Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Еңбегі сіңген тренер
11.07.2016 00:00

Біз 2016 жылдың 30 мамыры мен  24 маусымы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында білім алдық. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тренеріміз Каримуллина Райхан Кәрімқызы  оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша курс өткізді.

Райхан Кәрімқызының шеберлігі курс материалдарын оқыту барысында көрінді. Оқыту үдерісінде пайдаланған жаңа әдіс-тәсілдері мұғалімдердің оқуға деген қызығушылығын оятты. Курста білімімізді жетілдіру кезінде өзімізге баға беріп, жаңа жол іздеп, жаңаша талқылайтын болдық. Сұрақтарды жүйелі, нақты  қоюға үйрендік.  Жұптық, топтық,  жұмысымыздың дәлелі - табысты істеріміз, ынтымақтаса,   бірлесе жасаған жұмыс өнімдеріміз, қорғаған постерлеріміз т.б. болды. Нәтижелі жұмысқа жетуге себепші болған - курста дәріс берген Райхан Кәрімқызының білімі мен тәлімі. Біздің аз уақыт ішінде алған біліміміз әрбір топ мүшелерінің әрқайсысының көзқарасын өзгерте білді, сондай-ақ әрбір мұғалімде «Білсем, үйренсем, сенімнен шықсам» деген ұмтылыс пайда болды. Топтарға бөлініп, диалогтік бірлескен оқуды ұйымдастырудың арқасында бір-бірімізден білгенімізді үйреніп, тәжірибе алмастық. Белгілі бір ғалым «Егер түсіндірсең, ұмытып қаламын, көрсетсең, бәлкім есімде қалар, ал қатыссам түсінемін» деген екен. Райхан Кәрімқызы әрі түсіндіріп, әрі көрсетіп, әрі өзімізді қатыстырып білімімізді шыңдап, жүрекке жеткізе білді.Сынақтан жақсы көрсеткіш көрсеткендігіміз - Райхан Кәрімқызы берген білімінің нәтижесі.

Тіршілікте сәттіліктер қолдасын,

Жақсылықты жақсылықтар жалғасын.

Тобымызбен мақтанамыз қашанда

Ортамызда Сіздей тренер болғасын.

39-топ тыңдаушылары атынан: Сражанова Заря Ерденбекқызы

 

Пікірлер 

 
0 #4 Налиева Айслу 2016-07-25 12:32 Əріптестерімнің сөздеріне толық қосыламын.Жаңартылған білім беру бағдарламасының болашағы зор деп есептеймін.Осы бағдарламаны бізге жетік түсіндірген тренеріміз Райхан Керімқызына алғысымыз шексіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Налиева Айслу 2016-07-25 12:27 Əріптестерімнің сөздеріне қосыламын.Жаңартылған білім беру бағдарламасының болашағы зор деп есептеймін.Осы бағдарламаны бізге жетік түсіндірген тренеріміз Райхан Керімқызына алғысымыз шексіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Бектұрғанова Алмагүл 2016-07-14 10:44 Жаңартылған білім беру бағдарламасын оқу барысында көптеген жаңалықтарды үйрендік. Болашақта осы бағдарламаның болашағы зор деп ойлаймын. Мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де өте тиімді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы бізге жетік жеткізе білген тренерімізге өте ризамыз.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Айгуль Хайруллина 2016-07-12 09:00 Үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталға н педагог ретінде тыңдаушы Заря Ерденбекқызының пікірінен жаңартылған білім мазмұның терең меңгергенің көруге болады. Бұған негіз болған әріптесім, тренер Райхан Каримовнаның ықпалын ерекше атауға болады деп есептеймін. Еңбегіңізге сәттілік тілеймін! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту