Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көптілді білім берудің өзекті мәселелері
01.02.2016 14:10

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» жұмыс жоспарына сай 2016 жылы 29 қаңтар күні институт базасында«Көптілді білім беру жағдайында педагогтердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.

Дөңгелек үстел барысында «Көптілділік социомәдени дамыту мен білім беру жүйесін модернизациялаудағы әлемдік білім тренді ретінде», «Әлемнің тілдік бейнесі», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында көптілді коммуникативтік орта қалыптастыруды ұйымдастыру», «Гимназиядағы сыныптан тыс жұмыстар арқылы көптілді коммуникативтік орта құру», «Математиканы ағылшын тілінде оқытудың әдістемелік негіздері» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Дөңгелек үстел жұмысына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің п.ғ.к., кафедра доценті К.Т.Утегенова қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысында төмендегі ұсыныстар қабылданды:

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «БҚО  ПҚБАИ» оқытушыларына:

  1. Біліктілікті арттыру курстарында педагогтердің көптілді мәдениеті  құзыреттіліктерін арттыру үшін жағдай жасау.
  2. Мектептегі  оқу пәндерін екінші, үшінші тілде оқытудың жаңа технологиялары туралы педагогтерге ақпарат беру.
  3. Қалалық, облыстық деңгейдегі көптілді білім беретін мектептердің  тәжірибелерін тарату.

Жалпы білім беретін мектеп педагогтеріне:

1. Мектептегі театр және түрлі үйірмелер арқылы сыныптан тыс жұмыстарда көптілді орта қалыптастыру.

2. Екінші, үшінші тілдегі элективті курстар жасақтау.

3. Көптілді білім беретін мектептердің және жеке мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін зерделеу.

4. Мектептегі  екінші, үшінші тілді біріктіретін оқу пәндері бойынша кіріктірілген сабақтар өткізу.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Роза Тилигеновна 2016-02-23 10:29 Осы шара жаксы унады. Жумысынызга табыс тилеймин. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.