Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

Балалар ауылындағы кездесу
08.06.2016 11:32

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының аясындағы «100 нақты көмек» жобасы біздің жұмыс жоспарымызда да қамтылған. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО бойынша ПҚБАИ ұжымы өз жұмыс жоспарына сәкес 8 маусым күні Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып қайырымдылық шарасын өткізді.

Балалар ауылының 10 коттеджінде 80 шақты балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Сондықтан бұл кездесудің мақсаты: осы балалардың бойына адамгершілік, мейірімділік, өнерпаздық, патриоттық, т.б. сезімдерін дарыту, көңіл күйлерін көтеру. Кездесу мақсатына байланысты «Өрлеу» филиалының директоры бастаған он адам ең әуелі балаларға әсем ән мен нәрлі жырдан, көңілді биден құралған шағын концерт арнады. Алғашқы құттықтау тілегін айтқан соң филиал директоры Фариза Оңғарсынованың туған жер туралы жырын мәнерлеп оқыды. Бұдан әрі институт аға оқытушысы «Алға, қазақ жігіттері» әнімен бір желпіндірсе, бөлім басшылары мен жетекші мамандар Мұқағали жырларын мәнеріне келтіре орындап, балаларды бір кезек ойға шақырды.

Институт бас маманы тебірене орындаған «Қорқыт-қобыз» және кіші қызметкер орындауындағы «Атамекен» әндері балалар бойындағы ел мен жер, тарих туралы ұғымдарды қозғады. Ал, «Үнді биіне» елтіген балалардың көңілдері көтеріліп, жүздеріне күлкі үйірілді.

Концерт соңында сөз алған бас маман, «Жайық ұстазы» газетінің редакторы да балаларға аналық әңгімесін айтып, олардың арасындағы өнерлі шәкірттердің ауылдың алты ауызын айтуына қозғау салды.

Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арнайы әкелген сыйлықтарды табыс еткен соң институт директоры жақсы оқып, бүгін тамаша өнер көрсеткен балаларға ерекше алғыс айтты.

Балалар ауылының директоры, ана-тәрбиешілері, тәрбиеленушілер алғыстарын білдіріп, қимай қоштасты. Біз «келіп тұрамыз, көріскенше!» деп, әлі кездесетінімізді білдірдік.

 

Пікірлер 

 
+1 #7 Айгул Нурланбаева 2016-06-14 11:48 Осы шараға кішкене болсада үлесімді қосқаныма ризамын. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады деп жатады. Барлық бала бақытты болуға лайық. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #6 Зайлаги Жакслыков 2016-06-13 16:22 Коллегам огромное спасибо, за проявленную заботу о детях которым именно этого не хватает-внимания! Пусть дети вырастут достойными гражданами нашей страны! Всем работникам крепкого здоровья и сил в их нелегком труде!! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #5 Менжан Мурзабулатов 2016-06-09 15:02 Спасибо коллегам за тепло подаренное детям! Желаю пед.коллективу Детской деревни успехов в их нелегком, но благородном деле воспитания детей оставшимся без заботы и поддержки своей родной семьи, а детям светлого доброго в настоящем и счастливого будущего! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #4 Гулдана Таскалиева 2016-06-09 10:06 Қайырлы күн!
«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінің директорын, ұжымы мен тәрбиеленуші-балғындарын БҚО ПҚ БАИ атынан өткен мейрамдарымен құттықтап,сыйлы қтарын ұсынып қайқан ұйымдастырушыла рға үлкен алғыс айтамыз!
Бүгінгі күні балаларды қазақ халқының салт-дәстүріне баули отырып, жас өрендердің санасында ұлтжандылық, елжандылық сынды жақсы қасиеттерді қалыптастыру басты мақсат. Осы мақсатқа қол жеткізуде ұжымға талмай еңбектенуді тілеймін!
Балаларға жазғы демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізулерін тілеймін!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Маншук 2016-06-09 09:56 Спасибо организаторам мероприятий за тепло и участие, за то, что поддержали детей, которые преодолевают кризисную ситуацию в "теплой деревне"! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #2 Елдос Сафуллин 2016-06-08 23:53 Ізгі ниетпен атқарылған шара мақсатына жете берсін! Жалғаса берсін! Балалар бақытты болсын! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Махметова Айша 2016-06-08 20:57 Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған игі шара. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың көңіліне аз да болса жылылық сыйлап, отан ға деген патриоттық, бір-біріне деген мейрімділік, достық сезімдерін оятып, балаларға мейрам сыйлады.
"Сəбидің бəрі бақытты болуы үшін жаралған!"
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту