Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Еңбек сіңірген тренерлер
23.06.2016 12:26

Біз 2016 жылдың 30 мамыр 24 маусым кезеңі аралығында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында білім алдық. Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі Т.П. Никифорова және тренер С.К. Әбитова бағдарламаны жүзеге асыруға кірісетін облыс және қала мұғалімдері үшін  «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу қазақ тілінде жүретін мектептердегі «Орыс тілі» пәні бойынша  курс өткізді.

Тренерлердің шеберлігі курс материалдарын оқытуда көрінді. Олардың оқыту барысында қолданған жаңа әдіс-тәсілдері мұғалімдерді еліктіріп, білім алуға және жетілдіруге деген ұмтылысымызды оятты.

Біздің тренерлеріміз Татьяна Петровна Никифорова және Сән Қуанышқызы Әбитова  курс жұмысы барысында тренингтер, практикалық сабақтар өткізді. Олардың негізгі мақсаты- шығармашылық қабілеті жоғары және бірінші сынып оқушыларымен  ең күрделі міндеттерді шеше білетін мамандарды дайындау болды. Өткізілген курстар бізге өзінің мазмұнымен, жұмыс нысанының жаңашылдығымен ұнап, қуаттанып, пәнге деген жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Тренерлерге оқыту барысында көрсеткен сезімділігі, қайырымдылығы, төзімділігі, жоғары кәсібилігі және психологиялық  жайлылық танытқаны үшін алғысымыз шексіз. Аталған тренерлердің көмегімен, жұмысымыздың сапасында оң нәтижесін беретін, кәсіби деңгейімізді арттырдық.

Курстар, бізге, яғни мұғалімдер үшін, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында педагогикалық шеберлігімізді жетілдіруге көмектесті. Біз өз тәжірибемізде критериалдық бағалау жүйесін, білім берудің  жаңа формаларын, әдістерін, белсенді стратегияларын қолдануды үйреніп, оқу барысында мүғалімнің ролі мен оқушы ролін жаңадан қарастыруға, сонымен қатар, «Орыс тілі» пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, мазмұнымен, реттілігімен, мақсатымен және міндеттерімен танысуға  мүмкіндік берді.

35 және 37 топ тыңдаушылары атынан

Багила Туркпенова,

Гульниса Таженова,

Алтын Султанова.

 

Пікірлер 

 
0 #7 Елдос Сафуллин 2016-07-11 15:26 Татьяна Петровна, Саним Куанышевна еңбектеріңіз әрдайым нәтижелі болсын! Тыңдаушылардың риза болғаны - бағаның ең үлкені! Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Шара Жанаевна 2016-06-30 06:15 Спасибо Татьяне Петровне за ее доброту и понимание. Мы сдали тест, потому что она воспитала в нас уверенность, создавала позитивную атмосферу в группе, т.е. выполняла роль учителя нового формата. Желаю вам здоровья и женского счастья. Вы для меня образец для подражания Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Саним 2016-06-28 15:51 Спасибо за добрые слова! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Гулдана 2016-06-27 10:11 Қайырлы күн!
Әріптестерімді курс жұмысын табысты аяқтауларымен құттықтаймын! Еңбектерінің жемісін көре берсін!
Мұғалімдер алған білімдерін өз тәжірибелерінде сәтті қолданады деген сенімдемін!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Мадина 2016-06-24 16:10 Во-первых,Спасибо большое Саним Куанышевне !!!!!во-вторых.поздравляю всех учителей. которые прошли сегодня это нелегкое тестирование!!! Всем отличного отдыха и процветание в педагогической деятельности!! Я буду скучать ))) Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Маншук 2016-06-23 15:42 Уважаемые коллеги! Вы можете обращаться к своим тренерам столько раз, сколько потребуется, сколько сочтете нужным. Они чувствуют себя гораздо реализованнее, когда становятся свидетелями успехов других. Спасибо нашим тренерам! Действовать и оказывать помощь другим — это основа лидерства. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Динара Жумагалиева 2016-06-23 15:20 Тест сәтті тапсыруларына тілектеспіз!
Желаем удачно сдать тест!
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту