Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

Барлық бала бақытты болса екен!
02.06.2016 10:42

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған қызықты шара болып өтті. «Барлық бала бақытты болса екен!» тақырыбындағы іс-шара балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, сонымен қатар 1950 жылдың 1 маусымынан мейрам ретінде аталынып жүрген бұл күні ұжым қызметкерлерінің балалары мен немерелерін құттықтап, олардың өнерімен танысу мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл күні институт ауласы, ғимарат қасбеті мерекедегідей әсер етіп, қызылды-жасылды жазулармен, шарлармен, гүлдермен, жалаушалармен безендіріліп, таңертеңнен бастап, ерекше көңіл күй сыйлады.

Барлық қызметкерлер, ата-аналар өз балаларын мерекеге сай киіндіріп жетелей келген болатын. Жүргізушілер амандасып алған соң ауладағы асфальтқа сурет салу байқауына шақырды. Балалардың бірі «Асық ату» ұлттық ойынын көрсетті.

Мерекемен құттықтаған институт директоры Измуханбетова Софья Салахиденқызының сөзінен соң балабақша жасындағы Хамидуллина Аяланың орындауындағы «Бала арманы» әні тыңдалды, ал Досжан Дәулет және Хамит Дәулеттей белсенді қос бүлдіршін тақылдата тақпақ оқып берді. Сүйкімді өнерімен тәнті қылған 4-сынып оқушысы Жұмағалиева Дильназ Ескендір Хасанғалиевтың «Келші, келші, балашым» әнін тамылжыта  орындады. Бастауыш сатыда оқитын Камилла болса, мың бұралған үнді биімен, әсем түрімен, керемет би костюмімен көрермен көзайымы болды.

Балаларға ең ұнағаны жүргізуші апайлары ұйымдастырған «Сыйлық» және «Алманы тасу» ойыны болды. Бірінші ойында балалардың шапшаңдығы, ептілігі, бауырмалдығы, ал келесі ойында мұқияттық, дәлдік, ұйымшылдығы сынға түсіп, балалар мәре-сәре қуанып, ойын шарттарын орындады.

Мектеп оқушысы Ерболатова Мөлдір де өнерін ортаға салып, қобызда ойнау шеберлігін күй арқылы жеткізді.

Бүгінде «Қара жорға» биін билемейтін бала жоқ. Музыка ойнай бастасымен ортаға шыққан барлық балалар буындары былқылдап, «Қара жорғаны» флешмоб түрінде биледі. Жүргізушілер шараға қатысқан бүлдіршіндерге алғыстарын білдірді.

 

Пікірлер 

 
0 #4 Маншук 2016-06-09 13:53 В день защиты детей мы радовались успеху наших детей так, как это возможно только в компании близких людей. Рисуют дети на асфальте. В руках мелки, карандаши. Такие мероприятия способствуют улучшению общения наших детей и этот день стал для всех подарком. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #3 Гулдана Таскалиева 2016-06-09 11:03 Сәлеметсіздер ме!
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген шараның маңызы зор. Ата-аналарға балалардың қуанышты жүзін көру бақыт. Бұл күні өз өнерлерін ортаға салған өрендерге денсаулық, оқуда алда болуларын тілеймін!
Дәйексөз жазу
 
 
+2 #2 Елдос Сафуллин 2016-06-08 23:50 Керемет шара болған. Менің балаларым ауылға кететін болып, осы күнге қатыса алмады. Дәйексөз жазу
 
 
+2 #1 Махметова Айша 2016-06-08 20:38 Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Филиал қызметкерлеріні ң кішкентай бүлдіршіндері шарадан үлкен əсер алды, өздерін көпшіліктің алдында еркін ұстап, өнерлерін көрсетті. Өнер көрсеткен балалар алған сыйлықтарын бір-біріне көрсетіп мəре-сəре болды. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту