Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді
16.05.2016 19:27

Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз».

Н.Назарбаев

Фотогалерея

2016 жылдың 16 мамырында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі Smart-технологиялар: халықаралық тәжірибе және отандық практика» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға арнайы Алматы қаласынан «Өрлеу БАҰО» АҚ Басқарма төрайымы Гульнас Ахметова келді. Конференция жұмысына Германия, Финляндия, Корея, Ресей елдерінің педагог-ғалымдары, ЖОО өкілдері, ТжКБҰ, «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдарының педагог қызметкерлері, өзге облыстардың педагогтері, Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарының мұғалімдері қатысты. Аталмыш шараға 378 қатысушы мақала ұсынды, соның ішінде шетелдік әріптетер – 10, өзге облыс педагогтері – 37, облыс педагогтері – 331. Қатысушылардың жұмыстары 3 бөлімнен тұратын жинаққа топтастырылып, конференцияға дейін интерактивті жинақтар шығарылды.

Конференцияның пленарлық мәжілісі Қазақ драма театрында өткізілді. Конференция «Смарт білім беру» тақырыбындағы көрмені тамашалаумен басталды. Көрмеге 2013-2016 жылдар аралығында өткізілген шаралар хронологиясы бойынша баннерлер, конференциялардың жинақтары, дискілері, әдістемелік материалдар қойылды. Сонымен қатар  конференцияның тақырыбына сай «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдарында түсірілген бейнероликтер жіберілді. Пленарлық мәжілісте филиал директоры Софья Измуханбетова конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, ардагер ұстаз Өтебай Құспанов, облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары  қонақ ретінде шақырылды. Сонымен қатар, өзге филиалдардың директорлары мен педагог қызметкерлері қатысты. Германиядағы вальдорф педагогикасының кураторы Александр Штольценбург өз еліндегі педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі жаңалықтар мен мәселелер туралы ой өрбітті. Смарт білім беру бойынша шетелдік тәжірибемен бөлісу мақсатында Санна Рухалахти (Финляндия), Гоу Суун Kвон (Корей) бейнебаяндамалары көпшіліктің алдына ұсынылды.

Пленарлық мәжілісті филиал директоры «Смарт білім беруді енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру» тақырыбындағы баяндамасымен қорытындылады, одан соң филиалдың барлық қызметкерлері «Ұстаздар ұстаханасы» атты гимн шырқады.

Секциялық отырыстар №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясында өткізілді. «Өрлеу БАҰО» АҚ Басқарма төрайымы Гульнас Ахметова әр секцияның қатысушыларына сәттілік тіледі. Секциялық отырыстар кезінде өзге филиалдардың педагог қызметкерлері онлайн баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, Қазақстандық білім берудің мазмұны, әдістемесі және сапасы, цифрлық білім беру контентін жасақтау және пайдаланудағы халықаралық тәжірибе және отандық практика, смарт техниканы белсенді қолдануға бағытталған білім беру және оқыту әдістемесі, инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, ауыл мектебі жағдайында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануда туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы өзекті мәселелер қозғалып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Қазақстанның әлемдік үдерістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Филиалда болашақта қаржы, уақыт үнемдеу мақсатында біліктілікті арттыруды курстарын оңтайландыру жұмыстары жүгізілуде. Қысқа мерзімді курстарда Blended Learning-ті жүзеге асыру үшін филиалдың әрбір оқытушысы бейнедәрістер түсіріп, тәжірибе жинақтауда.  Blended Learning  немесе аралас оқыту – білім беру концепциясы, яғни тыңдаушы әрі онлайн білім алып, өз бетімен білімін жетілдіреді, әрі тікелей оқытушымен байналыста болып, алған білімін сынақ арқылы тексереді. Аралас оқыту кезінде тыңдаушыға уақытын, білім алу орынын, материалды меңгеру жолдарын, қарқынын қадағалауға мүмкіндік беріледі. Аралас оқыту дәстүрлі әдістерді және инновациялық технологияларды біріктіруге мүмкіндік береді.

Аталмыш конференция қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ жанында облысымыздың педагог қызметкерлеріне арналған «Онлайн курстар» жобасы іске қосылды. Нәтижесінде 4 сағаттық бес онлайн курс түсіріліп, сайтқа орналастырылып, эксперимент ретінде өз қызметкерлеріміз осы курстарға тіркелді. Болашақта осы курстарға кезең-кезеңмен қала және облыс көлемінде мұғалімдерді қамту жоспарлануда. Секциялық отырыстардың соңында конференция қатысушыларына «Онлайн курстар» жобасы туралы мағұлматтар берілді. Болашақта кез келген мұғалім онлайн курстарға тіркеле алады.

Конференцияның басты нәтижелерінің бірі шығарылатын жинақ деп есептесек, осы 4 жылда сандық және көлемдік жағынан өсу бағытында келе жатқанымызды көреміз.

2016 жылдың басты нәтижесі: тек сандық, көлемдік емес, сапа бойынша да өзгерістер бар, яғни интерактивті жинақтың шығарылуы. Мақала авторының конференция қатысушыларымен арнайы интернет бетінде жүргізетін кері байланысы QR код көмегімен барша оқырманға қолжетімді. Конференция жинағындағы мақалаларда көтерілген мәселелер бүгінгі 16 мамыр күнімен шектелмейді, алдағы уақтытта да қалың оқырманға талдауға, пікірталас алаңында өз ойын білдіруге толық мүмкіндік жасалды. Ең бастысы мақала авторы мен оқырманның интерактивті байланысы, алдағы жылдарда да ашық болады, комментарий жазу үшін конференция платформасы үнемі іске қосылып тұрады.

4 жылдың динамикасы бойынша Республикалық институт, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының педагогтері өзгелерден белсенді қатысқанын байқаймыз.

Енді облысымызға келетін болсақ, Ақжайық, Зеленов, Казталов, Теректі аудандарының, облыстық мектептер мен колледждердің педагогтерінің жұмыстары көберірек түскенін көреміз. Сонымен қатар, Орал қаласындағы мектеп мұғалімдерінің белсенділігін ерекше атап көрсетуге болады.

Конференцияда келесі міндеттер шешімін тапты: смарт білім беру бойынша шетелдік және отандық тәжірибе алмасу; оқыту мен білім беруде смарт техникаларды пайдалану бойынша педагогтердің сауаттылығын арттыру. Контент және желілік қауымдастық арқылы кәсіби қарым-қатынасты ұйымдастыру.

Шараның соңында ұсыныстар қабылданды.

Фотогалерея

 

Пікірлер 

 
0 #4 Аскербек 2016-06-16 14:19 Республикалық конференция өте жақсы деңгейде өткізілді. Мақсаты мен нәтижесі сейкестендірілд і. Конференция жұмысында жаңашыл идеяларға қадам жасалып, жалғасып келген жобалар қорытындыланды. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Маншук 2016-06-10 12:02 Большое спасибо за профессионально организованную познавательную конференцию. Все понравилось. Проблемы для обсуждения были актуальны. Конференция оставила очень приятное впечатление - и в плане тематики и в плане организации , что многие ждут объявления о следующей конференции. Спасибо! Дәйексөз жазу
 
 
+2 #2 Махметова Айша 2016-05-18 23:38 Дәйексөз жазу Асем:
Конференция өте жоғары деңгейде өтті, мұндай масштабты шарада бірінші рет қатысып отырмын. Алған әсерлерім мол!
Ұйымдастырушыла рға алғысымды білдіремін!

Рахмет Асем, біздің түпкі мақсатымыз, Сіз секілді жас мұғалімдердің кәсіби қалыптасуына түрткі болып, бағыт беру,әдістемелі к қолдау көрсету. Алдағы уақытта да филиалда ұйымдастырылаты н шараларға қатысуға шақырамыз.
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Асем 2016-05-17 17:55 Конференция өте жоғары деңгейде өтті, мұндай масштабты шарада бірінші рет қатысып отырмын. Алған әсерлерім мол!
Ұйымдастырушыла рға алғысымды білдіремін!
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу