Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Шетелдік тәжірибедегі біліктілікті арттыру
02.02.2016 13:28

2016 жылдың 29 қаңтары  күні «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ жоспарына сәйкес  институтішілік «Шетелдік тәжірибедегі педагогтің біліктілігін арттыру мәселелері» тақырыбында профессорлық-оқытушылық құрамды шетелдік тәжірибелермен таныстыру мақсатында  семинар өткізілді.

Ұлыбританияның Ньюкасл университетінде «Білім беру саласының басшыларына арналған көшбасшылық дағдыларды кәсіби дамыту» тағылымдамасы жөнінде тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі Р.Ж.Бахтиярова баяндама жасады.

Онда баяндамашы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру, британдық әріптестердің мектеп директорларының көшбасшылық дағдыларын дамыту техникаларын қолдану тәжірибелері мен тиімді команда қалыптастыру бойынша ерекшеліктеріне тоқталды.

ИТжҒЖ(Г)ПОӘ кафедрасының меңгерушісі А.Ж.Абдрахманова «Австрияның кәсіптік білім беру жүйесі» тақырыбында баяндама дайындады. Семинар тыңдаушыларын Австрияның кәсіптік білім берудегі трендтер, еңбек нарығындағы ынтымақтастық және қатынасу, сапа менеджменті, дуалды оқыту жүйесі, білім беру платформаларымен, «Siegfried Marcus Berufsschule» қолөнерлік училищеcінде және «General Motors» фирмасының (Opel компаниясы) базасында ұйымдастырылған тәжірибелік сабақтардың дуалды оқыту жүйесіндегі тиімділігін көрсетудегі бағыттарымен таныстырды.

Ұлыбритания мен Австриядағы тағылымдама нәтижелерінің талдауы Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін әрі қарай дамытудың басымдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді.

 

Пікірлер 

 
0 #2 Дина 2016-02-23 10:29 Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Дина 2016-02-23 10:28 Добрый день!Просмотрел а, интересно бы быть участником такой конференции. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.