хан ордасы ауылы Жангир хан атындагы ЖОББМ Дәйексөз жазу
 
 
0 #40 Тасанова.Роза 2016-01-14 17:22 Зеленов ауд.К.Аманжолов атд ЖОББМ Дәйексөз жазу
 
 
0 #39 Асылхан Амангалиев 2016-01-14 17:22 М.Маметова атындагы ЖОББМ
Бокей ордасы ауданы
Дәйексөз жазу
 
 
0 #38 Тимур Кабдыгалиев 2016-01-14 17:20 М.Бегалиева атындагы ЖОББМ
Бокей ордасы ауданы
Дәйексөз жазу
 
 
0 #37 Хиуаз Жумагалиева 2016-01-14 17:19 Т.Масин атындагы ЖОББМ
Бокей ордасы ауданы
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.