Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

Облыстық ғылыми-тәжірибелік вебинар өткізілді
31.05.2016 12:17

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында  2016 жылдың 31 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сәйкес Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері «Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсіби диалог» тақырыбында деңгейлік курстардан өткен мектеп басшылары мен педагогтерге арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты тәжірибе алмасу мен әдістемелік мәселелерді шешуге жағдай жасап, деңгейлік курстар бойынша сертификатталған педагогтердің озық әдістемелік тәжірибесін тарату.

Вебинар міндеттері:

  • сертификатталған педагогтердің жаңа тұрғылар мен стратегияларды қолдану аясында кәсіби міндеттерді шешуіне қажетті ғылыми-теориялық, әдістемелік көмек көрсету;
  • педагогикалық тәжірибеде мұғалімнің өзіндік даму механизімін жүзеге асыру әрекетінің және жаңа әдістер мен тәсілдерді қолданудың мақсаттарын анықтау;   
  • педагогтердегі кедергілер түрлерін анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын айқындау;
  • тренерлер мен сертификатталған мұғалімдердің озық педагогикалық идеяларын нақтылап, облыс деңгейінде тарату;
  • сертификатталған мұғалімдердің жеке тәжірибесін жетілдіру әрекетінің көшбасшысы ретіндегі кәсіби құзыреттілігін арттыру;
  • кәсіби диалог алаңын құру.

Вебинар жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асты:

1.  Сертификатталған мұғалім: инновациялық тәжірибе және кәсіби дамудың жаңа бағыттары;

2.  Менің тәжирибемдегі өзгерістер;

3.  Оқыту мен оқу мәселелерін зерттеу нәтижесі.

Вебинар тақырыбы аясында өзекті мәселелер мен сұрақтар бойынша қатысушылардың өзара пікір алмасуына бағытталған «Еркін микрофон» жұмысы жасады.

Вебинар жұмысына облысымыздың Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым аудандары мен Орал қаласы білім беру ұйымдарының деңгейлік курстар бойынша сертификатталған педагогтері белсенді қатысты.

Вебинар барысында деңгейлік курстар бойынша сертификатталған мұғалімдердің инновациялық тәжірибесі мен кәсіби дамуының жаңа бағыттары, тәжирибесіндегі өзгерістері және оқыту мен оқу мәселелеріне қатысты зерттеу жұмыстарның нәтижесі қарастырылды.

Вебинар нәтижесі бойынша баяндама оқыған педагогтерге вебинарға Қатысушы куәлігі берілді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, деңгейлік курстар бойынша сертификатталған педагогтерге вебинар ұсынды:

1) Жеке басының кәсіби және шығармашылық бағытта үздіксіз жетілу жолдарын қарастыру.

2) Оқыту үдерісіне сындарлы оқыту тәжірибесін белсенді енгізу.

3) Интернеттің көмегімен zkoipk.kz сайтындағы курстық және курсаралық біліктілікті арттыру шараларына белсенді қатысу арқылы өзінің кәсіби өсуін жолға қою.

Ұйымдастыру комитеті

 

Пікірлер 

 
0 #8 Маншук 2016-06-13 18:42 В свете задачи внедрения ценностей "Мәңгілік Ел" вы активно показали опыт деятельности сертифицированн ых педагогов уровневых курсов по актуальным проблемам и вопросам, связанным с темой вебинара. СПАСИБО!Удачи Вам во всех ваших делах! Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 тренер Хайруллина А.Б. 2016-06-07 11:27 Дәйексөз жазу Акмарал Амановна Жан:
Қарбаласқа толы бір істі аяқтап сәтті аяқтадыңыз. Сіздердей көңілі мейірімді, еңбегі адал, жүрегі жалынды қазақ қыздары көбейе берсін! Еңбегіңіз жемісті, күндеріңіз табысты болғай! Құрметпен: Ақмарал Амановна. 01.06.16.

Акмарал Амановна, институт атынан ризашылық білдіремін
Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 тренер Хайруллина А.Б. 2016-06-07 11:25 Дәйексөз жазу Айгуль:
Саламатсиздарма Мұғалімдердің баяндамасын танысып сиздердин шақыртуларынызб ен қатыстыма? Биздерге куәлик берілмейме? Мен жақсы хабар кутип журсем.

Айгуль, сұрағыңыз орынды. Вебинарда баяндамасын оқыған мұғалімдерге ғана куәлік берілді. Олардың баяндамасы вебинарға келіп түскен жұмыстардың ішінен таңдалып алынды. Іріктеуде баяндаманың практикалық мәнінің басым болуына мән берілді.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Акмарал Амановна Жан 2016-06-01 17:33 Қарбаласқа толы бір істі аяқтап сәтті аяқтадыңыз. Сіздердей көңілі мейірімді, еңбегі адал, жүрегі жалынды қазақ қыздары көбейе берсін! Еңбегіңіз жемісті, күндеріңіз табысты болғай! Құрметпен: Ақмарал Амановна. 01.06.16. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Айгуль 2016-06-01 17:05 Саламатсиздарма Мұғалімдердің баяндамасын танысып сиздердин шақыртуларынызб ен қатыстыма? Биздерге куәлик берілмейме? Мен жақсы хабар кутип журсем. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 тренер Хайруллина А.Б. 2016-06-01 11:23 Дәйексөз жазу Гулмира:
Қатысушы сертиикатты тек барып қатысқандар ғана алама?

Сіздің сұрағыңыз орынды деп есептеймін, рахмет! Вебинар талабына сәйкес қатысушы куәлігі тек баяндамасын оқып таныстырған педагогтерге ғана беріледі.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Гулмира 2016-05-31 18:28 Қатысушы сертиикатты тек барып қатысқандар ғана алама? Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Елдос Сафуллин 2016-05-31 16:16 Әсіресе 3-ұсыныс маңызды деп санаймын. Басқа да оқыту мазмұнынына қатысты тақырыптар қозғалған. Бірақ ол тақырыптарды курс идеясын түсінген мұғалім еркін меңгере алады. Ал, институт сайтымен жұмыстануды әдетке айналдырған педагог жұмысының нәтижелілігін арттырады деп есептейміз. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту