Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясындағы тәрбие мәселесі
24.03.2016 03:16

2016 жылдың 24 наурызында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы ««Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру аясындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру аясында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіре отырып, тың идеялар мен озық тәжірибелерге, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету.

Міндеттері:

- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде  тәрбиенің басым бағыттары бойынша тәрбие саласында қол жеткізілген жетістіктер мен озық іс-тәжірибелерді насихаттау;

- жаңартылған білім беру жағдайында тәрбиедегі бірізділік пен сабақтастықты қалыптастыру жолдарын қарастыру;

- педагогтерді инновациялық іс-әрекетке, тәрбиенің заманауи технологияларын меңгеруге ынталандыру.

Онлайн семинарға «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы, бөлім қызметкерлері, БҚО ББ МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мамандары, Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері – барлығы 122 адам қатысты.

Семинар аясында тәрбиедегі патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік даму этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Семинар жұмысында Габбасова Замзагуль Аманжоловна – БҚО ББ МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы, Рахметов Амантай Орынгалиевич – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Умбетова Гульнара Кимовна – Облыстық ЖИТС орталығының педагогі, Темиргалиева Шынар Бактыгереевна – Казталов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, Бахтиярова Рысқаным Жолболсыновна –  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО бойынша БАИ «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі тәрбие мәселесі бойынша баяндамалар жасады. Сондай-ақ Губашева Азима Зиннатқызы – Орал қаласындағы М.Б.Ихсанов атындағы №36 ЖББОМ директоры, Мукашева Эльмира Женисовна және Закарина Рима Амирхановна  – Жаңақала ауданы, № 3 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Литовкина Лилия Владимировна – Орал қаласының № 9 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі, Темирбаева Куралай Хабибуллакызы  – Орал қаласының  №44 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі, Асауп Ахжонас Захаровна – Орал қаласының №2 Ж.Молдағалиев атындағы ЖББОМ тарих пәні мұғалімі, Даулеткалиев Аскар Маулетович – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 ЖББНМ АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы, Бекмухамбетова Римма Сайлаубаевна – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 ЖББОМ дене шынықыру пәні мұғалімі семинарда қарастырылған бағыттар бойынша ой қозғап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар жұмыстарының қорытындысында ұсыныстар қабылданды.

Барлық қатысушыларға қатысушы куәлігі берілді.

Жинақ

Бахтиярова Рысқаным Жолболсыновна,
тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.